Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусым N 851 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1717 Қаулысымен.            

      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің жедел басқару құқығында "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      Ескерту. Тақырыбы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036   қаулысымен.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып мыналар белгіленсін:
      1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында қызметтер көрсету;
      2) ақпаратты қорғау саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      3) осы қаулының қосымшасына сәйкес мамандандырылған баспаханада мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін өте құпия және құпия құжаттар, кітаптар, нұсқаулықтар, брошюралар, бюллетендер, журналдар мен басқа да басылымдар (арнайы баспа өнімдері) және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таралымы шектеулі баспа өнімдерін әзірлеу.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1717 Қаулысымен.
      3-1. Қызмет бабында пайдалану үшін.
      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1717 Қаулысымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036 қаулысымен.

      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1036 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2001 жылғы 22 маусымдағы
№ 851 қаулысына  
қосымша      

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1717 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» республикалық мелекеттік қазыналық кәсіпорнының мамандандырылған баспаханасының баспа өнімдері түрлерінің (өте құпия және құпия (арнайы баспа өнімдерінің) және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таралымы шектеулі баспа өнімдерінің)
ТІЗБЕСІ

      1. Қатты және жұмсақ түптелген (нөмірленген) кітап басылымдары (кітаптар).
      2. Брошюралар (бюллетень) (нөмірленген).
      3. Есептік құжаттамалардың нысандары (журналдар, анықтамалар, есепке алу карточкалары, жүкқұжаттар және басқалар).
      4. Блокноттар, «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар телефон анықтамалықтары (нөмірленген).
      5. Конверттер, «крафт» конверттер, құпия хат-хабарды жөнелтуге арналған логотипі бар конверттер.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланкілер.

      Ескертпе: Мамандандырылған баспахана басқа құпия емес баспа өнімдерін арнайы баспа өнімдерінен бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған тиісті шарттар негізінде дайындауы мүмкін. Мамандандырылған баспаханада құпия құжаттарды есепке алу және құпиялылық режимі Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады