Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 13 маусым N 818

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің "Сардар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" ашық акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекіту кезінде Қоғам қызметінің негізгі мән-жайы Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бөлімшелерінің энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелері саласындағы шаруашылық қызметін, сондай-ақ жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауды (арнаулы оқыту курсы) жүзеге асыру болып айқындалсын;
      2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) мемлекеттік тіркелгеннен кейін акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне берсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1255 Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-11-жолмен толықтырылсын:
"21-11. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы
        қамтамасыз ету жөніндегі орталығы; ААҚ";
      3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету мен пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 240-жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне 240. "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" ААҚ".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады