Қазақстан Республикасының бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 шілде N 1000

      "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес және Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар,

 

Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы, Астана қалалары әкiмдерiнiң

ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына есiмдер

берiлсiн.

     2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм ұйымдары қайта аталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                              Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                              2001 жылғы 24 шілдедегі

                                                 N 1000 қаулысына

                                                     1-қосымша


            Көрнектi тарихи тұлғалардың, белгiлi мемлекет және

             қоғам қайраткерлерiнiң, жазушылардың, ұстаздардың

                 есiмдерi берiлген бiлiм беру және мәдениет

                            ұйымдарының тiзбесi


                           Ақтөбе облысы бойынша


     Мәртөк ауданындағы Мәртөк өнер мектебiне - белгiлi күйшi Қамбар

Медетовтiң есiмi;


                           Алматы облысы бойынша


     Панфилов ауданы Сарыбел ауылдық округiндегi Тұрпан орта мектебiне -

Сатай батырдың есiмi;

     Панфилов ауданы Талды ауылдық округiндегi Лесновка орта мектебiне -

халық әртiсi Дәнеш Рақышұлының есiмi;


 
       Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылдық округiндегi N 35 Ынталы орта

 

мектебiне - халық мұғалiмi Стамшал Аманбайұлының есiмi;

     Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округiндегi Жаңақұрылыс орта мектебiне

- Қазақстанның еңбек сiңiрген өнер қайраткерi, кинорежиссер Абдолла

Қарсақбаевтың есiмі;

     Жамбыл ауданы Дегерес ауылдық округiндегi Дегерес орта мектебiне -

ақын Оспанхан Әубәкіровтың есiмi;

     Еңбекшiқазақ ауданындағы Қаракемер орта мектебiне Құдайберген

Орымбетовтың есiмi;


                           Атырау облысы бойынша


     облыстық әмбебап ғылыми кiтапханаға - жазушы Ғабдол Слановтың есiмi;


                          Қарағанды облысы бойынша



 
       Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң Қарағанды заң

 

институтына - әдiлет генерал-майоры, профессор Бәрiмбек Бейсеновтың есiмi;


                          Қостанай облысы бойынша


     Қостанай қаласындағы N 20 орта мектепке - халық жазушысы Мариям

Хәкiмжанованың есiмi;

     Меңдiқара ауданындағы N 3 Боровской орта мектебiне ақын Ғаббас

Жұмабаевтың есiмi;

     Амангелдi ауданы Амангелдi ауылындағы N 4 орта мектепке - халық

әртiсi Әнуәр Боранбаевтың есiмi;

     Әулиекөл ауданындағы Сұлукөл орта мектебiне - Шайсұлтан Шаяхметовтың

есiмі;


                          Павлодар облысы бойынша


     Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округiндегi Ақши орталау мектебiне

- академик Жақан Ержановтың есiмi;

     Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округiндегi Алғабас орта мектебiне -

Социалистiк Еңбек Ерi Мәжен Қабылбековтың есiмi;

     Ақсу кентiндегi N 3 орта мектепке - ғалым-философ, профессор Қатыршат

Шүлембаевтiң есiмi;


                       Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Тарбағатай ауданындағы N 1 Ақсуат орта мектебiне қоғам қайраткерi

Кәрiм Нұрбаевтың есімi;

     Ұлан ауданындағы Саратовка орта мектебiне - жауынгер-интернационалист

Базылбек Ахметовтың есiмі;


                            Алматы қаласы бойынша


     мемлекеттiк концерттiк-гастрольдiк "Қазақконцерт" бiрлестiгiнiң

концерттiк залына - халық әртiсi, композитор Мұқан Төлебаевтың есiмi;

     Түрксiб ауданындағы N 115 орта мектепке - Қазақстанның еңбек сiңiрген

қызметкерi Дүйсен Бабаевтiң есiмi;


                            Астана қаласы бойынша


     Сарыарқа ауданындағы N 2 орта мектепке - ақын Ғафу Қайырбековтың

есiмі;

     Алматы ауданындағы N 16 орта мектепке - ақын Төлеген Айбергеновтың

есiмі;

     Алматы ауданындағы N 33 орта мектепке - Кеңес Одағының Батыры Нүркен

Әбдiровтың есімі;

     Мемлекеттік филармонияның шекті квартетіне - Қазақстанның еңбек

сіңірген өнер қайраткері, композитор Ғазиза Жұбанованың есімі.


                                              Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                              2001 жылғы 24 шілдедегі

                                                 N 1000 қаулысына

                                                     2-қосымша


           Қайта атуға жататын білiм беру ұйымдарының тiзбесi


                         Ақтөбе облысы бойынша


     Ойыл ауданы Ойыл ауылындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектеп -

Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiм Жахия Жүсiбалиев атындағы

орта мектеп;


                         Алматы облысы бойынша


     Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы "Қазақстан ЛКЖО-ның 60-жылдығы"

атындағы орта мектеп - Еңбекшi орта мектебi;

     Еңбекшiқазақ ауданы Есiк қаласындағы Ленин атындағы N 1 орта мектеп -

Сартай батыр атындағы орта мектеп;


                   Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Бәйдiбек ауданы Боралдай ауылдық округiндегi Октябрь орта мектебi -

Домалақ ана атындағы орта мектеп;


 
       Ордабасы ауданы Қарааспан ауылдық округiндегi К. Маркс атындағы орталау мектеп - жазушы Ілияс Есенберлин атындағы орталау мектеп;
      Түркiстан қаласы Шорнақ ауылдық округiндегi Фрунзе атындағы орта

 

мектеп - ғалым-лингвист, профессор Тұрсынхан Айтжанов атындағы орта мектеп;

     Сайрам ауданы Қызылқыстау ауылдық округiндегi Коммунизм орталау

мектебi - Қарасай батыр атындағы орталау мектеп;

     Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіндегi Чапаев атындағы орта мектеп

- Ақбай орта мектебi;

     Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округiндегi "Молодая гвардия" атындағы

орта мектеп - Сырым Датұлы атындағы орта мектеп;

     Сайрам ауданы Манкент ауылдық округiндегi Фаткуллаев атындағы орталау

мектеп - мемлекет қайраткерi Шараф Рашидов атындағы орталау мектеп;

     Сайрам ауданы Қызылқыстақ ауылдық округiндегi "Ленинизм" атындағы

N 63 өзбек орта мектебi - Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп;


                          Павлодар облысы бойынша


     Павлодар ауданы Романовка ауылындағы Романовка орта мектебi - Маралды

орта мектебi;

     Ақсу қаласындағы Путь Ильича орта мектебi - Еңбек орта мектебi;

     Ақсу қаласындағы Дружба орта мектебi - Достық орта мектебi;

     Ақсу қаласындағы В. Куйбышев атындағы орта мектеп - Ақжол орта

мектебi;


                        Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiндегi М.И.Калинин атындағы

орта мектеп - Сасан би атындағы орта мектеп.



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады