Өзбекстан Республикасына Италиядан химикаттардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 қыркүйек N 1155

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 11 мамырдағы N 6-05/01 келісім-шарт бойынша "CHARM POYABZAL TA" MINOT" еншілес кәсіпорны үшін (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) "EUROLEATHER" SRL (Италия) компаниясы жеткізетін химикаттардың Италиядан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне қосымшаға сай номенклатурасы мен мөлшері бойынша рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан

 

Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада

белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы

химикаттардың транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін. 


Z952368_




V011426_



     3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы

                                              Үкіметінің

                                        2001 жылғы 6 қыркүйектегі

                                           N 1155 қаулысына

                                                қосымша


         2001 жылғы 11 мамырдағы N 6-05/01 келісім-шарт бойынша

   "CHARM POYABZAL TA" MINOT" еншілес кәсіпорны үшін (Ташкент қаласы,     

     Өзбекстан Республикасы) "EUROLEATHER" SRL (Италия) компаниясы

          жеткізетін химикаттардың мөлшері мен номенклатурасы


---------------------------------------------------------------------------

Р/с! Химикаттардың !   СЭҚ ТН   ! Өлшем ! Мөлшері !   Италия   !  Италия

N !     атауы     !    коды    !бірлігі!         !   лирімен  !  лирімен

   !               !            !       !         !   бірлік   !  құны

   !               !            !       !         !   бағасы   !

---------------------------------------------------------------------------

1.  Натрий сульфиді   283010000    кг.     2000       1610       3220000


2.  Диметиламиннен    380993000    кг.     1320       2170       2864400

    тұратын жану

    қаупі бар,

    тотықтыратын

    сұйық


    Жиынтығы                                                     6084400

---------------------------------------------------------------------------

     Жөнелтуші: "EUROLEATHER" SRL (Италия) компаниясы.

     Шекарадан өту пункттері: Озинки (Ресей Федерациясы) - Шеңгелді

(Қазақстан Республикасы).

     Алушы: "CHARM POYABZAL TA" MINOT" еншілес кәсіпорны (Өзбекстан

Республикасы, Ташкент қаласы).



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А. 





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады