Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 474 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2001 жылғы 26 шілдедегі        
N 1011 қаулысымен         
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесі 

       Ескерту. Мәтiндегі "конкурстың жұмыс органының", "конкурстың жұмыс органы" және "конкурстың жұмыс органын" деген сөздер "жұмыс органының", "жұмыс органы" және "жұмыс органын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.13. N 953  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргізу үшін тәуелсiз аудиторды таңдау тәртiбiн анықтайды.

  2. Конкурстық комиссияның қызметiн ұйымдастыру тәртiбi

      2. Тәуелсiз аудиторды таңдау Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзу туралы шарттың оңтайлы ережелерiн анықтауға бағытталған конкурсты (бұдан әрi - конкурс) өткiзу жолымен жүзеге асырылады. 

      3. Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тәуелсiз сыртқы аудиторын анықтау үшiн жыл сайынғы аудиттiң нәтижелерiн бере отырып әрбiр екi жыл сайын өткiзiледi.  <*>
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.07.16.  N 699 қаулысымен .       

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) басқару жөнiндегі кеңес мүшелерiнiң ұсынысы бойынша конкурсты өткiзу үшiн құрамында 9 адамы бар конкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссияның құрамы өзiне төрағаны, төрағаның орынбасарын, сондай-ақ комиссияның мүшелерiн қамтиды және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен бекiтiледi. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнде мыналар көрсетілуі тиіс: 
      1) конкурстық комиссияның құрамы; 
      2) конкурс өткiзу және оның нәтижелерi бойынша конкурстың жеңiмпазын анықтау туралы тапсырма; 
      3) конкурсты өткiзу мерзiмдерi және басқа да шарттар.
      Жұмыс органы тиісті жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде осы тармақтың шарттарына сәйкес конкурс комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi. <*>
       Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.13. N 953  қаулысымен .

        5. Конкурстық комиссияның құрамына Қорды басқару жөніндегi кеңестiң мүшелерi енуi мүмкiн. 
      Конкурсты өткізу жөніндегі барлық ұйымдастыру іс-шаралары конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылатын (бұдан әрi - жұмыс органы) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктеледі. 

      6. Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiн басқарады, комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды. 

      7. Конкурсты өткiзу процесiнде құжаттарды дайындау, ресiмдеу, келiсу және оларға қол қою жөнiндегі бүкiл жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қызметкерi болып табылатын конкурстық комиссияның хатшысына жүктеледi. Конкурстық комиссия хатшысының конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. 
      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысушыларға конкурстық құжаттаманы ұсынады, конкурсқа қатысушыларды тiркеу журналын жүргiзедi, конкурсқа қатысушылардан конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi қабылдайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыс өткеннен кейiн оның хаттамаларын ресімдейді. 

      8. Хаттамада өткізілген отырыс жөніндегі конкурстық комиссия мүшелерiнiң ескертулерiн, ұсыныстарын және пiкiрлерiн қоса алғанда, барлық мәлiметтер тiркеледi. Хаттамаға төраға, орынбасар, сондай-ақ конкурстық комиссияның қатысушы мүшелерi қол қоюы тиiс. 

      9. Жұмыс органы Қазақстан Республикасының Yкiметi конкурс өткiзу туралы шешiмi қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес республикалық мерзiмдi баспа басылымында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жариялайды. 

      10. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi: 
      1) жұмыс органының атауы мен орналасқан жерiн; 
      2) Қордың сыртқы аудитiн өткiзудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн; 
      3) конкурстық құжаттаманы алудың орны мен тәсiлдерiн; 
      4) конкурсты өткiзудiң орны мен уақытын, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң орны мен мерзiмiн; 
      5) конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын; 
      6) орындауға жататын кез келген iлеспе қызметтердi; 
      7) мемлекеттiк тілдегi және орыс тіліндегі конкурстық құжаттаманы; 
      8) кепiлдi жарнаның негiзгi шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай кепiлдi жарнаның әрекет ету мерзімін; 
      9) шарттың атқарылуын қамтамасыз етудiң негiзгi шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ егер шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi енгiзу көзделетiн болса, осындай қамтамасыз етудің әрекетін енгізудің мерзімін; 
      10) конкурстық өтінімдердің күші болатын мерзімді; 
      11) конкурстық өтінімдерді ашудың орнын, күнін және уақытын дәл көрсетуді; 
      12) ұсыныстарды қабылдауға уәкiлеттiк берілген лауазымды тұлғалардың тегін, телефондарын, комнаталарының нөмірлерін, орналасқан жерлерін, сондай-ақ конкурс өткізу және оларға байланысты құжаттар мен материалдарды ресімдеу жөнінде түсіндірулер берудi; 
      13) басқа да қажеттi ақпаратты қамтуы тиiс. 
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.13.   N 1443 қаулысымен.

      11. Ұсыныстарды берудiң соңғы мерзiмi конкурсты өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен бұрын емес белгіленуi тиiс. Көрсетілген уақыттан кейiн берiлген ұсыныстар жарамсыз болып саналады және конкурстық комиссия қарауға қабылдамайды. 

      12. Конкурстық комиссияның отырыстары, егер дауыс беруге конкурстық комиссия құрамынан мүшелердiң үштен екiсi қатысқан болса, заңды болып саналады. Дауыс беру кезiнде дауыстардың санын тең бөлген жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып саналады.

  3. Конкурстық комиссияның өкiлеттiктерi 

      13. Конкурстық комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 

      14. Конкурстық комиссия:
      1) конкурсты өткiзу тәртiбiн, конкурстық өтiнiмдердi қабылдау және конкурсты өткiзу мерзiмiн (уақытын) анықтауға; 
      2) осы Ереженiң талаптарына сәйкес тиiстi материалдар мен құжаттарды бере отырып, конкурсты өткiзу жөнiндегi шарттар мен талаптарды конкурсқа қатысушыларға жеткiзуге; 
      3) конкурстық комиссияға өтiнiш жасаған конкурсқа қатысушыларға осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық кесiмдерiмен белгіленген талаптарға қатысты түсiндiрулердi белгiленген тәртiппен ұсынуға; 
      4) конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды жан-жақты және объективтi қарауға; 
      5) конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерiн тiркеуге; 
      6) конкурсты ұйымдастыруға және өткiзуге; 
      7) конкурсқа қатысушыларға, конкурсты ұйымдастырушыға және Қазақстан Республикасының Yкiметiне конкурстың нәтижелерi туралы хабарлауға мiндеттi. 

      15. Конкурстық комиссия өзінің қызметінде құпиялылықты сақтауға және Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалатын қаражатын барынша үнемдеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мүдделерін басшылыққа алуға міндетті. 

      16. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардан түскен мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды нақтылауға құқылы. 

      17. Конкурсқа қатысушыға сұрау салулар жазбаша түрде берiледi, бұл ретте конкурсқа қатысушы конкурстық комиссияның сұрау салуына сұрау салуда көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша жауаптар жiбередi. 

      18. Конкурстың ұйымдастырылуына және жүргiзiлуiне жауаптылық оны өткiзудiң бүкiл кезеңiнде конкурстық комиссияға жүктеледi.

  4. Конкурсқа қатысушылар

      19. Конкурсқа қатысуға аудиттi жүргiзуге арналған лицензиясы бар және қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету саласында кемiнде 5 жыл жұмыс тәжiрибесi бар тұлғалар жiберiледi.

      20. Конкурсқа қатысушылар конкурсты өткiзу кезеңiнде конкурстық комиссияның шешiмiне ықпал етуi мүмкiн iс-қимылдар жасауға құқығы жоқ. Конкурсқа қатысушыларға конкурстың басқа қатысушыларының беделiн түсiретiн ақпаратты конкурстық комиссияға тiкелей немесе жанама беруге тыйым салынады. 

      21. Конкурсқа қатысушылар: 
      1) осы Ережеде, нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген талаптарға қатысты түсiндiрулердi алу үшiн жазбаша нысанда, бiрақ конкурстық комиссияның қарауына конкурстық өтiнiмдердi беру мерзiмi бiткенге дейiн 10 (он) күннен кешiктiрмей конкурстық комиссияға өтiнiш жасауға. Бұл ретте, қосымша ақпаратты алуға арналған уақыт конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды беруге белгiленген жалпы мерзiмдi өзгертпейдi. 
      Конкурстық комиссия үш күн мерзімде конкурсқа қатысушының сұрау салуына жауап береді және конкурстық құжаттама ұсынылған конкурстың барлық қатысушысына осындай түсіндіруді жібереді; 
      2) конкурстық өтiнiмдердi берудің соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзiнiң ұсынысын қайтарып алуға құқылы. 
       Ескерту. 21-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.13. N 1443   қаулысымен .

  5. Конкурстық өтiнiмдердi беру тәртiбi, олардың мазмұны. Конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз ету

      22. Конкурсқа қатысушы өзiнiң конкурстық өтiнiмiн дайындауға және беруге байланысты барлық шығыстарды көтередi. Жұмыс органы конкурсты өткiзудiң сипатына немесе нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстар бойынша мiндеттемелер алмайды. 

      23. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмiне дейiн конкурстық құжаттамаға сәйкес дайындалған конкурстық өтiнiмді желiмделген конвертте ұсынады. 
      Жұмыс органы алған конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн ашылмайды және оны ұсынған конкурстың қатысушысына қайтарылады. 

      24. Жұмыс органы конкурстық өтінiмдерi бар конверттердi алған кезде тiркеу журналында конкурстық өтiнiмдi алған уақыты мен күнi туралы жазба жүргiзедi. 

      25. Конкурсқа қатысушылар дайындаған және ұсынатын конкурстық өтінім құжаттардың мынадай тізбесін: 
      1) конкурсқа қатысушының конкурстық комиссия төрағасының атына конкурсқа қатысу туралы өтiнiшiн; 
      2) техникалық ұсынысты; 
      3) қаржылық ұсынысты; 
      4) нотариалды куәландырылған аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның көшірмесін; 
      5) конкурсқа қатысушының салықтарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауы туралы тиiстi салық органының анықтамасын; 
      6) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді; 
      7) кепiлдi жарнаның енгiзiлгенiн растайтын құжаттар; 
      8) конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсыну үшiн қажеттi басқа да құжаттарды қамтуы тиiс. 
      Осы тармақтың 5) тармақшасы бойынша анықтама конкурс туралы хабарландыру күнiнің алдындағы соңғы ай үшiн ұсынылады. 

      26. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамада көрсетілген тiлде жасалуы және ұсынылуы тиiс. 

      27. Конкурсқа қатысушы "Конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасын" және "Конкурстық өтiнiмнiң көшiрмесi" көрсетiле отырып, конкурстық құжаттамада көрсетiлген конкурстық өтiнiм көшiрмелерiнiң санын дайындауы тиiс. Олардың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, түпнұсқаның басымдығы болады. 

      28. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн тиiсiнше "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгi қоя отырып, әр түрлi конверттерге желiмдеуi тиiс. Бұл ретте қаржылық ұсыныс жалғыз данада жасалады және жеке конвертке желiмделедi. Бұл конверттерде конкурсқа қатысушының атауы, мекен-жайы және конверттің мазмұны көрсетілуі тиіс (конкурстық өтінімді ашпастан қайтару мақсатында). Осыдан кейін конверттер сыртқы конвертке желiмделедi. 

      29. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысы мынадай ақпаратты: 
      1) Қазақстан Республикасындағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi, басқа мемлекеттердегi банктерге және өзге де қаржы ұйымдарына аудиторлық қызметтер көрсетудегi жұмыс тәжiрибесiн; 
      2) Қордың сыртқы аудитiн (бұдан әрi - аудит) жүргiзу процесi бойынша қысқаша түйiндеменi және жұмыс жоспарын; 
      3) аудит жүргiзу жөнiнде ұсынылатын қызметтердiң тiзбесiн; 
      4) маманның бiлiктілiгiне құжаттамалық растаманы; 
      5) құпиялылықты сақтау мiндеттемесін қамтуы тиiс. 
      Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысы конкурсқа қатысушы осы Ережеге сәйкес ұсынатын не конкурстық комиссия сұратқан өзге де ақпаратты қамтуы мүмкін. 

      30. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысы әрбір жылға аудит жүргізу жөніндегі қызметтердің жалпы құнын, оның ішінде кәсіби қызметтерді көрсеткені үшін сыйақы мөлшерін, үстеме шығыстардың болжамды сомасын және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң сомасын қамтуы тиіс.  <*>
      Ескерту. 30-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.07.16.   N 699 қаулысымен .
             Қаржылық ұсыныстың жалпы құны, аудиттi жүргiзу жөнiнде қызметтер көрсеткенi үшiн сыйақы сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетiлуi тиiс. 

      31. Конкурсқа қатысушы кепiлдi жарнаны енгізуге мiндеттi. 

      32. Кепiлдi жарнаның мөлшерiн конкурстық комиссия белгілейді және ақша кепiлдiгi түрiнде ұсынылады. 
      Кепiлдi жарна конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген жұмыс органының есебiне аударылады. 
       Ескерту. 32-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.13. N 1443   қаулысымен .

      33. Жұмыс органы конкурсқа қатысушыға: 
      1) конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi бiткен; 
      2) Қордың аудитiн жүргiзу туралы шарт күшіне енген; 
      3) конкурстың жеңiмпазын анықтамастан конкурсты өткiзу жөнiндегі рәсiмдер тоқтатылған; 
      4) конкурстық өтiнiмдердi берудің соңғы мерзiмi бiткенге дейiн конкурстық өтiнiмдi қайтарып алған; 
      5) конкурстың жеңiмпазы етiп конкурстың басқа қатысушысы анықталған жағдайларда енгiзiлген кепiлдi жарнаны қайтарады. 
      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында айтылған жағдайларда, кепiлдi жарнаны қайтару осы жағдайлар басталған сәттен бастап он жұмыс күнi ішiнде жүргiзiледi. 
      Осы тармақтың 5) тармақшасында айтылған жағдайда, кепiлдi жарнаны қайтару осы жағдай басталған сәттен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi. 

      34. Жұмыс органы конкурсқа қатысушыға, егер конкурсқа қатысушы: 
      конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi қайтарып алса немесе өзгертсе; 
      конкурстың жеңiмпазы ретiнде анықтала отырып, белгiленген мерзiмдерде Қордың аудитiн жүргiзу туралы шартқа қол қоймаса; 
      егер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және ережелерде осындай қамтамасыз етудi енгiзу талап етiлмесе, оған қол қойылғаннан кейiн аудиттi жүргiзу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе ол енгiзген кепiлдi жарнаны қайтармайды.

  6. Конкурсты өткiзу тәртiбi

      35. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақытта және орында конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашады. Конкурстық өтiнiмдi ұсынған конкурсқа қатысушы немесе оның уәкiлетті өкiлі конкурстық өтiнiмдерi бар конверттерді ашу кезiнде қатысуға құқылы. Конкурстық өтiнімдері бар конверттерді ашу кезінде конкурстық комиссия қатысушы тұлғаларға конкурсқа қатысушының атауын және орналасқан жерін, егер ол орын алған болса, конкурстық өтінімдерді қайтарып алуды және олардың өзгерістерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасын жасайды. 
      Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының көшiрмесi конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу кезiнде қатыспаған конкурсқа қатысушыға оның сұрау салуы бойынша жiберiледi. 

      36. Конкурстық өтінiмдердi қарау рәсiмi өзiне оларды алдын ала зерделеудi және осы Ереженiң талаптарында көзделген құжаттар мен материалдардың болуын тексерудi қамтиды. 
      Толық емес және/немесе жалған ақпаратты беру немесе осы Ереженiң талаптарына сай келмейтiн конкурстық өтінімдерді ұсыну конкурстық комиссияның осы конкурстық өтінімді кейiнге қалдыруына негiз болады. 

      37. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 (үш) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурсты өткiзу шарттарын өзгертуге құқылы, бұл туралы барлық конкурсқа қатысушылар кешiктiрiлмей хабарланатын болады. Бұл ретте құжаттарды конкурстық комиссияға беру және конкурсты өткізу мерзiмi 10 (он) күнтiзбелiк күнге ұзартылады. 

      38. Конкурс конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi бiткен күннен бастап, жалпы ұзақтығы отыз (30) күнтiзбелiк күннен аспайтын екi кезеңде өткiзіледi. 
      Бiрiншi кезеңде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын қарайды. Бiрiншi кезеңнiң нәтижелерi оларды конкурстық комиссия хабарлағаннан кейiн 3 (үш) күнтiзбелiк күн iшiнде жазбаша нысанда конкурсқа қатысушыларға жiберiледi. 
      Екінші кезеңде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың қаржылық ұсыныстарын қарайды. Екiншi кезең аяқталғаннан кейiн комиссия конкурстың жеңiмпазын анықтайды. 

      39. Конкурс мынадай жағдайда: 
      1) егер оған екiден кем конкурсқа қатысушы қатысқан болса; 
      2) егер конкурсқа қатысушылардың ұсыныстары конкурстың шарттарын қанағаттандырмайды деп танылса, конкурс өткiзiлмеген болып танылады. <*>
      Бұл жағдайда конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қоятын хаттама ресiмделедi.
       Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.13. N 953  қаулысымен .

         39-1. Конкурс өткiзiлмеген болып танылған жағдайда, комиссияның шешiмi бойынша қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланады. Ұсыныстарды берудің түпкiлiктi мерзiмi қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 (он төрт) күнтiзбелiк күннен бұрын емес белгіленуi тиiс.<*>
       Ескерту. 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.13. N 953  қаулысымен .

      39-2. Қайталама конкурс өткiзiлмеген болып танылған кезде, конкурстық комиссияның шешiмi бойынша Ұлттық қордың сыртқы аудитiн жүргізу үшiн ол туралы тиiстi хаттама жасалуы тиiс аудитор немесе аудиторлық ұйым анықталады.
       Ескерту. 39-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.13. N 953  қаулысымен .

         40. Техникалық ұсыныстары бар конверттер ашылғаннан кейін әрбiр конкурстық өтiнім бойынша мынадай ақпарат жарияланады және хаттамаланады: 
      1) конкурсқа қатысушы; 
      2) конкурстық өтінімнің жиынтықтылығы және оның осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігі. 

      41. Қаржылық ұсыныстары бар конверттерді ашқаннан кейін комиссия оларға тіркеу нөмірін беруді (тіркеу күнін көрсете отырып) жүзеге асырады. 

      42. Конверттерді ашу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасында конкурстық өтінімдерді ұсынған барлық конкурсқа қатысушылардың тiзбесi, сондай-ақ өзге мәлiметтер тiркеледi және қабылдау немесе кейiнге қалдыру себептерiн көрсете отырып, конкурстық өтiнiмдердi қабылдау немесе кейiнге қалдыру туралы конкурстық комиссияның шешiмi туралы тиiстi жазбалар жүргiзiледi. 
      Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасына конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. 

      43. Конкурс аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтiнiмдерi қайтарылуға жатпайды және Қорды басқару жөнiндегi кеңесте сақтауға қалдырылады.

  7. Конкурс жеңiмпазын анықтау тәртiбi

      44. Конкурс жеңімпазын анықтау үшін конкурстық комиссия техникалық ұсыныстың сапасы мен қаржылық ұсыныс құнының ара қатынасын анықтайтын коэффициенттердi, сондай-ақ Қордың аудитiн жүргiзу жөнiндегi қызметтердi ұсынудың ең аз бағасын белгiлейдi. Көрсетiлген коэффициенттердiң сомасы бiрлiкке тең. 

      45. Техникалық ұсыныстардың сапасын және қаржылық ұсыныстың құнын анықтайтын коэффициенттер техникалық ұсыныстың басымдылығын негiзге ала отырып, белгiленедi. 

      46. Техникалық және қаржылық ұсыныстары ең жоғары қорытынды баллмен бағаланатын конкурсқа қатысушы конкурстың жеңiмпазы болып саналады. 

      47. Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады: 
      1) мыналарды қамтитын: 
      Қазақстандағы, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi және басқа мемлекеттердегi банктерге және басқа қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн; 
      аудиттi жүргiзу процесi жөнiндегi қысқаша түйiндеменi; 
      Қордың алдағы бухгалтерлiк есептi талдау (бухгалтерлiк есептiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына және бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкестiгiн бағалауды қоса алғанда), Қордың ішкi бақылау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн талдау (Қор тәуекелдерiн талдауды қоса алғанда), Қордың қызметкерлерiне ақпараттық аудит бойынша қызметтер көрсету және консультациялық қызметтердi көрсету туралы аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзiмiн көрсете отырып, толық жұмыс жоспарын қамтитын техникалық сапа; 
      2) маманның бiлiктілiгi және мыналарды: арнайы бiлiмiн, аудит саласындағы жұмыс тәжiрибесін, басқа мемлекеттердiң ұқсас қорларының аудитін жүргiзудегі iс жүзiндегi тәжiрибесiн қамтитын оның іс жүзiндегi тәжiрибесi. 

      48. Конкурсқа қатысушының белгіленген өлшемдер бойынша техникалық ұсынысын бағалау 2-қосымшаға сәйкес әрбiр өлшем бойынша 1-ден бастап 100-ге дейінгі балл шкаласы бойынша конкурстық комиссияның мүшелері жүргізеді. 
      Техникалық ұсыныстарды қарағаннан және бағалағаннан кейін конкурстық комиссияның мүшесі 3-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалаудың формулярын толтырады.

      49. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының орташа баллы екi өлшем бойынша (техникалық сапа және мамандардың бiлiктiлiгi, олардың iс-жүзiндегi тәжiрибесi) баллдардың жалпы санын бiлдiретiн конкурстық комиссияның барлық мүшелерi бағасының орташа арифметикалық мәнi ретiнде анықталады.

      50. Техникалық ұсыныстың қорытынды баллы техникалық ұсыныстың орташа баллының 4-қосымшада көрсетілген формулаға сәйкес екi өлшем бойынша (200 балл) баллдың ең жоғары санына ара қатынасымен анықталады.

      51. Конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуi тең балл жинаған кезде, конкурс жеңімпазы конкурстық комиссия мүшелерiнiң қарапайым дауыс беруiмен анықталады.

      52. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау конкурстық комиссия белгілеген аудиттi жүргiзу жөнiндегi қызметтiң ең жоғары құнының конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысының құнына ара қатынасымен анықталады.

      53. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы мынадай ақпаратты:
      1) сатып алынатын қызметтердің қысқаша сипаттамасын;
      2) конкурс жеңiмпазы туралы деректердi, ол жеңiмпаз болып танылған шарттарды;
      3) өзiнiң конкурстық өтiнiмдерiн ұсынған басқа конкурсқа қатысушылардың бiлiктiлiгi туралы ақпаратты;
      4) басқа қатысушылардың конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасын және қысқаша баяндалуын;
      5) баға өлшемдерiнiң қысқаша баяндалуын және конкурстық өтiнiмдердi салыстыруды;
      6) егер конкурс қорытындысында жеңiмпаз анықталмаса, тиiстi себептердi көрсетудi;
      7) конкурстық құжаттамаларды түсіндіру туралы сұрау салуларды, оларға жауаптарды қорытынды баяндауды, сондай-ақ конкурстық құжаттамаларға өзгерiстер мен толықтыруларды қорытынды баяндауды;
      8) өзге мәліметтерді қамтиды.

      54. Конкурс конкурстың жеңiмпазы анықталғаны туралы комиссия шешiм қабылдағаннан кейін өткiзiлген болып саналады, ол туралы тиiстi хаттама жасалуы тиiс.
      Конкурс жеңімпазы тиісті жылдың бірінші қыркүйегіне дейін анықталады. <*>
       Ескерту. 54-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.13. N 953  қаулысымен .

      55. Конкурстық комиссияның шешімі ол қабылданған күннен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмеЙ конкурсқа қатысушыларға жеткiзiледі.

      56. Конкурстың жеңімпазы оның конкурстық өтінімінің жеңімпаз деп танылғаны туралы хабарлама алған сәтінен бастап 10 күн iшiнде Қордың аудитін жүргiзуге арналған шартқа қол қоюға немесе алауыздықтар немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы жұмыс органын не конкурстық комиссияны хабардар етуге мiндеттi.  <*>
       Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.07.16.  N 699 қаулысымен .

      57. Егер конкурстың жеңiмпазы болып танылған конкурсқа қатысушы аудиттi жүргiзуге арналған шартқа белгіленген мерзiмде қол қоймайтын болса, шартқа басқа конкурсқа қатысушы қол қояды. Бұл жағдайда конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмi қорытынды балл бойынша бұрын жеңiмпаз деп жарияланған қатысушыдан кейiн келесi орын алатын қатысушыны конкурстың жеңiмпазы деп жариялауға немесе жаңа конкурс жариялауға құқылы. 

      58. Шартқа қол қоятын тараптар оларға сәйкес конкурстың жеңiмпазы анықталған шарттарға қандай да бiр өзгерiстер енгiзуге құқығы жоқ. 

      59. Егер конкурстың құжаттамасында конкурсқа қатысушы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу көздесе, онда аудитті жүргiзу туралы шарт конкурсқа қатысушының осындай қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн күшiне енедi. Қамтамасыз ету мөлшерi аудиттi жүргiзу туралы шарт сомасының кемiнде 5 пайызын құрайды және конкурстың жеңiмпазымен жұмыс органының есебiне және ақша кепілдiгi түрiнде енгiзiледi. 

      60. Егер аудитор белгiленген мерзiмдерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе немесе егер аудиттi өткiзу туралы жасалған шарт бұзылса, қорытынды балл бойынша бұрын жеңiмпаз деп жарияланған қатысушыдан кейiн келесi орын алатын басқа конкурсқа қатысушымен шарт жасалады немесе жаңа конкурс жарияланады. 

      61. Жұмыс органы енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi осы шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған жағдайда ғана, шартта көрсетiлген мерзiмдерде немесе аудитор мiндеттемелердi толық орындаған сәтiнен бастап бес жұмыс күнi ішiнде конкурс жеңiмпазына қайтарады. 

      62. Егер аудитор аудиттi жүргiзу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiсiнше орындамаса, онда конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасына сәйкес енгiзiлген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұстап қалады. 

      63. Конкурстың жеңiмпазын аудитор тағайындайды және онымен есептi жыл үшiн аудитті жүргiзуге арналған шарт жасалады. Аудиттi жүргiзуге арналған шарт аудитор - конкурстың жеңiмпазы мен осы шартқа қол қоюға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орталық атқарушы орган арасында жасалады.

      64. Қордың аудитi 6-қосымшада анықталған техникалық тапсырмаға сәйкес, ресурстарды үнемдеу және тиiмдi пайдалануды, активтердiң сақталуын, сондай-ақ Қордың қойған мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзудi ескере отырып жүргiзiлуi тиiс.

      65. Жыл сайынғы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу Қордың есебiнен жүзеге асырылады.

  8. Қорытынды ережелер

      66. Аудитті жүргізу туралы шартты жасасу немесе орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

  Ережеге 1-қосымша

(Кiмге) __________________________________________________________
                      (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен) _________________________________________________________
                          (конкурсқа қатысушының атауы)

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм

      Алынуы осымен куәландырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторды сайлау жөнiндегi конкурсты өткiзу бойынша конкурстық құжаттаманы қарай отырып, ___________________________________________________________________
                      (конкурсқа қатысушының атауы)
жалпы _______________________________________________________сомасы
                         (санмен және жазумен)

конкурстық құжаттамаға сәйкес техникалық тапсырмаға сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзу бойынша қызметтердiң орындалуын жүзеге асыруды ұсынады.

      Осы конкурстық өтiнiм мыналардан тұрады:
1._________________________________________________________________ 2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
7._________________________________________________________________
8._________________________________________________________________
9._________________________________________________________________
10.________________________________________________________________

      Бiздiң конкурстық өтiнiм жеңiп шыққан болып танылған жағдайда ________ күннің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы (жазумен) аудитiнiң орындалуын қамтамасыз етуге және бiздiң конкурстық өтiнiмнiң жеңiп шықты деп танылуы туралы Сiздерден хабарлама алған сәттен бастап ____________ күннiң iшiнде жұмысты аяқтауға мiндеттенемiз.        (жазумен)

      Бiз конкурстық құжаттамада айтылған төлемнiң базалық шарттарымен келiсемiз. Төлемнiң мынадай баламалы шарттарын
_________________________________________________________
(егер осындайлар болатын  болса, төлемнiң баламалы шарттары
санамаланады) __________________________________ ұсынамыз және бұл
ретте баға шегерiмiн _________________________________ мөлшерде    
                      (ақшалай түрде, жазумен көрсету) 
ұсынамыз.

     Бiздiң конкурс өтiнiмi танылған жағдайда, бiз шарттың жалпы сомасының _______________ пайызын құрайтын сомасына сыртқы аудиттi 
             (жазумен) 

жүргiзу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiземiз.
     Осы конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнiмдi ашқан күннен бастап ____________ күннiң ішiнде әрекет етедi.
(жазумен)

      Сыртқы аудиттi жүргiзу туралы шартты жасасқан сәтке дейiн осы конкурстық өтiнiм оның жеңiп шығуын тану туралы Сiздiң хабарламаңызбен бiрге бiздiң арамыздағы мiндеттi шарттың рөлiн атқаратын болады.

______________________________     _______________________   
   (Қолы, күнi)       М.О.           (Лауазымы, аты-жөнi)     

_________________________________________________ атынан 
           (конкурсқа қатысушының атауы)

және тапсырмасы бойынша барлық өкiлеттiгi бар конкурстық өтiнiмге қол қойсын.

  Ережеге 2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.13. N 1443   қаулысымен .

Белгiленген өлшемдер бойынша конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау

--------------------------------------------------------------------р/р!      Өлшемнiң атауы      ! Баллдардың !Конкурсқа қатысушылардың
   !                          !    саны    !            саны
   !                          !            !------------------------
   !                          !            !     !    !    !    !   
--------------------------------------------------------------------
    Ұсыныстың техникалық сапасы    100 балл

1.  Қазақстандағы, ТМД елдерi мен  1-ден 20-
    басқа мемлекеттердегi қаржы    баллға
    институттарына аудиторлық      дейiн
    қызмет көрсетудегi жұмыс
    тәжiрибесi 

2.  Қазақстан Республикасы Ұлттық  1-ден 30 
    қорының аудитiн жүргізу        баллға
    процесi және аудиторлық        дейiн
    қорытындыны ұсыну мерзiмi 
    көрсетiлген нақты жұмыс 
    жоспары 

3.  Қазақстан Республикасы Ұлттық  1-ден 20
    қорының бухгалтерлiк есебiн    баллға
    талдау, оның iшiнде:           дейін
    - бухгалтерлiк есептiң
    Қазақстан Республикасының      1-ден 15
    қолданыстағы заңнама           баллға
    нормаларына сәйкестiгiн        дейін
    бағалау;
    - бухгалтерлiк есептiң         1-ден 5
    халықаралық бухгалтерлiк       баллға
    есеп стандарттарына            дейін
    сәйкестiгiн бағалау; 

4.  Қазақстан Республикасы Ұлттық  1-ден 20
    қорының iшкi бақылау           баллға
    жүйесiнiң тиiмділігiн талдау,  дейін
    оның ішiнде:
    - Қазақстан Республикасы       1-ден 10
    Ұлттық қорының тәуекелдерiн    баллға
    талдау;                        дейін

5.  Ақпарат аудитi бойынша         1-ден 5
    қызмет көрсету                 баллға
                                   дейiн 

6.  Қазақстан Республикасы Ұлттық  1-ден 5
    қорының қызметкерлерiне        баллға
    консультациялық қызметтер      дейін
    көрсету 

    Мамандардың біліктілігi және   100 балл
    олардың іс жүзiндегi
    тәжiрибесi 

8.  Арнайы бiлiм                   1-ден 20
                                   баллға
                                   дейiн

9.  Аудит саласындағы жұмыс        1-ден 20
    тәжiрибесi                     баллға
                                   дейiн 

10. Қаржылық сектордағы            1-ден 15
    жұмыс тәжiрибесi               баллға
                                   дейiн 

11. Банктiк қызмет аудитiн         1-ден 10
    жүргiзуге арналған лицензиясы  баллға
    бар мамандардың болуы          дейiн 

12. Қосымша білім беру             1-ден 5
                                   баллға
                                   дейiн 

13. Мемлекеттік тілді және         1-ден 10
    орыс тiлiн меңгеруi            баллға
                                   дейiн 

14. Ақпараттық жүйелер бойынша     1-ден 10
    аудиторлардың болуы            баллға
                                   дейiн 

15. Қазақстан Республикасы Ұлттық  1-ден 10
    қорының және/немесе басқа      баллға
    мемлекеттердің ұқсас           дейін
    қорларының аудитін жүргізудегі 
    іс жүзіндегі тәжірибесі
--------------------------------------------------------------------

      ____________________ конкурстық комиссия мүшесінің аты-жөні
      Қолы
      ____________________     
      Күні

  Ережеге 3-қосымша

Конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарын бағалау формуляры

--------------------------------------------------------------------
р/р!   Конкурсқа      ! Ұсыныстардың  ! Мамандардың  ! Техникалық
   ! қатысушының атауы! техникалық    ! біліктілігі  ! ұсыныстарды
   !                  ! сапасы        ! және олардың ! бағалау 
   !                  !               ! іс жүзіндегі !(3-баған + 
   !                  !               ! тәжірибесі   !4-баған)
--------------------------------------------------------------------
1 !         2        !        3      !       4      !           5 
--------------------------------------------------------------------

      ____________________ конкурстық комиссия мүшесінің аты-жөні
      Қолы
      ____________________     
      Күні

  Ережеге 4-қосымша

Конкурсқа қатысушы ұсынысының жиынтық баллын есептеу тәртiбi

      1. Конкурсқа қатысушы ұсынысының жиынтық баллы мынадай формула бойынша анықталады:

      В = Т х К1 + Ғ х К2,

      мұндағы
      В - конкурсқа қатысушы ұсынысының жиынтық баллы;
      Т - конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының жиынтық баллы;
      К1 - техникалық ұсыныстың сапа коэффициентi;
      Ғ - конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау;
      К2 - қаржылық ұсыныстың құн коэффициентi.

      2. Конкурсқа қатысушының техникалық ұсынысының жиынтық баллы мынадай формула бойынша анықталады:

                         С
                   Т = ______,
                        С мах

      мұндағы
      С - комиссия мүшелерiнiң техникалық ұсыныстары бағаларының орташа арифметикалық мәнi;
      С мах - техникалық ұсыныстардың екi өлшемi бойынша ең жоғары балл (200).

      3. Конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысын бағалау мынадай формула бойынша анықталады:

                        Р min
                   Ғ = _______,
                         Р

      мұндағы
      Р min - комиссия белгiлейтiн аудиторлық тексерiстiң ең аз құны;
      Р - конкурсқа қатысушының қаржылық ұсынысының құны.

Ережеге 5-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны (банктiк кепілдiк)

  Ережеге 5-қосымша

       Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.13. N 1443   қаулысымен .

  Ережеге 6-қосымша

  Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитiн жүргiзуге арналған техникалық тапсырма

  1. Мақсаттары мен мiндеттерi

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры сыртқы аудитiнiң мақсаттары мен мiндеттерi Қордың қаржылық активтерiн инвестициялаудың тиiмдiлiгi, ресурстарды өнiмдi пайдалану, активтердiң сақталуы және қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша, қойылған мақсаттарға жету туралы, Қордың қаржылық есептiлiгiнде көрсетілген қаражаттар мен шығыстар туралы аудитор кәсiби қорытынды жасайтындай жағдайда болуында екендiгiнен құралады.

  2. Көлемi 

      Аудит аудиттiң халықаралық стандарттарына сәйкес жүргiзiледi және аудитор жағдайларға сәйкес жүзеге асыру қажет деп санайтын мынадай тестiлер мен тексерiстердi қамтуы тиiс. Аудит жүргiзу кезiнде мынадай мәселелерге ерекше назар аудару қажет:
      1) бастапқы инвестициялық капиталдың сақталуы;
      2) ұзақ мерзiмдi болашақта активтер табыстылығының жоғары деңгейiн қамтамасыз ету;
      3) активтердiң өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
      4) активтердiң нарықтық құнының өзгеру тәуекелiн басқару;
      5) Қорды басқару тиiмдiлiгi;
      6) Қордың тұрақты және жинақ портфельдерiнiң құрамы; <*>
      7) портфельдiң нарықтық құнының айырбас бағамның өзгерiсiне тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету;
      8) сыртқы басқарушылар қызметiнiң тиiмдiлiгi;
      9) iрiктелген кастодиандардың жұмысын бағалау;
      10) құрылымдық өнiмдердi пайдалану тиiмдiлiгi;
      11) Қордың орташа айлық нарықтық құнын есептеудiң дұрыстығын тексеру және сенiмгерлiк басқаруға арналған аударымдар;
      12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімді басқару жөніндегі қызметін басқа елдердің осындай қорларының қызметімен салыстырмалы талдау.
       Ескерту. 12)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.13. N 1443   қаулысымен .
       Ескерту. 6)-тармақшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.13. N 953   қаулысымен .

  3. Қор бойынша есептiлiк   <*>

      Ескерту. Бөлімнің атауы өзгертілді - ҚР Үкіметінің 2003.07.16.   N 699 қаулысымен .

      Аудитке:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдалануы туралы есеп;
      2)  (Ескерту.   2) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.07.16.  N 699 қаулысымен . )
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есеп;
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес берiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ұлттық Қорды сенiмдi басқару нәтижелерi туралы жылдық есебi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенімді басқару жөніндегі қаржылық есептілігі;  <*>
      Ескерту. 4) тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.07.16.  N 699 қаулысымен .
      5) Қорды басқару жөнiндегi өзге де деректер.
      Қордың қаржылық есептiлiк аудитiнен басқа аудитор Қорды басқаруға байланысты барлық шығыстардың аудитiн жүргiзуi тиiс.

  4. Аудиторлардың қорытындысы

      Техникалық тапсырмада көзделген негiзгi қорытындыдан басқа, есепте Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың, есеп құжаттарын жүргiзудiң, есеп, есептілiк және ішкi бақылау жүйелерiн жұмыс істетудiң дұрыстығы және тиiстi сипаты мәселесi жөнiндегi түсiнiктемелерi бар жекелеген тармақтар қамтылуы тиiс. Қордың жұмысындағы нақты кемшiлiктер мен әлсiздiктер көрсетiлуi, оларды жою жөнiндегi ұсынымдар көрсетiлуi тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады