Өзбекстан Республикасына Ресей Федерациясынан диэтиленгликольдің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 қыркүйек N 1161

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 21 ақпандағы N К-243 келісім-шарт негізінде "O"ZTASHQINEFTGAZ" ашық акционерлік қоғамына (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) диэтильгликоль жеткізуші "Quatro engineering" компаниясы (АҚШ) үшін 2001 жылғы 1 маусымдағы N К-243 келісім-шарт негізінде "Авиа-Химпром" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Дзержинск қаласы, Ресей Федерациясы) жеткізетін диэтиленгликольдің Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне қосымшаға сай номенклатурасы мен мөлшері бойынша рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімге және басқа нормативтік кесімдерге сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы темір жол көлігімен диэтильгликольдің транзиттік тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті 


Z952368_


  заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан

Республикасының аумағы арқылы диэтиленгликольдің транзитіне бақылауды

қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы

қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шаралар қабылдасын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                Қазақстан Республикасы

                                                            Үкіметінің

                                             2001 жылғы 7 қыркүйектегі

                                                      N 1161 қаулысына

                                                               қосымша


          2000 жылғы 21 ақпандағы N К-243 келісім-шарт негізінде

          "O"ZTASHQINEFTGAZ" ашық акционерлік қоғамына (Ташкент

            қаласы, Өзбекстан Республикасы) диэтиленгликоль

           жеткізуші "Quatro engineering" компаниясы (АҚШ) үшін

          2001 жылғы 1 маусымдағы N К-243 келісім-шарт негізіндеҒ

      "Авиа-Химпром" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Дзержинск қаласы,

            Ресей Федерациясы) жеткізетін диэтиленгликольдің

                        номенклатурасы мен мөлшері

________________________________________________________________________

Р/с ! Өнімнің атауы  !   СЭҚ ТН   !Өлшем   !Мөлшері!АҚШ      !АҚШ

  N  !                !   коды     !бірлігі !       !доллары. !долларымен

     !                !            !        !       !мен      !құны

     !                !            !        !       !бір бір. !

     !                !            !        !       !ліктің   !

     !                !            !        !       !бағасы   !

________________________________________________________________________

1.   Диэтиленгликоль   290941000    тонна    2000    645      1290000

________________________________________________________________________

      Жиынтығы                                                 1290000

________________________________________________________________________


     Жөнелтуші: "Авиа-Химпром" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей

Федерациясы).

     Баратын станциялары: Өзбек темір жолының Шортан, Қарауылбазар, Күкірт

заводы станциялары.

     Шекарадан өту станциялары: Ақсарай (Ресей Федерациясы) - Тобыл -

Шеңгелді (Қазақстан Республикасы).

     Алушы: "O"ZTASHQINEFTGAZ" ашық акционерлік қоғамы (Өзбекстан

Республикасы).




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады