Ғ"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін және "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің бір бөлігін жекешелендірудің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 қазан N 1315

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ заң күші бар Жарлығының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, сыртқы экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының атаулы құны 600 (алты жүз) теңге саны 736 730 (жеті жүз отыз алты мың жеті жүз отыз) дана жарғылық капиталдың 15 (он бес) пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін қор рыногы P981137_ арқылы жабық тендерде мынадай тәртіппен:
      саны 245 577 (екі жүз қырық бес мың бес жүз жетпіс жеті) дана 5 (бес) пайызды алдын ала бірнеше лотқа бөліп, жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында сатуды;
      саны 491 153 (төрт жүз тоқсан бір мың жүз елу үш) дана 10 (он) пайызының шетелдік инвесторлар болып табылмайтын заңды тұлғаларға біртұтас лотпен сатуды жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 1646 P991646_ қаулысына:
      1-тармақтың 3-тармақшасындағы "отыз бес" деген сөздер "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) "Жекешелендірудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 қазандағы N 1556 P001556_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеті жеке

 

жоба бойынша жекешелендірілетін аса ірі және бірегей акционерлік

қоғамдардың тізбесінде:

     реттік нөмірі 8-жол алынып тасталсын;

     3) "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы

акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру туралы" Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі N 464 


P010464_


  қаулысына:

     1-тармақтағы "екінші" деген сөз "төртінші" деген сөзбен ауыстырылсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады