Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 маусым N 874

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекелеген мемлекеттік жоғары

оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан

Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


               Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы


                Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына

                         ерекше мәртебе беру туралы


     Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар, ғылым мен

техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби

орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан

Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы 


Z990389_


  Заңына сәйкес қаулы

етемін:

     1. Мына мемлекеттік жоғары оқу орындарына:

     1) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне;

     2) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;

     3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;

     4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне;

     5) С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;

     6) Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;

     7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;

     8) Қазақ ұлттық музыка академиясына ерекше мәртебе берілсін.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

     1) Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі

ережені бекітсін;

     2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы

N 1059 


K931059_


  қаулысының күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады