Жекелеген жоғары оқу орындарын қайта атау және акционерлік қоғамдар етіп қайта құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы N 1313 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде: 
      1) Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің жарғысына өзгерістер енгізсін және әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің 2001 жылғы 11 қазандағы  
N 1313 қаулысымен          
бекітілген              

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

      3. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 1 және 6-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 16-1, 16-2, 16-3, 16-4, 16-5, 16-6, 16-7, 16-8-жолдармен толықтырылсын:

     "16-1  "Абай атындағы Алматы мемлекеттік
            университеті" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны          Алматы қаласы
     16-2   "Қарағанды мемлекеттік техникалық
            университеті" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны       Қарағанды қаласы

     16-3   "Қазақ мемлекеттік заң академиясы"
            республикалық мемлекеттік
            қазыналық кәсіпорны                      Алматы қаласы

     16-4   "Д.Серікбаев атындағы Шығыс
            Қазақстан мемлекеттік техникалық
            университеті" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны         Өскемен қаласы

     16-5   "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
            мемлекеттік университеті"
            республикалық мемлекеттік
            қазыналық кәсіпорны                    Көкшетау қаласы

     16-6   "Қарағанды мемлекеттік медицина
            академиясы" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны       Қарағанды қаласы

     16-7   "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
            медицина академиясы"
            республикалық мемлекеттік
            қазыналық кәсіпорны                     Шымкент қаласы

     16-8   "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
            мемлекеттік педагогикалық
            институты" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны        Арқалық қаласы".

      4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
      реттік нөмірлері 2, 9, 14, 16, 20, 29, 31-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-1-жолмен толықтырылсын:

      "32-1  Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік
             университеті                           Ақтау қаласы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады