Байланыс формасы

Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 маусым N 892

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Мынадай мемлекеттік жоғары оқу орындары (бұдан әрі - жоғары оқу орындары): 
      1) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; 
      2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; 
      3) Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті - Қазақ ұлттық аграрлық университеті; 
      4) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; 
      5) С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университеті - С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті; 
      6) Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы - Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы; 
      7) Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болып қайта аталсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде: 
      1) қайта аталған жоғары оқу орындарының жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28 N 1111 қаулысымен.
      3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "36.  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық
           медициналық университеті".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады