Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы N 786 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 P991053_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесіне:
      6-тармақта:
      үшінші абзац "Ішкі істер министрлігіне" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзац "МӨҚ-ке" деген сөздің алдынан "ай сайын" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақта:
      бесінші абзацта "өрттің қауіпті факторларының" деген сөздер "жанудың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзац "жануы" деген сөзден кейін ", егер олар материалдық құндылықтарды жоюға, бүліндіруге әкеп соқтырмаса және олар тікелей материалдық залал келтірмесе," деген сөздермен толықтырылып, "есеп жүргізуге жатпайды" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса, есеп жүргізуге жатпайды.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады