Латвия Республикасының Премьер-Министрі Андрис Берзиньштің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1119

      Қазақстан Республикасы Латвия Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту әрі Латвия Республикасының Премьер-Министрі Андрис Берзиньштің Қазақстан Республикасына 2001 жылғы 5-7 қыркүйектегі ресми сапарын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру-хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
      Латвия Республикасының Премьер-Министрі Андрис Берзиньштің Қазақстан Республикасына 2001 жылғы 5-7 қыркүйектегі ресми сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөнінде Астана және Алматы қалаларына ұйымдастыру іс-шараларын;
      сапарды өткізуге, соның ішінде ресми делегация мүшелерінің тұруына арналған шығыстарды 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Латвия Республикасының ресми делегация мүшелерін орналастыру, оларға қызмет көрсету және көлікпен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми делегация мүшелерінің тұратын және баратын орындарда қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Латвия Республикасы Премьер-Министрінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін;
      Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшақтың қонуын, ұшып шығуын, оған техникалық қызмет көрсетуді, тұрақ беруді және жанар май құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының бірінші мәжілісін Астана қаласында ұйымдастырсын.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан-латвия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының бірінші мәжілісін өткізуге 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қаражат бөлсін.
      8. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары, іскер топтары өкілдерінің және Латвия Республикасы делегациясының құрамында келетін іскер топтар өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек үстел" ұйымдастырсын.
      9. Алматы қаласының әкімі "Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жабық акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп:
      Қазақстан Республикасының іскер топтары өкілдерінің және Латвия Республикасы делегациясының құрамында келетін іскер топтар өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум;
      Алматы қаласы әкімінің атынан Латвия Республикасы Премьер-Министрінің құрметіне түстік қонақасы ұйымдастырсын.
      10. Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      Латвия Республикасының ресми делегациясын күтіп алу және шығарып салу, Астана және Алматы қалаларының әуежайлары мен көшелерін безендіру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін;
      Латвия Республикасының іскер топтары үшін Астана және Алматы

 

қалаларында болған кезде жеке бағдарлама дайындасын.

     11. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша)

Латвия Республикасының Премьер-Министрі Андрис Берзиньшті Астана және

Алматы қалаларының әуежайларында күтіп алу және шығарып салу рәсімдеріне

қатыссын.

     12. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім

бойынша) Латвия Республикасы ресми делегациясының күзетілетін тұлғаларының

қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

     13. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     14. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі





О подготовке и проведении официального визита Премьер-Министра Латвийской Республики Андриса Берзиньша в Республику Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2001 года N 1119

      В целях укрепления двустороннего сотрудничества между Республикой Казахстан и Латвийской Республикой и обеспечения организационно- протокольных мероприятий по подготовке и проведению официального визита Премьер-Министра Латвийской Республики Андриса Берзиньша в Республику Казахстан 5-7 сентября 2001 года Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству иностранных дел Республики Казахстан обеспечить:
      организационные мероприятия по подготовке и проведению официального визита Премьер-Министра Латвийской Республики Андриса Берзиньша в Республику Казахстан 5-7 сентября 2001 года в городах Астане и Алматы (далее - визит);
      финансирование расходов на проведение визита, в том числе на проживание членов официальной делегации, за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2001 год по программе "Представительские расходы".
      2. Управлению Делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) принять необходимые меры по размещению, обслуживанию и обеспечению транспортом членов официальной делегации Латвийской Республики.
      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить безопасность членов официальной делегации Латвийской Республики в местах проживания и посещения, а также сопровождение по маршрутам следования.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:
      совместно с Министерством обороны Республики Казахстан пролет специального самолета Премьер-Министра Латвийской Республики Андриса Берзиньша над территорией Республики Казахстан;
      посадку, вылет, техническое обслуживание, стоянку и заправку специального самолета в аэропортах городов Астаны и Алматы.
      5. Министерству культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан обеспечить освещение визита в средствах массовой информации.
      6. Министерству экономики и торговли Республики Казахстан организовать в городе Астане первое заседание Казахстанско-латвийской межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству.
      7. Министерству иностранных дел Республики Казахстан выделить Министерству экономики и торговли Республики Казахстан средства на проведение первого заседания Казахстанско-латвийской межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2001 год по программе "Представительские расходы".
      8. Акиму города Астаны совместно с Комитетом по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан организовать "круглый стол" с участием представителей заинтересованных государственных органов, деловых кругов Республики Казахстан и прибывающих в составе делегации представителей деловых кругов Латвийской Республики.
      9. Акиму города Алматы совместно с закрытым акционерным обществом "Казахстанский центр содействия инвестициям" (по согласованию) организовать:
      бизнес-форум с участием представителей деловых кругов Республики Казахстан и прибывающих в составе делегации представителей деловых кругов Латвийской Республики;
      обед от имени акима города Алматы в честь Премьер-Министра Латвийской Республики.
      10. Акимам городов Астаны и Алматы:
      обеспечить выполнение организационных мероприятий по встрече и проводам официальной делегации Латвийской Республики, оформлению аэропортов и улиц городов Астаны и Алматы;
      подготовить отдельную программу для представителей деловых кругов Латвийской Республики по пребыванию в городах Астане и Алматы.
      11. Республиканской гвардии Республики Казахстан (по согласованию) принять участие в церемонии встречи и проводов Премьер-Министра Латвийской Республики Андриса Берзиньша в аэропортах городов Астаны и Алматы.
      12. Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить безопасность охраняемых лиц официальной делегации Латвийской Республики.
      13. Контроль за реализацией настоящего постановления возложить на Министерство иностранных дел Республики Казахстан.
      14. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Пучкова О.Я.)