Байланыс формасы

Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шартты бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 шілде N 1015 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.25 № 1412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған модельдiк келiсiм-шарт (бұдан әрi - Модельдiк келiсiм-шарт) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Yкiметінің жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм-шарттарды жасасу және орындау жөнiндегі құзыреттi органы келiсiм-шарттарды дайындау және жасасу кезiнде Модельдiк келiсiм-шарттың ережелерiн басшылыққа алсын. Бұрын берiлген лицензиялар негiзiнде келiсiм-шарттар жасасарда тиiстi лицензиялардың шарттары сақталсын.

      3. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған модельдiк контрактiнi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 3, 27-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2001 жылғы 31 шілдедегі  
N 1015 қаулысымен    
бекітілген      

Модельдік
келісім-шарт

___________________________________________________________________
                    мемлекеттік органның атауы,

                        (Құзыреттi орган)
                              және
___________________________________________________________________
азаматтың аты-жөнi, заңды тұлғаның, мемлекеттiк және/немесе халықаралық ұйымның атауы

                            (Мердiгер)
                             арасында
___________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операциялардың түрi көрсетілсін

жүргiзуге арналған ________________________________________________
              әкімшілік-аумақтық бiрлiктің атауы, кен орны, учаскесi
                              (блогы) көрсетілсiн
Қазақстан Республикасының _________________________________________
                             Кен орнында, учаскесінде (блогында),
___________________________________________________________________
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі көрсетілсін

арналған осы Келiсiм-шарт 200__ жылғы "__"_________________________
                                         мемлекеттік органның атауы
(бұдан әрi - Құзыреттi орган) мен __________________________________
                            азаматтың аты-жөні, заңды тұлғаның атауы
(бұдан әрi - "Мердiгер") арасында __________________________________
                      жер қойнауын пайдалану құқығын растайтын құжат
сәйкес жасалды.

                            Кіріспе    

     1) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жер қойнауы мен ондағы пайдалы қазбалар мемлекет меншiгi болып табылатындығын;
     2) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларды, ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға, оның ішiнде ___________________________________
                                Жер қойнауын пайдалану жөніндегі _______________________________ жүзеге асыруға ниет бiлдiретiндiгiн;
операцияның түрі көрсетілсін
     3) Мердiгердiң Келiсiм-шартқа сәйкес _________________________
                                    Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
____________________________ ұтымды әрi тиiмдi жүргiзуге ниетi және
операцияның түрі көрсетілсін
қаржылық мүмкiндiгi бар екендiгiн;

      4) Қазақстан Республикасының Yкiметi Құзыреттi органға Келiсiм-шарт жасасуға және орындауға арналған құқық үлесiн бергендiгiн;
      5) Құзыреттi орган мен Мердiгер _____________________________
                                   Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
__________________________________ жүргiзу кезiнде осы Келiсiм-шарт
  операцияның түрі көрсетілсін  
олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiн реттейдi деп уағдаласқандықтарын назарға ала отырып,
     Құзыреттi орган мен Мердiгер төмендегiлер туралы келiстi:    

1-бөлiм. Анықтамалар

      Осы бөлiмде түсiнiк берiлмеген анықтамалар мен терминдердің Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығындағы (бұдан әрi - "Жер қойнауы туралы" Жарлық) және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен техногендiк минералдық құрылымдар туралы заңнамалық кесiмдердегi анықтамалар мен терминдер сәйкес келетiн мағынасы бар.
 

      1. Жағалаулық сызық - су қоймасының ең көп құйылысы (толтырылған су) нәтижесiнде пайда болған жағалаулық сызықты бiлдiредi. Жағалаулық сызықтың нақты орналасу жерiн белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
 

      2. Өтелетiн шығындар - Келiсiм-шарттың ережелерiне және Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес белгіленген ________________________
                                          Жер қойнауын пайдалану жөніндегі ____________________________ жүргізуге арналған Қазақстан
          операцияның түрі көрсетілсін
Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұстап қалуға жататын шығындарды білдіреді.
 

      3. Мемлекет (Республика) - Қазақстан Республикасын білдіреді.
 

      4. Келiсiм-шарттың қолданылу жылы - григориан күнтiзбесi бойынша тiзбектеле келетiн 12 айға тең кезеңдi бiлдiредi, Келiсiм-шарт мәтiнiнiң контекстiнде ол Келiсiм-шарттың күшiне енген күнiнен немесе осы енудiң кез келген жылынан басталады.
 

      5. Тау-кендiк бөлiсiм - Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған, Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Құрылысқа және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануға арналған Келiсiм-шартқа, Жер қойнауын пайдаланушының Барлау және (немесе) Өндiрумен не Сервитутты жүзеге асырумен байланысты емес Өндiрудi, Жерасты құрылыстарын жүргiзуге құқылы Жер қойнауының участогын сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Сервитут ресiмделген жағдайда Келiсiм-шарттың ажыратылмас бөлiгi не дербес құжат болып табылатын коммерциялық мақсатта жалпы тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа қосымшаны бiлдiредi.
 

      6. Мемлекеттiк орган - Мемлекет атынан белгiлi бiр функцияны жүзеге асыруға құзырет берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органын бiлдiредi.
 

      7. Геологиялық бөлiсiм - Жер қойнауын пайдаланушы Барлау жүргiзуге құқылы Жер қойнауының учаскесiн сызбалық және сипаттамалық белгiлейтiн Келiсiм-шарттың ажыратылмас бөлiгi болып табылатын Барлауға, қосарланған Барлау мен Өндiруге арналған Келiсiм-шартқа қосымшаны бiлдiредi.
 

      8. Келiсiм-шарттың күшiне ену күнi - Келiсiм-шарттың 3.1-тармағында көрсетiлген күндi бiлдiреді.
 

      9. Өндiру - барлық технологиялық операцияларды және Минералдық шикiзаттарды уақытша сақтауды қоса алғанда, мемлекет меншiгiндегi Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды, сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiстердi жер бетiне шығарумен байланысты жұмыстардың барлық кешенiн (операцияларды) бiлдiредi.
 

      10. Кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз қажеттерi үшiн өндiру - жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға не жер асты суларына қатысты кейін мәмiлелер жасау ниетiнсiз меншiкке не тұрақты немесе уақытша жер қойнауын пайдалану құқығына жататын жер учаскесiнде жүзеге асырылатын Өндiрудi бiлдiредi.
 

      11. Кеңiнен тараған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта Өндiру - өз қажеттерi үшiн кең тараған пайдалы қазбаларды Өндiруге жатпайтын кең тараған пайдалы қазбаларды кез келген өндiрудi бiлдiредi.
 

      12. Теңiздiң ластануы - теңiздiк ортаға материалдардың, заттардың, энергияның, шуылдың, дiрiлдердiң қосылуын, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, теңiздiң тiрi ресурстары мен экологиялық жүйесiне зиян келтiретiн не келтiруге қабiлеттi не теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергi туғызатын немесе зиян келтiруге қабiлеттi түрлi тұрпаттағы сәулеленулер мен өрiстердiң пайда болуын бiлдiредi.
 

      13. Жер қойнауын пайдалану туралы заңнама - Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығын, оған өзгерiстер мен толықтыруларды және Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерi мен Техногендiк минералдық түзiлiстер туралы басқа да заңнамалық кесiмдердi бiлдiредi.
 

      14. Коммерциялық табылым - Келiсiм-шарттық аумақта Өндiру үшiн экономикалық жағынан жарамды бiр немесе бiрнеше Кен орнының табылуын бiлдiредi.
 

      15. Құзыреттi орган - Келiсiм-шарт жасасумен және оны орындаумен тiкелей байланысты құқықтар табысталған ________________
                                              атқарушы мемлекеттiк
__________________________________________ бiлдiредi.
       органның атауы көрсетілсін

      16. Келiсiм-шарт - Құзыреттi орган мен Мердiгер арасында ___________________________________________________________________
              Кен орнында, Учаскесiнде (блоктарда)
___________________________________________________________________
   Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзуге арналған осы Келiсiм-шартты, сондай-ақ осы Келiсiм-шартқа барлық қосымшаларын бiлдiредi.
 

      17. Келiсiм-шарттық аумақ - Жер қойнауын пайдаланушы Келiсiм-шартқа сәйкес келетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқылы Геологиялық не Тау-кендiк бөлiсiммен белгiленген аумақ.
 

      18. Кен орны - _________________________ табиғи шоғырланудан
                 Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
тұратын ______________________________  кен орнын бiлдiредi.
           (егер ол ашылған болса)

      19. Минералдық шикiзат - құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар Жер қойнауының жер үстiне шығарылған (тау жынысы, кендік шикізат және басқалар) бөлігі.
 

      20. Салық заңнамасы - Салық кодексi және қабылдануы Салық кодексiнде көзделген басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдер. <*>
      Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. N 889  қаулысымен .
 

      20-1. Салық кодексi - Келiсiм-шартқа қол қою (жасасу) күнiне қолданыстағы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық кодексi). <*>
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. N 889 қаулысымен.
 

      21. Жер қойнауы - топырақ қабатынан, ол жоқ болған кезде жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке дейiн созылған жер қыртысының бөлiгiн бiлдiредi. <*>
 

      22. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар -____________
                                                      Жер қойнауын
_______________________________________________ жүргiзуге арналған
пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
Келiсiм-шартқа сәйкес Келiсiм-шарттық аумақта ____________________
                                           Жер қойнауын пайдалану
____________________________________ жатқызылған барлық жұмыстарды
жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін бiлдiредi.
 

      23. Мердiгер - Құзыреттi органмен Келiсiм-шарт жасасқан ___________________________________________________________________
       жеке тұлғаның аты-жөні, заңды тұлғаның, оның ішінде
___________________________________________________________________
шетелдiк заңды тұлғаның, сондай-ақ шет мемлекеттiк халықаралық ұйымның атауы.

Жер қойнауын пайдаланушыны бiлдiредi.
 

      24. Үкiмет - Қазақстан Республикасының Yкiметiн бiлдiредi.
 

      25. Пайдалы қазбалар - материалдық өндiрiсте пайдалануға жарамды жер қойнауындағы қатты, сұйық немесе газ күйiндегi (оның ішiнде жерасты сулары мен емдiк балшықтар) минералдық заттарды бiлдiредi.
 

      26. Ілеспе пайдалы қазбалар - негiзгi Пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлетiн Пайдалы қазбаның құрамдас бөлiктерiн бiлдiредi.
 

      27. Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде әдетте Мердiгердiң әлем елдерiнде Барлау және Өндiру кезiнде қолданатын ең оңтайлы, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi тәжiрибесiн бiлдiредi.
 

      28. Техногендiк минералдық түзiлiстер - тау-кен байыту, металлургиялық және өндiрiстiң басқа да түрлерiнiң құрамында Пайдалы қазбасы (Пайдалы қазбалары) бар өнеркәсiп қалдықтары (қоқыстар, үйiндiлер, қалдықтар және басқалар).
 

      29. Жұмыс бағдарламасы - Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеу, Барлау және Өндiру жөніндегi жоспарларды қоса алғанда, Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн дайындалған жоспарлардың барлық түрiн бiлдiредi.
 

      30. Барлау - Пайдалы қазбалардың Кен орындарын iздестiрумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстарды (операцияны) бiлдiредi.
 

      31. Тараптар - олар жиынтықта айқындалған Құзыреттi орган мен Мердiгердi бiлдiредi.
 

      32. Қосалқы мердiгер - Мердiгердiң Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелерiнiң қандай да бiр бөлiгiн орындау туралы Мердiгермен шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.
 

      33. Yшiншi жақ - Келiсiм-шарт бойынша Тараптарды қоспағанда кез-келген заңды немесе жеке тұлғаны бiлдiредi.
 

      34. Бекiтiлген қорлар - Пайдалы қазбалардың мемлекеттiк сараптамамен бағаланған геологиялық және алынатын қорларын бiлдiредi.
 

      35. Жер қойнауының учаскесi (блок) - жер қойнауын пайдалануға беру үшiн тұйықталған шекарада бөлiнетiн Жер қойнауының геометрияланған бөлiгiн бiлдiредi.

2-бөлiм. Келісім-шарттың мақсаты

      2.1. Келiсiм-шарттың мақсаты Келiсiм-шарт күшiне енген күнi мемлекеттiң қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес Құзыреттi орган мен Мердiгер арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастарды белгiлеу және заңдық ресiмдеу болып табылады.
 

      2.2. Қазақстан Республикасының Yкiметi Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн өкiлеттi органды белгiлей алады. <*>
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 2.2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.28. N 702 қаулысымен .

3-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі

      3.1. Келiсiм-шарт Құзыреттi органда (уәкiлеттендiрiлген мемлекеттiк орган) Келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы сертификатты мiндеттi берумен оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген сәттен бастап, егер күшiне енудiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi Келiсiм-шартта ескерiлмесе, күшiне енедi.
 

      3.2. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi ______________________
                                       егер Тараптар Келісім-шартта
______________________________________________ Келiсiм-шарт күшінің
      неғұрлым ерте мерзімді ескермесе
соңғы күні аяқталады.
 

      3.3. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі тараптардың келісуі бойынша Мемлекет заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкін.
 

      3.4. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде Келісім-шарттың ережелері Тараптардың жазбаша келісімімен өзгертілуі қажет.    

4-бөлім. Келісім-шарттық аумақ

      4.1. Мердігер _______________________________________________
                    Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның
                                  түрі көрсетілсін
Келiсiм-шарттың ережелерiне сәйкес Келiсiм-шарттық аумақ шегiнде орындайды.
 

      4.2. Егер ___________________________________________________
       Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзу кезiнде Кен орны шоғырының географиялық шекаралары Геологиялық немесе Тау-кен бөлiсiмiнде көрсетiлген Келiсiм-шарт аумағынан тысқары шығып жатса, онда оны кеңейту туралы мәселе Келiсiм-шарттың ережелерiн конкурс өткiзбей өзгерту жолымен шешiледi.
 

      4.3. _______________________________________________________
           (Барлауға немесе Барлау мен Өндiруге арналған __________________________________ Келiсiм-шарттық аумақты қайтару,
      Келісім-шарттар үшiн)

Коммерциялық ашу жасалған аумақты қоспағанда, мынадай график бойынша жүзеге асырылады:
Келiсiм-шарттың қолданылуының екiншi жылының соңына             %
Келiсiм-шарттың қолданылуының үшiншi жылының соңына             %
Келiсiм-шарттың қолданылуының төртiншi жылының соңына           %
Келiсiм-шарттың қолданылуының бесiншi жылының соңына            %
Келiсiм-шарттың қолданылуының алтыншы жылының соңына            %
 

5-бөлiм. Мүлік пен ақпаратқа арналған жеке меншік құқығы

      5.1. _______________________________________________________
      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
____________________________________________________________________
             Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін жүргiзу үшiн Мердiгердiң сатып алған барлық материалдық және материалдық емес активтер Мердiгердiң меншiгi болып табылады.
 

      5.2. Келiсiм-шарттың 5.1-тармағында көрсетiлген мүлiкке меншiк құқығы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес ______________________
                                   Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
____________________________________ қаржыландыруды қамтамасыз ету
операцияның түрі көрсетілсін үшiн Үшiншi тұлғаның пайдасына берiлуi немесе басқа тәсiлмен ауыртпалануы мүмкін.
 

      5.3. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, Кен орындарының геологиялық өлшемдерi, қорлардың шамасы, әзiрлеу шарттары, сондай-ақ Жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы геологиялық есептерде, карталарда және өзге де материалдарда бар ақпарат, егер ол бюджеттiк қаражат бөлу есебiнен алынса және егер ол Мердiгердiң өз қаражатының есебiнен алынса, Мердiгердiң меншiгiнде болады.
 

      5.4. Мемлекет меншiгiндегi Келiсiм-шарттық аймақ бойынша Жер қойнауы туралы ақпаратты Мердiгер Мемлекеттің заңнамасында белгiленген тәртiппен ____________________________________________
          Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде уәкiлеттiлiк
___________________________ алады.
  берілген органның атауы

      5.5. Мердiгер ______________________________________________
                             Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
_______________________________________ жүргiзу процесiнде алынған
      операцияның түрi көрсетiлсiн
Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты мiндеттi түрде
белгіленген стандарт бойынша ______________________________________
                         Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде
_____________________________________ сақтау, жүйелеу және
   уәкілеттік берілген органның атауы
қорытындылау үшiн тегін табыс етедi.
 

      5.6. Мердiгердiң қаражаты есебiнен алынған және оларға Келiсiм-шарттың 5.5-тармағына сәйкес табыс етiлген Жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарға пайдалану Мердiгер мен ________________________________
                        Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнінде
__________________________________________ арасында жасалатын бөлек
  уәкілеттік берілген органның атауы
келiсiмнiң негiзiнде айқындалады.
 

      5.7. Келiсiм-шарт күшiн тоқтатқан кезде барлық геологиялық ақпарат Мемлекет меншiгiне көшедi. Мердiгер барлық құжаттар мен бастапқысын қоса алғанда өзге де геологиялық, материалдық ақпарат көздерін ________________
            Жер қойнауын
__________________________________________________________________
пайдалану және қорғау жөнінде уәкілеттік білдірген органның атауы  тегін беруге міндетті.

6-бөлiм. Мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып
алу және иеліктен айыруға арналған құқығы

      6.1. Соғыс, табиғи зiлзала жағдайында немесе төтенше жағдайлар туралы заңнамада көзделген өзге де жағдайларда Үкiметтiң Мердiгерге тиесілi Пайдалы қазбалардың бiр бөлiгiн немесе барлығын иелiктен айыруға құқығы бар. Иелiктен айыру төтенше жағдайдың бүкiл мерзiмi ішiнде Мемлекеттiң мұқтажы үшiн қажет көлемде жүзеге асырыла алады.
 

      6.2. Мемлекет иелiктен айырған Пайдалы қазбалар үшiн заттай немесе ақшалай түрде олардың құнын сол күнгі әлемдiк нарықтың бағалары бойынша орнын толтыруға кепiлдiк бередi (шетелдiк Мердiгерге ақшалай өтем еркiн айналымдағы валютамен ұлттық Мердiгерге Мемлекеттiң ұлттық валютасымен төленедi).
 

      6.3. Мемлекеттiң Мердiгерден ________________________________
                               Пайдалы қазбаның түрi көрсетiлсiн әлемдiк рыноктың бағаларынан аспайтын баға бойынша ________________
                                             сатып алынатындарының
___________________________________________________________________
                    шекті көлемi белгіленсін
___________________________________________________________________
Пайдалы қазбаның түрi, олардың бағасын белгiлеу тәртiбi мен төлем түрi _____________________ алдыңғы кезекте сатып алуға құқығы бар.

көрсетілсін.

7-бөлiм.  Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      7.1. Мердiгердiң:
 

      7.1.1. Келісiм-шарттық аумақта _____________________________
                                   Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ ерекше негiзде жүргiзуге;
    операцияның түрi көрсетілсiн

      7.1.2. Келiсiм-шартта белгіленген шарттарға сәйкес өзiне берiлген Келiсiм-шарттық аумақ шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi кез келген заңды iс-қимылдарды дербес жасауға;
 

      7.1.3. Таңдауы бойынша өз қызметінiң нәтижелерiн, оның iшiнде ___________________________________ пайдалануға; Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
 

      7.1.4. Келiсiм-шарттық аумақта, қажет болған жағдайда белгiленген тәртіппен Мердігерге бөлінген өзге де жер учаскелерінде _______________
Жер қойнауын
______________________________________________________ жүзеге асыру
пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін үшiн қажет өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға;
 

      7.1.5. Иелерiмен уағдаластық бойынша Келiсiм-шарттық аумақта да, одан тыс жерлерде де жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануға;
 

      7.1.6. Келiсiм-шарттың 3.3-тармағына сәйкес Келiсiм-шарт күшiнiң мерзімiн ұзарту туралы келiссөздердi бiрiншi кезектегi тәртiппен жүзеге асыруға;
 

      7.1.7. ______________________________________________________
             Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияның түрi көрсетілсін жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн Қосалқы мердiгерлердi тартуға;
 

      7.1.8. Келiсiм-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген шарттарды сақтай отырып, өзiнiң барлық құқығын немесе оның бiр бөлiгін үшiншi тұлғаларға беруге;
 

      7.1.9. Келiсiм-шартпен және Мемлекет заңнамасымен белгiленген шарттарда өз қызметiн тоқтатуға;
 

      7.1.10. Келiсiм-шарт тоқтатылған жағдайда егер келiсiм-шартта өзгеше белгiленбесе, Мердiгердiң өз меншiгiндегi мүлiкке дербес билiк жасауға құқығы бар.
 

      7.1.11. Мердiгердiң құқығы, егер ол Мемлекет заңнамасына қайшы келмесе, Тараптардың келiсiмi бойынша толықтырылуы мүмкiн.
 

      7.2. Мердiгер:
 

      7.2.1. Тараптардың келiскен Жұмыс бағдарламасын орындауға ___
_________________________________________________________ кiрiсуге;
                  мерзімi белгiленсін      

      7.2.2. _____________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi көрсетілсін жүргiзу кезiнде әлемдiк тәжiрибеде қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстер мен технологияларды таңдауға;
 

      7.2.3. Келiсiм-шарттық аумақты Келiсiм-шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға:
 

      7.2.4. ______________________________________________________
       Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін

      Мемлекет заңнамасы мен Жұмыс бағдарламасына қатаң сәйкестікте жүргізуге;
 

      7.2.5. Басқа тұлғаларға Келісім-шарттық аумақ шектерінде еркін жүрiп-тұруға, ортақ пайдаланудағы объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға немесе жұмыстың кез келген түрiн, оның ішінде _______________________________ басқа табиғи ресурстарды
            Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін

Барлау мен Өндiруге, егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше шарттарымен байланысты болмаса және мұндай қызмет ______________________________
                                       Жер қойнауын пайдалану
_____________________________________________ жүргiзуге кедергi       жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін  
келтiрмесе, бөгет жасамауға;
 

      7.2.6. _____________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрi
көрсетілсiн жүргізу жөнiндегі қызметшiлер құрамы мен тұрғындардың қауiпсiздiгін қамтамасыз ететiн белгiленген тәртiппен келiсiлген технологиялық сызбалар мен жобаларды сақтауға;
 

      7.2.7. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен олардың стандарттарға және басқа да талаптарға сәйкестігі кезiнде Мемлекетте өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдердi мiндеттi түрде қолдануға;
 

      7.2.8. ______________________________________________________
              Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияның түрi көрсетiлсiн жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында конкурс өткiзумен, әуе, темiр жол, су және көлiктiң басқа да түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау үшiн қазақстандық кәсiпорындарды және ұйымдарды мiндетті түрде тартуға;
 

      7.2.9. Қызмет көрсетудiң қандай да бiр түрi Қазақстан Республикасында болмаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша шетелдiк ұйымдардың қызмет көрсетулерiн пайдалануға;
 

      7.2.10. ______________________________________________________
       Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияның түрi көрсетiлсiн жүргiзу кезiнде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге және жұмыс орындарын құруға;
 

      7.2.11. Құзыреттi органға Жұмыстың бағдарламасын, сондай-ақ оны iске асыру процесi туралы толық мәлiметтер беруге;
 

      7.2.12. Келiсiм-шарт бойынша жұмысқа тартылған қазақстандық қызметкерлердiң кәсiптiк дайындығын _______________________________
                                инвестициялардың жалпы көлемінің
____________________ қаржыландыруға міндетті.
     кемінде - %-ы

      Бұл ретте қазақстандық кадрларды оқытуға арналған мiндеттеме бойынша қаражат сомасы тартылған қызметшiлердi оқытудағы нақты қажетінен артылған жағдайда, Мердiгер қаражаттың қалған сомасын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің өзара іс-қимылы туралы келiсiмге сәйкес орта бiлiм беру жүйесiнiң басымдықты мiндеттерiн қаржыландыруға пайдаланады. Оқытуға арналған қаражаттың қалған бөлiгi туралы ақпарат жылдық Жұмыс бағдарламасы мен кезектi жылдың бюджетi бекiтiлген соң құзыреттi органға берiледi;
 

      7.2.13. Қызметтiк функцияларын орындау кезiнде мемлекеттiк бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпараттарды кедергiсiз беруге және жұмыс орындарына бөгетсiз өтуге және олар анықтаған тәртiп бұзушылықты уақытында түзетуге мiндеттi.
 

      7.2.14. _____________________________________________________
                  Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн Мазмұны туралы ақпаратты, егер мұндай қажеттiлiк туындаса ғана, _________________________________________ тек екiншi
             егер Келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе Тараптың жазбаша келісімiмен үшiншi Тарапқа беруге.
 

      7.2.15. Салықтар мен бюджетке, басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшiн айыппұлдарды уақытында төлеуге.
 

      7.2.16. Өз қызметi процесiнде Келiсiм-шарттық аумақта орналасқан мәдени-тарихи маңызы бар объектiлердi сақтауға.
 

      7.2.17. Келiсiм-шартты орындау жөнiндегi өз қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық салдарын болжауға және бұл болжамдарды Құзыреттi орган мен қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдарға Келiсiм-шарт күшiнiң мерзiмi аяқталуына дейiн кемiнде ________ жылдан кешiктiрмей беруге.
 

      7.2.18. Келiсiм-шарттық аумақты кен және санитарлық қадағалау, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы ережелердiң талаптарына сәйкес күйде қалдыруға.
 

      7.2.19. Жай-күйi Мердiгердiң Келiсiм-шарт жөнiндегi қызметi кесiрiнен бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғат объектiлерiн Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес одан әрі пайдалануға болатындай жағдайға дейін қалпына келтіруге міндетті.
 

      7.3. Құзыреттi органның мiндеттерi:
 

      7.3.1. Келiсiм-шарт шарттарының орындалуы мен бұзылуын Мемлекет заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қамтамасыз ету;
 

      7.3.2. Жердi пайдалану құқығында Мердiгерге Келiсiм-шартқа сәйкес жер учаскесiнiң берiлуiн қамтамасыз ету.
 

      7.4. Құзыреттi органның құқықтары:
 

      7.4.1. Келiсiм-шарт шарттары бойынша Мердiгермен келiссөздерде Мемлекеттi таныту;
 

      7.4.2. Мердiгерден Келiсiм-шарт талаптарының орындалуының есебiн берудi үнемi талап ету. Келiсiм-шарт шарттарына қатысты өзге де ақпаратты сұрату.
 

      7.4.3. Мердiгердiң, оның iшiнде _____________________________
                                  Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
________________________________________ Келiсiм-шарттың шарттарын
     операцияның түрi көрсетiлсiн орындау жөнiндегi қызметiне қатысты құжаттаманы жүргiзуiн тексеру.

      7.4.4. Келiсiм-шарт аумағында ______________________________
                                   Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі
__________________________________ жататын кез-келген жұмысқа қол
операцияның түрі көрсетілсін
жеткiзу.

8-бөлiм. Жұмыс бағдарламасы

      8.1. Мердiгер ______________________________________________
               Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияның түрi көрсетілсін Құзыреттi органмен келiсiлген Жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады;
 

      8.2. Жұмыс бағдарламасы Кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi ескерiле отырып, техникалық-экономикалық есептер мен негiздемелердiң, Кен орны қорларының (егер ол ашылған және қорды тиiстi мемлекеттiк орган бекiткен болса) сараптамалық бағалануы не болмаса Жер қойнауы учаскелерi (блоктары) және басқа да материалдар негiзiнде әзiрленедi.
 

      8.3. Мердiгер келiсiлген Жұмыс бағдарламасын өзгерту және/немесе толықтыру туралы ұсыныстар енгiзе алады. Жұмыс бағдарламасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер Тараптардың екеуара келiсiмімен жазбаша түрде енгiзiледi.
 

      8.4. Мердiгер жыл сайынғы Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiседi.

9-бөлiм. Барлау кезеңі    

     9.1. Барлау кезеңi Келiсiм-шартқа сәйкес _____________________
                                        (бірақ алты жылдан аспайды)
тізбектi жылдан тұрады және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес келiсушi Тараптардың өзара келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн ____________________________________________________________________
(бiрақ әр кезеңi екі жылға дейiнгi ұзақтықпен кемiнде екi рет болуы керек)
      Бұл ретте Тараптар Келісім-шарттық аумақта Барлау жүргiзудi жалғастыру үшiн қалдырған бөлiктi алдын ала белгiлеуге және Жұмыс бағдарламасына тиiстi өзгерiстер енгiзуге тиiс.
 

      9.2. Мердiгер Барлауды Келiсiм-шарт күшiне енгеннен кейiн ____________________________________________________________________
        (Келiсiм-шартта белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей)
бастауы тиiс. Мердiгер Барлауды бастаудың нақты күнi туралы Құзыреттi органды ______ күн бұрын, алдын ала хабардар етедi.
 

      9.3. Барлаудың жүргiзiлу шамасына қарай Мердiгер Келiсiм-шарт пен Жұмыс бағдарламасына сәйкес Коммерциялық табу жасалған аумақты қоспағанда, Келiсiм-шарт аумағын қайтаруға мiндеттенедi.
 

      9.4. Мердiгер Келiсiм-шартқа сәйкес Жер қойнауының қайтарылатын учаскелерiн айқындайды және бұл туралы Құзыретті органға _____________
      мерзімін көрсету керек
күн бұрын ____________________ дейiн хабарлайды.
           мерзiмi көрсетiлсiн

      9.5. Қайтарылатын учаскелер Мемлекеттiң қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысты заңнамаларының барлық талаптарына сәйкес болуы тиiс. Мердiгер қайтарылатын аумақтар мен тiкелей мақсатта пайдалану үшiн жарамды жағдайға дейiн ____________________________
                                 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
________________________________ жүргiзу салдарынан бүлiнген басқа
  операцияның түрі көрсетілсін
да табиғи объектiлердi өз есебiнен қалпына келтiредi.
 

      9.6. Егер Келiсiм-шарттық аумақта Коммерциялық табу жасалмаса немесе Кен өндiру кезеңiне көшу туралы шешiм қабылданбаса, онда Келiсiм-шарт өз күшiн Барлау кезеңi, оның мерзiмi ұзартылу мүмкiндiгi ескерiле отырып, аяқталысымен тоқтатады. Егер Мердiгер Келiсiм-шарт бойынша жұмысын жалғастырудан бас тартса, онда ол Келiсiм-шарттық аумаққа деген барлық құқығынан айырылады және бұдан әрі Келісім-шарт бойынша шеккен зиянының орнын қалай да бір толтыруға таласа алмайды.

10-бөлiм. Коммерциялық табу    

      10.1. Егер Мердiгер оның айтуы бойынша Өндiруге қолайлы болатындай Кен орнын ______________________________ ашса, бұл туралы
              Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін
Құзыреттi органға дереу хабар бередi және қорларға сараптамалық баға беру жөнiндегi Уәкiлеттi органға тапсыру үшiн қорлардың есебi және олардың бағалануы туралы _______ күн ішiнде есеп даярлайды.
 

      10.2. Уәкiлеттi орган Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада белгiленген тәртiппен Кен орны қорларына мемлекеттiк сараптамалық баға берудiң орындалуын қамтамасыз етедi.
 

      10.3. Коммерциялық табу Мердiгерге Өндiру кезеңiне көшуге (өндiруге арналған Келiсiм-шарт, егер де тек Барлауға Келiсiм-шарт бiрiншi рет жасалса) ерекше құқық бередi.
 

      10.4. Коммерциялық табу кезiнде Мердiгердiң Коммерциялық табуға байланысты шеккен шығындарының орнын толықтай немесе iшiнара толтыруға құқығы болады.
 

      10.5. Егер Барлау нәтижесiнде Коммерциялық табу болмаса, онда Мердiгердiң Барлау кезеңiнде шеккен шығындарының орнын толтыру құқығы болмайды.

11-бөлiм. Өндіру кезеңі    

     11.1. Мердiгерге Келiсiм-шарт аумағында ________ тiзбектi жыл бойы ______________________________________________________________
(бiрақ жиырма бес жылдан артық емес, ал iрi және бiрегей кен орындары бойынша 45 жылға дейiн)
Өндiруге ерекше құқық берiледi.
 

     11.2. Мердiгер Өндiруге _______________________________ күннен                                 (мерзiмi белгіленуi керек) кешiктiрмей немесе Өндiру бағдарламасы келiсiлгеннен кейiн (Барлауға және Өндiруге арналған Келiсiм-шарттар үшiн) ____________
                                       (Келісім-шарт күшiне енген
______________________________________________ кiрiседi.
күнi (Өндiруге арналған Келiсiм-шарттар үшiн)

12-бөлiм. Есепке алу және есеп беру

      12.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келiсiм-шарт бойынша ____________________________________________ қатысты есеп
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін жүргiзуге және есепке алу құжаттарын белгiленген мерзiмде сақтауға  міндеттенедi.
 

      12.2. Мердiгер дейiн 1-3 ЛКУ нысаны (лицензиялық-келiсiм-шарттық ережелердiң орындалғаны туралы есеп) бойынша есеп-қисап тіркелген өткен ______________ қызметi туралы
                                    жылы, тоқсаны   
Құзыреттi органға толық ақпарат бередi.
 

      12.3. Мердiгер Мемлекет белгiлеген заңнамадағы мерзiм мен тәртiппен мемлекеттiк органдарға өз қызметi туралы есеп берiп отырады.
 

      12.4. Құзыреттi органның Мердiгердiң Келiсiм-шарт қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзуге құқығы бар және өзiнiң өкiлдерi арқылы Мердiгердiң ______________________________________________________
      Жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияның түрі көрсетілсін жүргiзуi кезiнде қатыса алады.

              13-бөлiм. ________________________ Өлшеу
                         Пайдалы қазбаның түрі

      13.1. Келiсiм-шарттық аумақта өндiрiлген ____________________
                                              Пайдалы қазбаның түрi
______________________ өлшеу және таразылау жұмыстарын Мердiгер
      көрсетілсін
Мемлекетте қолданылатын әдiстер мен тәжiрибеге сәйкес жүргiзедi.

      13.2. Мердiгер әр __________________________ сайын метрология
                        мерзімділігі көрсетілсін
және стандарттау жөнiндегi Уәкiлеттi орган өкiлдерiнiң қатысуымен
_____________________________________________ өлшеу және таразылау
      Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарын сынақтан өткiзедi.
 

      13.3. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтар немесе аспаптарда ақау байқалса, бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау мерзiмi ақау табылған күнге дейiнгi алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретiнде белгiленедi.
 

      13.4. Егер Мердiгер қолданылып жүрген әдiстерге өзгерiстер енгiзудi қажет деп тапса немесе орнатылған өлшегіш аспаптарды ауыстырғысы келсе, онда ол бұл туралы Метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті органды оның өкілдерінің осы өзгерістер мен ауыстыруларға қатысуларына мүмкіндік беру үшін ________ күннен кешіктірмей хабардар етуі тиіс.

14-бөлім. Қосалқы мердігерлік жұмыстарды орындау

      14.1. Мердiгер Құзыреттi органға жылдық Жұмыс бағдарламасының  құрамында келесi күнтiзбелiк жылда жасалуы қажет қосалқы мердiгерлiк жұмыстардың жоспарын, материалдарды, жабдықтарды жеткiзуге және қызмет көрсетуге арналған қосалқы келiсiм-шарттардың тiзбесiн, сондай-ақ қазақстандық және шетелдiк әлеуеттi қосалқы мердiгерлердiң тiзбесiн ұсынады.
 

      14.2. Мердiгер Қосалқы мердiгерлердi, әдетте, жұмысқа конкурстық негiзде алады.
 

      14.3. Қосалқы мердiгерлiк келiсiм-шарттардың орындалуына Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес жауап бередi.

15-бөлiм. Қаржыландыру

      15.1. Мердiгер Келiсiм-шарт бойынша өз қызметiн толық қаржыландыруды Тараптармен келiсiлген Жұмыс бағдарламасына сәйкес өз жауапкершiлiгiне алады.
 

      15.2. Мердiгер, егер Мемлекет заңнамасына қайшы келмесе, өз қызметiн қаржыландыру үшiн несиенi Мемлекет ішiнде және одан тысқары жерлерде кез-келген валютамен еркiн ала алады.
 

      15.3. Мердiгердiң Келiсiм-шартты орындау мақсатында Келiсiм-шарт бойынша түсiмдер мен кiрiстердi бiлдiретiн ақша қаражатын алу үшiн Мемлекеттiң банктерiнде сияқты одан тысқары жерлерде де ұлттық та және шетел валютасындағы да шоттары болуы мүмкiн.
 

      15.4. Келiсiм-шартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi Мемлекет заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 

      15.5. Мердiгер мен Қосалқы мердiгерлер валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы Мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

16-бөлiм. Салық салу <*>

      16.1. Мердiгер Келiсім-шарт негiзiнде жүзеге асыратын қызметi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның iшiнде, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық Шартта өзгеше ереже белгiленбеген болса, Салық кодексiне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттенедi.
      Өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттарда салық салу ережелерi Салық заңнамасына сәйкес белгiленедi.
 

      16.2. Мердiгер мынадай салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi төлейдi:
 

      16.2.1. Корпорациялық табыс салығы
      Мердiгер корпорациялық табыс салығын Салық кодексiнiң 4 және 7-бөлiмдерiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.2. Қосылған құн салығы
      Мердiгер қосылған құн салығын Салық кодексiнiң 8-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.3. Акциздер
      Мердiгер акциздердi Салық кодексiнiң 9-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.4. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi және үстеме пайда салығы
      Мердігер жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен үстеме пайда салығын Салық кодексiнiң 10-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.4.1. Қол қойылатын бонус
 

      16.2.4.1.1. Мердiгер ______ мөлшердегi қол қойылатын бонусты Келiсiм-шарт күшiне енген күнiнен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрмей төлейдi.
 

      16.2.4.2. Коммерциялық табу бонусы
      Мердiгер коммерциялық табу бонусын Салық кодексiне сәйкес Келiсiм-шартта белгiленген ставка бойынша төлейдi.
 

      16.2.4.3. Роялти
      Мердiгер роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оны сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, Салық кодексi 300-бабының 3-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке төлейдi.
 

      16.2.4.3.1. Мердiгер роялти төлеудi ______ ставка бойынша жүргiзедi.
 

      16.2.4.3.2. Роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен Құзыреттi органмен қосымша келiсiмде белгiленген тәртiпте заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.
 

      16.2.4.3.3. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiрген жағдайда Мердiгер роялтидi мiндеттемелер пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.4.4. Yстеме пайда салығы
 

      16.2.4.4.1. Мердiгер устеме пайдаға салынатын салықты есептеудi салық кезеңiнiң аяғында қол жеткен пайданың iшкi нормасы деңгейiн негiзге ала отырып, мынадай ставкалар бойынша жүргiзедi:
____________________________________________________________________
Пайданың iшкi нормасы (ПIН), %        Есептi жылдағы таза кіріске
                                      %-бен алғанда үстеме пайда
                                        салығының ставкасы
____________________________________________________________________
20-дан кем немесе оған тең                         0
20-дан артық, бiрақ 22-ден кем                     4
немесе оған тең
22-ден артық, бiрақ 24-тен кем                     8
немесе оған тең
24-тен артық, бiрақ 26-дан кем                     12
немесе оған тең
26-дан артық, бірақ 28-ден кем                     18
немесе оған тең
28-ден артық, бiрақ 30-дан кем                     24
немесе оған тең
30-дан артық                                       30
      ____________________________________________________________________

      16.2.4.4.2. Пайданың iшкi нормасы
      Пайданың iшкi нормасы Келiсiм-шартқа қол қою (жасасу) күнiне қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес есептеледi.
 

      16.2.5. Әлеуметтiк салық
      Мердігер әлеуметтiк салықты салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 11-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.6. Жер салығы
      Мердігер жер салығын салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 12-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.7. Көлiк құралдары салығы
      Мердiгер көлiк құралдары салығын салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексінің 13-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.8. Мүлiк салығы
      Мердiгер Мүлiк салығын салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 14-бөлiмiне сәйкес төлейдi.
 

      16.2.9. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
      Мердiгер заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды салық міндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексінің 68-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.10. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
      Мердігер жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 70-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.11. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
      Мердiгер радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 71-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.12. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
      Мердігер механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 72-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.13. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
      Мердiгер теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 73-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.14. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
      Мердiгер азаматтың әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 74-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.15. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алым
      Мердiгер автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 76-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.16. Аукциондардан алынатын алым
      Мердiгер аукциондардан алынатын алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 77-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.17. Елтаңбалық алым
      Мердiгер елтаңбалық алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 78-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.18. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
      Мердiгер жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 79-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.19. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
      Мердiгер жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексінің 81-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.20. Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
      Мердiгер жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 82-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.21. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
      Мердiгер қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 83-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.22. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
      Мердiгер жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 84-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.23. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
      Мердiгер орманды пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 85-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.24. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем ақы
      Мердігер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 86-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.25. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
      Мердiгер радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 87-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.26. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем ақы
      Мердiгер кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 88-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.27. Сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақы
      Мердiгер сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақыны салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 89-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.28. Мемлекеттiк баж
      Мердiгер мемлекеттiк бажды салық мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы Салық кодексiнiң 90-тарауына сәйкес төлейдi.
 

      16.2.29. Кеден төлемдерi
      Мердiгер кеден төлемдерiн "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына және оның кейiнгi өзгерiстерi мен толықтыруларына сәйкес төлейдi.
 

      16.3. Қызметкерлерге салық салу
      Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi Мердiгердiң қызметкерлерi салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер пайда болған кезде қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес төлейдi.
 

      16.4. Қосалқы мердiгерлерге салық салу
 

      16.4.1. Мердiгерге қызметтер (жұмыстар) жасайтын қосалқы мердiгерлер мен олардың қызметкерлерiне салық салу салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер пайда болған кезде қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
 

      16.4.2. Мердiгердiң төлем көздерiнен салық ұстау жөнiндегi мiндеттемелерiн қоспағанда, Мердiгер өзiнiң қосалқы мердігерлерінiң салықтық мiндеттемелерi үшiн жауапты болмайды.
 

      16.5. Трансферттiк баға тағайындау
 

      16.5.1. Салық қызметi органдары мен кеден органдары мәмiлелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының трансферттiк бағалардың қолданылуын мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық кесiмiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда бақылау жасайды.
 

      16.5.2. Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған жағдайда салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қолдана отырып, салық салу объектiлерi мен салық мiндеттемелерiне түзету енгiзедi.
 

      16.6. Жалпы салықтық жауапкершiлiк
      Келiсiм-шарт ережелерi бойынша төленетiн салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер Мердiгердi Келiсiм-шарт ережелерiнде көзделмеген қызметтi жүзеге асырғаны үшiн салық мiндеттемелерi пайда болған күнге заңнамалық кесiмдермен белгiленген салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мiндеттемелерiнен босатпайды.
 

      16.7. Салық шекарасы
      Мердiгер салық режимiне сәйкес Келiсiм-шартпен көзделген салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн жеке есептi және осы Келiсiм-шарт шегiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеудi жүргiзуге мiндеттi.
      Бұл ереже кең тараған пайдалы қазбаларды және (немесе) жерасты суларын өндiру жөнiндегi Келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
 

      16.8. Салықтар мен төлемдердi төлеу және аудару
 

      16.8.1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен және Келiсiм-шарт ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.
 

      16.9. Салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
      Салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық тиiстi заңнамалық кесiмдермен реттеледi.
 

      16.10. Өсiмпұлдарды төлеу
      Уақыты өткен салық мiндеттемелерi сомасына өсiмпұлдарды есептеу осы соманы төлеу күнiне қолданыстағы Салық заңнамасымен белгiленген мөлшерде қолданылады.
 

      16.11. Салық режимiнiң тұрақтылығы
 

      16.11.1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу ережелерi салық заңнамасының өзгеруiне байланысты тараптардың келiсiмi бойынша түзетiлуi мүмкін.
      Салық заңнамасындағы өзгерiстер нәтижесi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыға салық салу ережелерi жақсарған жағдайда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы салық салу ережелерiне түзетулер енгiзiледi.
 

      16.11.2. Келiсiм-шартта көзделген салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi жойылған жағдайда, осы Келiсiм-шарттың 16.11.1-тармағында белгiленген тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн жер қойнауын пайдаланушы Келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
 

      16.12. Ақпаратқа қол жеткiзу
 

      16.12.1. Мердiгер банктегi шоттарына Қазақстан Республикасы салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу мүмкiндiгi бар екендiгiн мойындайды.
 

      16.12.2. Мердiгер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметiнiң қызметкерлерiне Келiсiм-шарт шектерiнде жүзеге асырылатын қызметке жататын ақпаратты беруге мiндеттi.
 

      16.12.3. Мердiгер салық төлеушiлер мониторингiн жүзеге асыратын уәкiлеттi органға салық заңнамасымен белгiленген жағдайларда және тәртiпте қаржы-шаруашылық қызметi жөнiндегi ақпаратты бередi.
      Ескерту. 16-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. N 889 қаулысымен .

16.1. Зейнетақымен қамтамасыз ету <*>

      Мердiгер өз жұмыскерлерiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын мiндеттемелерi пайда болған кезде қолданыстағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес ұстайды және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
      Ескерту. 16-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. N 889 қаулысымен.

17-бөлiм. Бухгалтерлік есеп

     17.1. Мердiгер Мемлекет заңнамасымен белгiленген бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртiбiне сәйкес Келiсiм-шартты жүзеге асыруға байланысты барлық кiрiстер мен шығыстардың толық және дәл бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыруға мiндеттенедi.
 

     17.2. Мердiгердiң барлық бухгалтерлiк кiтаптары мен есептiк құжаттары Мемлекеттің заңнамасымен белгiленген олардың құзыреттерiне сәйкес Құзыреттi органдар мен мемлекеттiк органдардың тексерiсi үшiн қол жеткiзiлiмде болады.

18-бөлiм. Сақтандыру

      18.1. Мердiгер Келiсiм-шарт күшiне енген күннен соң _____ күн  ішiнде __________________________________________________________
          Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсін
байланысты болатын кәсiпкерлiк тәуекелдердi, мүлiктi және жауапкершiлiкті сақтандыру бағдарламасын дайындайды және Құзыреттi органға келiсуге бередi.
 

      18.2. Сақтандыру ____________________________________________
                      Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi
көрсетiлсiн жүргiзу орнына жеткiзiлген жүктердi тасымалдау және жинап қоюмен;
_____________________________________________ жүргізу процесінде Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн жалға алынған немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлiктi қоса алғанда Мердiгердiң мүлкiмен;
      жердi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаның ластануымен және жердi суландыру мен қалпына келтiрудi қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаға келтiрiлген зиянның салдарын жоюға арналған шығыстармен;
      Yшiншi тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкпен байланысты мүлiктiк тәуекелдер мен жауапкершiлiк үшін көзделедi.
 

      18.3. Мердігер өзінің қызметшілерін сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
 

      18.4. Мердігер өзінің қалауы бойынша Мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтандыру компаниясын таңдап алады.

19-бөлiм. Тарату және тарату қоры

      19.1. Келiсiм-шарт күшiнiң мерзiмi бiтуiне дейiн _____ күнде, ал Өндiруге арналған Келiсiм-шартта Келiсiм-шарттың қолданылуының басталуынан екi жыл кешiктiрмей, Мердiгер таратуға кететiн шығындардың сметасын қоса алғанда, өзiнiң қызметiн тарату салдарының бағдарламасын Құзыреттi органға бекiтуге тапсыруы тиiс.
 

      19.2. Тарату бағдарламасында Келiсiм-шарт аумағында Мердiгердiң қызмет процесiнде пайдаланылған ғимараттары мен жабдықтарын қашықтату немесе тарату көзделiнуi тиiс.
 

      19.3. Тарату бағдарламасын орындауды толық қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Мердiгер __________________________ мөлшерiнде тарату қорын құрады.
 

      19.4. Тарату қорына __________ мөлшерiнде қаржыны _________
______________________________________________ Мердiгер Қазақстан 
         кезеңдiлiгi анықталсын 
Республикасының аумағындағы кез-келген банкiге арнаулы депозиттiк шотқа аударады және _______________________________________________
             Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн жөнiндегi шығындар құрамына енгiзедi.
      Мердiгер қорды пайдалануды Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi өкiлетті органмен келiсумен Құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырады.
 

      19.5. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, Мердiгер тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
 

      19.6. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы мердiгерге берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiледi.
 

      19.7. Егер Мемлекет Келiсiм-шарт күшiнiң мерзiмi бiткен соң, Мердiгердiң оған берген ғимараттардың барлығын немесе бiр бөлiгiн өз жауапкершiлiгіне алып, пайдалануды жалғастыру туралы шешiм қабылдаса, мұндай жағдайда Мердiгер тарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ешқандай жауапкершiлiк алмайды және тарату қорында жинақталған барлық активтерге қатысты барлық құқықтарды Мемлекетке бередi.

20-бөлiм. Жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау

      20.1. Келiсiм-шартты орындау процесiнде Мердiгер Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауға қатысты Мемлекет заңнамасын сақтауға, және тұрғындардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
      Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
      табиғи ландшафтты сақтау және бүлiнген жерлердi, басқа да геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтiру;
      жер сiлкiнiстерiнiң, көшкiндердiң, су басулардың, топырақтың шөгуiнiң алдын алу мақсатында Жер қойнауының жоғарғы бөлiктерiнiң энергетикалық жай-күйінiң қасиеттерiн сақтау мақсатында барлық қажеттi шараларды қолдануға міндеттi:
 

      20.2. ______________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн жүргізу кезiнде Мердiгер басымдылық тәртiппен мынадай талаптарды орындауға мiндеттi:
 

     1) экологиялық талаптар:
     қоршаған табиғи ортаны сақтау;
     жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;
     топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауын болдырмау;
     ластануды болдырмау үшiн тартылатын және тұщы сулы жерлердi оқшаулау;
     жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу;
     жер қойнауын пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заңнамаға сәйкес келетiн басқа да талаптар.
 

     2) Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
     Жер қойнауын пайдалануға, оның iшiнде Кен өндiруге байланысты емес мақсаттар үшiн берiлген ______________________________________
                               Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
Кен орындары мен Жер қойнауының учаскелерiндегі қорлардың шамасы мен құрылымын анық бағалау үшiн Жер қойнауының озымды толық геологиялық зерделенуiн қамтамасыз ету;

   __________________________________________________________
       Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетiлсiн  барлық кезеңдерінде Жер қойнауын ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
__________________________________________________________ толық
               Пайдалы қазбаның түрi көрсетілсін
шығарылуын қамтамасыз ету;
     Кен орнын әзiрлеу кезiнде Жер қойнауынан шығарылған және Жер қойнауында қалған Пайдалы қазбалар мен iлеспе компоненттерiне, минералды шикiзаттарды Ұқсату өнiмдерi мен өндiрiс қалдықтарына нақтылы есеп жүргiзу;
     Жер қойнауын _______________________________________________
                      (Барлау, Өндіру, сондай-ақ Өндірумен
___________________________________________________________________
       байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және пайдалану)
кезiндегi қауiптi техногендiк процестерден сақтандыратын қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi Мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану;
      Жер қойнауын су басудан, өрттен, қопарылыстан, жоғарғы қабаттардың төмен опырылуынан, сондай-ақ оның сапасын төмендететiн немесе Кен орнын пайдалануды және әзiрлеудi қиындататын басқа да апаттық факторлардан қорғау;
     _______________________________________________________________
        Жер қойнауын пайдалану операциясының түрiн көрсету керек
жүргiзу кезiнде Жер қойнауының ластануын болдырмау;
      Келiсiм-шарттың 29-бөлiмiмен белгіленген ___________________
                                          Жер қойнауын пайдалану
____________________________________________________________________
операциясының түрi көрсетiлсiн тоқтата тұру, тоқтату тәртiбiн және
Келiсiм-шарттың 19-бөлiмiмен белгiленген Кен орындарын әзiрлеу объектілерiн тарату тәртiбiн сақтау;
      су жинау алаңдары мен жер асты су қорлары қабаттарының орындарында оларды қордалануды болдырмау мақсатында, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды үю және орналастыру кезiнде санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету;
 

      3) санитарлық-гигиеналық талаптар:
      санитарлық қорғау аумағын ұйымдастыру;
      санитарлық қорғау аумағының көрiктендiрiлуiн қамтамасыз ету;
      барлық жабдықтар, құбырлар, қолданылатын химиялық құралдар және соған ұқсас санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсат еткендерiнен болуы тиiс;
      санитарлық-гигиеналық жағдайды қалпында ұстауға бағытталған санитарлық-гигиеналық iс-шараларды жүзеге асыру, өндiрiстiк сырқаттар мен жарақаттың алдын алу;
      қызметкерлердiң денсаулығын нығайту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;
      қоршаған ортаның мониторингiн қамтамасыз ету.
      Мердiгер ___________________________________________________
                Жер қойнауын пайдалану операциясының түрi көрсетілсiн объектiлерiнiң геологиялық, гидрогеологиялық, экологиялық, инженерлiк-геологиялық және технологиялық зерделеудiң толықтығын және нақтылығын қамтамасыз етедi.
 

      20.3. Мердiгер осы Келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметiн бастамас бұрын жоспарланған қызметтiң қоршаған табиғи ортаға ықпалын бағалауды жүргiзуi және мемлекеттiк табиғат қорғау органдарынан табиғатты пайдалануға рұқсат алуы керек.
 

      20.4. Мердiгер осы Келiсiм-шарт бойынша өз қызметiнiң нәтижесiнде жер қойнауына және қоршаған ортаға әсерiн зерделеу және терiс ықпалды уақытылы жою жөнiндегі шаралар қабылдау мақсатында олардың мониторингiн жүргiзуi тиiс.
 

      20.5. Мердiгер қоршаған ортаның жай-күйiн бұзушылықты жою, қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге және табиғатқа келтiрiлген шығынды толық көлемде өтеуге міндеттi.
 

      20.6. Жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың сақталуы үшiн Мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
 

      20.7. Мердiгер Келiсiм-шарттық аумақтың қоршаған ортасының жай-күйін сақтау жөнiндегi жұмыстарды орындайды.
 

      20.8. Мердiгер Мемлекет заңнамасына сәйкес Келiсiм-шарт күшi тоқтатылғаннан кейiн немесе Келiсiм-шарт аумағын кезең-кезеңiмен қайтару кезiнде, Келiсiм-шарт аумағын тiкелей мақсаты бойынша одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайда тапсырады.
 

      20.9. Келiсiм-шартты қолдану уақытында қоршаған ортаның жай-күйiнiң, сондай-ақ Келiсiм-шарттық аумақтың бүлінуi (нашарлауы) тiкелей, мақсатқа пайдалануға жарамды жай-күйге дейiн Мердiгердiң есебiнен қалпына келтiрiледi.

21-бөлім. Тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі

      21.1. Мердiгер Келiсiм-шартқа сәйкес _________________________
                                    Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
____________________________________________________________________
                 операциясының түрі көрсетілсін
_________________________________________________________ жүргізу
           Пайдалы қазбаның түрі көрсетілсін    
кезiнде Мемлекет заңнамасында көзделген жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу
жөнiндегi нормалар мен ережелердiң орындалуын қамтамасыз етуi, сондай-ақ апаттар мен кәсiби сырқаттардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларды жүргізуi тиiс.
 

      21.2. Егер адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп туғызатын болса _____________________________________________________________
     Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін
жүргiзуге тыйым салынады.
 

      21.3. ______________________________________________________
             Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі
көрсетілсін жүргiзу кезiнде техникалық қауiпсiздiк және өндiрiстiк тазалық ережелерi мен нормаларын сақтауға мемлекеттiк бақылауды уәкілеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
 

      21.4. _______________________________________________________
            Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргізу кезінде қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету жөніндегi негiзгi талаптар мыналар болып табылады:
      жұмыстарға арнайы дайындығы мен бiлiктiлiгi бар адамдарға, ал тау-кен жұмыстарын басқаруға - тиiстi бiлiмi бар адамдарға рұқсат беру;
_________________________________________________________ жүргізу
    Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін кезiнде онымен айналысатын адамдарды арнайы киiмдермен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
      тиiстi қауiпсiздiк талаптары мен тазалық нормаларына сәйкес келетiн машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану;
      жарылғыш заттар мен жару құралдарын тиiсiнше сақтау және жұмсау, есебiн жүргiзу, сондай-ақ оларды дұрыс және қауiпсiз пайдалану;
      жұмыстардың технологиялық циклын және қауiптi жағдайларды болжауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi және жеткiлiктi геологиялық, маркшейдерлiк және өзге де бақылаулар кешенiн жүргiзу, қауіптi аймақтарды дер кезiнде анықтау және тау-кен жұмыстарының жоспарларына енгiзу;
      техникалық құжаттамалар мен апаттарды жою жоспарларын, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу шекараларын нақтылайтын мәлiметтермен уақытылы толықтырып отыру;
      Кен орындарын әзiрлеудiң жобалық жүйелерiн (Қатты пайдалы қазбалар үшiн), Әзiрлеудiң және Кен орындарын (мұнай, газ және жер асты сулары үшiн) жайластырудың жобалары мен технологиялық сызбаларын сақтау.
 

      21.5. Мердiгердiң лауазымды адамдары, қызметкерлердiң және/немесе тұрғындардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнуi туындаған кезде жұмыстарды жедел тоқтатуға және адамдарды қауiпсiз жерге тасуға және бұл туралы Құзыреттi және жергiлiктi атқару органдарына хабардар етуге мiндеттi.
 

      21.6. Мердiгер оның шарттық мiндеттемелер мен еңбек мiндеттерiн атқаруы кезiнде азаматтың денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толтырады.

22-бөлiм. Мердігердің келісім-шарттың
Шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілігі

      22.1. Мердiгер жасасқан мәмiлелер Мемлекет заңнамасында көзделген негiздер бойынша заңсыз деп танылады.
 

      22.2. Мердiгер Келiсiм-шарттың 22.1-тармағында көрсетiлген iс-қимылдардың салдарлары үшiн Құзыреттi органның және Yшiншi тұлғалардың алдында толық жауапкершiлiкте болады.
 

      22.3. Көрсетiлген мәмiлелердi жасауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларын басқа да бұзылушылықтарға кiнәлi адамдар заңмен белгiленген тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкте болады.

23-бөлiм. Кездейсоқ оқиға

      23.1. Келiсiм-шарт бойынша қандай да болмасын мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық немесе тиiсiнше орындамаушылық тежеусiз күшке (кездейсоқ оқиғаға) байланысты болса Тараптардың ешқайсысы ешқандай жауапкершiлiкке тартылмайды.
 

      23.2. Тежеусiз күштiң мән-жайларына мынадай мән-жайдың жағдайлары кезiндегi төтенше және күтпеген жағдаяттар жатады, мысалы: әскери жанжалдар, табиғат апаттары, табиғи зiлзалалар (өрт және т.с.). Келтiрiлген тiзбе бәрiн толық қамтыған болып табылмайды.
 

      23.3. Тежеусiз күш мән-жайлары туындаған жағдайда, одан зардап шегушi Тарап бұл туралы кездейсоқ оқиға мән-жайлары басталған күнiн және сипаттамасын анықтаған жазбаша хабарламаны тапсыру немесе поштамен жiберу жолымен екiншi Тарапқа дереу хабарлайды.
 

      23.4. Кездейсоқ оқиға мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешімін іздеу үшін дереу кеңес өткізеді және мұндай мән-жайлардың салдарларын барынша азайту мәліметі үшін барлық құралдарды пайдаланады.
 

      23.5. Кездейсоқ оқиға мән-жайларымен байланысты Келiсiм-шарт бойынша жұмыстардың толық немесе ішiнара тоқтауы кезiнде, бұл жұмыстардың жүргiзiлу кезеңі кездейсоқ оқиғаның қолданылу мерзiмiне ұзартылады және кездейсоқ оқиға тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңғыртылады.

24-бөлiм. Құпиялылық

      24.1. Келiсiм-шартты орындау процесiнде қандай да болмасын Тараптың алған немесе сатып алған ақпараты құпия болып табылады. Тараптар Мемлекет заңнамасында көзделген қажетті есеп берулер құрастыру үшiн құпия ақпаратты пайдалана алады.
 

      24.2. Тараптардың екiншi Тараптың келiсiмiнсiз құпия ақпаратты Үшiншi тұлғаларға мынадай жағдайларды қоспағанда беруге құқығы жоқ:
      егер бұл ақпарат сотта іс қарауды жүргiзу барысында пайдаланылса;
      ақпарат Мердiгерге қызмет көрсететiн Үшiншi тұлғаға мұндай Yшiншi Тарап мұндай ақпаратты құпия қарап және оны Тараптар белгiлеген мақсаттарға және белгiленген мерзiмдерде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда;
      ақпарат Мердiгер қаржылық қаражат алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпаратты құпия деп қарап және оны тек көрсетiлген мақсаттарға ғана пайдалануға мiндеттеме алу шартымен берiлген жағдайда.
 

      24.3. Тараптар, Мемлекет заңнамасына сәйкес, Келiсiм-шарттық аумақта _________________________________________________________
      жүргiзуге Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі
көрсетілсін қатысты барлық құжаттардың, ақпараттардың және есептердiң құпиялығын сақтау мерзiмiн айқындайды.

25-бөлiм. Құқықтар мен міндеттерді тапсыру

      25.1. Келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi Үшiншi тұлғаға тапсыруға, жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге тапсыруды қоспағанда, тек Құзыретті органның жазбаша рұқсатымен ғана жол берiледi. Құзыреттi орган, егер негiзгi ұйым Құзыретті органға Келiсiм-шарт бойынша мiндеттемелерiн толық орындауға еншiлес заңды тұлғамен ортақ кепілдік берсе, Жер қойнауын пайдалану құқығын кез-келген жағдайда, еншілес ұйымға кез-келген тапсырудан бас тартуға құқығы жоқ.
 

      25.2. Келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi тапсыруға байланысты шығыстарды Мердiгер көтередi және мемлекет тарапынан орны толтырылмайды.
 

      25.3. Мердiгер Келiсiм-шартта қандай да болмасын қатысуын сақтаған уақытқа дейiн, ол және ол құқықтар мен мiндеттердi берген Yшiншi тұлға Келiсiм-шарт бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.

26-бөлім. Қолданылатын құқық

      26.1. Келiсiм-шарт және Келiсiм-шарт негiзiнде қол қойылған басқа да келiсiмдер үшiн, егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
 

      26.2. Мердiгер өзіне Келiсiм-шарттық аумақта және онымен iргелес учаскелерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Мемлекет алған Халықаралық мiндеттемелердi сақтауға өзiне міндеттеме қабылдайды.

27-бөлiм. Дауларды шешу тәртібі

      27.1. Тараптар Келiсiм-шарттан туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi келiссөздер жолымен шешу үшiн барлық шараларды қабылдайды.
 

      27.2. Егер дау туындаған сәттен бастап _____________ күн ішiнде даулы мәселе келiссөздер жолымен шешiлмесе, онда Тараптар оны шешу үшiн мынадай органдарға тапсырады:
      заңнамаға сәйкес осыған ұқсас дауларды қарауға уәкiлеттi Мемлекеттiң сот органдарына немесе;
      мынадай арбитраж органдарының біреуіне _____________________
                                            (тек шетелдік
_________________________________________________________________;
         Мердігерлер және бірлескен кәсіпорындар үшін)
 
       Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi конвенцияға (ИКСИД конвенциясы) сәйкес 1995 жылғы 18 наурызда Вашингтонда құрылған қол қою үшін ашық инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталығы (бұдан әрi - орталық), егер Мердiгердiң мемлекетi осы конвенцияның мүшесi болса немесе;
      егер Мердiгердiң мемлекетi ИКСИД конвенциясының мүшесi болмаса, орталықтың қосымша мекемесiне (қосымша органның тәртiбi бойынша қызмет ететін) немесе;
      Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНСИТРАЛ) Халықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясының арбитраждық регламентіне сәйкес құрылатын арбитраж органдарына немесе;
      Стокгольмдегi Халықаралық Сауда палатасының Арбитраждық институты жанындағы арбитраждық қарауға, немесе:
      Мемлекеттiң Сауда-өнеркәсiптiк палатасы жанындағы арбитраж комиссиясына _____________________________________________________
                  Жоғарыда көрсетілген органдардың бірін
___________________________________________________________________
                          таңдап алу керек    

28-бөлiм. Келiсiм-шарт тұрақтылығының кепiлдiктерi <*>

      28.1. Заңнамаға Мердiгердiң жағдайын нашарлататын өзгерiстер мен толықтырулар осындай өзгерiстер мен толықтыруларға дейiн берiлген және жасалған Келiсiм-шартқа қолданылмайды.
      Осы тармақпен белгiленген кепiлдiктер Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды.
 

      28.2. Заңнамаға Келiсiм-шарт бойынша қызметтi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн еместiгiне алып келетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда Тараптар мүдделердiң бастапқы белгiленген тепе-теңдiгiн қалпына келтіру үшін Тараптардың жазбаша келісімімен Келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізе алады.
      Ескерту. 28-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.08.09. 889 қаулысымен.

29-бөлiм. Келісім-шарттың қолданылуын
тоқтату және тоқтата тұру шарттары

      29.1. Құзыреттi орган егер:
      Келiсiм-шарттың қызметiмен байланысты жұмыстардың ықпал ету аумағында жұмыс iстейтiн немесе тұратын адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнсе, Келiсiм-шарттың қолданылуын мiндеттi түрде тоқтатады.
 

      29.2. Құзыреттi орган Келiсiм-шарттың қолданылуын мынадай жағдайларда:
      Мердiгер Келiсiм-шартта және Жұмыс бағдарламасында көзделмеген қызметтi жүзеге асырған кезде;
      Мердiгер өз қызметiнiң процесiнде Мемлекеттiң жер қойнауын, қоршаған табиғи ортаны қорғау және жұмыс жүргiзудiң қауіпсiздiгi бөлiгiнде Мемлекет заңнамасын бұзған кезде;
      Мердiгер өзiнiң қызметiнiң процесiнде Келiсiм-шартта белгiленген салық төлеу және басқа да міндеттi төлемдердi төлеу тәртiбiн бұзған кезде;
      Мердiгер Келiсiм-шарттағы құқықтарын Үшiншi тұлғаға тапсыруды Келiсiм-шарттың 25-бөлiмiн толықтай немесе ішiнара бұза отырып тапсыру кезiнде;
      Жұмыс бағдарламасының шеңберiнде тежеусiз күш жағдайларында (кездейсоқ оқиға) байланысты жағдайларды қоспағанда, Мердiгер өндiрiстi мерзiмiнен артық ________ күнге тоқтатса;
      осы Келiсiм-шарт бойынша ақпараттық құпияны сақтау туралы шарттарды бұзған кезде тоқтата тұруға құқылы.
 

      29.3. Мердiгер Келiсiм-шарттың қолданылуын тоқтата тұруға мәжбүр еткен себептердi жойғанын хабарлағаннан кейiн оның қолданылуы одан әрi жалғастырылады.
 

      29.4. Келiсiм-шарт тек мынадай жағдайларда ғана қолданылуы мерзiмiнен бұрын:
      Мердiгер Барлаумен және (немесе) Өндiрумен байланысты емес Барлауды Өндiрудi, бiрлескен Барлау мен Өндiрудi не Құрылысты және (немесе) жерасты құрылыстарын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауды туғызған себептердi жоюдан бас тартқан кезде не осы себептердi жою үшiн жеткiлiктi мерзiмде оларды жоймаған кезде;
      егер жер қойнауын пайдаланушы Келiсiм-шартта белгiленген жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларға кiрiспеген жағдайда;
      адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп туғызумен байланысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды тоқтата тұруды туғызған себептердi жою мүмкiн емес жағдайда;
      Мердiгер Келiсiм-шартпен не жұмыс бағдарламасымен белгiленген мiндеттемелерiн айтарлықтай бұзған жағдайда;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепiлдiкке салынғаннан басқа жағдайларды қоспағанда, Мердiгер банкрот деп танылған жағдайда K941000_ ;
      Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес Келiсiм-шарт заңсыз деп танылса тоқтатылады.
 

      29.5. Келiсiм-шарттың қолданылуы осы Келiсiм-шарттың 29.4-тармағында көрсетiлген себептер бойынша Мердiгер Құзыреттi органнан Келiсiм-шарттың қызметiн қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабар алғаннан кейiн ________ күннен соң тоқтатылады.
 

      29.6. Тараптар Мердігерге Келiсiм-шарттың қолданылуын тоқтату туралы ескертудi тапсыру сәтiне орындалмай қалған ағымдағы мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды.

30-бөлiм. Келісім-шарт тілі

      30.1. Осы Келiсiм-шарттың мәтiнi қазақ және орыс (басқа) тiлдерiнде жүргiзiледi және барлық даналары бiрдей.
 

      30.2. Мәтiннiң нұсқалары арасында келiспеушiлiктер мен даулар туындаған жағдайда ____________________ нұсқасы артықшылықты күшке                     қалайтын тілді көрсету
ие болады.    
 

      30.3. Тараптар ________ тiлдерi қатынас тiлдерi ретiнде қолданылатындығына уағдаласады. Келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап ___________________________________________________________
   Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрi көрсетілсін
жүргiзуге қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат ________________
тiлдерiнде жүргізiледi.
 

      30.4. Әкiмшiлiк қызметке қатысты құжаттама мен ақпарат мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.

31-бөлiм. Қосымша ережелер

      31.1. Осы Келiсiм-шартты iске асыруға байланысты талап етiлетiн барлық хабарламалар мен құжаттар, осы Келiсiм-шарт бойынша Тараптардың әрқайсысына ұсынылған және жеткiзiлген деп, оларды алу фактiсi бойынша есептеледi.
 

      31.2. Хабарламалар мен құжаттар тiкелей қолға тапсырылады немесе мынадай мекен-жайларға: пошта, тапсырыс авиапоштасы, факс, телекс немесе телеграф бойынша жiберiледi.

     Құзыреттi органның мекен-жайы:          Мердiгердiң мекен-жайы:
             телекс                                   телекс
            телеграф                                 телеграф

     Құзыреттi органның атынан                Мердiгердiң атынан
   _________________________                _______________________

      31.3. Осы Келiсiм-шарт бойынша мекен-жайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама ұсынуы тиiс.
 

      31.4. Келiсiм-шарттың барлық қосымшалары оның құрамды бөлiктерi ретінде қаралады. Қосымшалардың және Келісім-шарттың өзінің ережелерінің арасында қандай да бір айырмашылық болған кезде, Келісім-шарттың негiз қалаушы мәнi болады.
 

      31.5. Келiсiм-шарт ережелерiне қайшы келмейтiн Келiсiм-шартқа енгiзiлетін түзетулер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келiсiмiмен ресiмделедi. Мұндай келiсiм Келiсiм-шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.
      Осы Келiсiм-шартты 200__ жылғы ___________ (айы) _____ (күні)
Қазақстан Республикасының қаласында Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жасасты.

     Құзыреттi орган                         Мердiгер
     қолы __________________                 қолы _________________
     лауазымы ______________                 лауазымы _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады