Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қазан N 1369

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654  Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің               
2001 жылғы 28 қазандағы        
N 1369 қаулысымен          
Бекітілген               

 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар  

       1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк iшкi займының ұлттық жинақ облигацияларын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 21 мамырдағы N 619  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 22, 194-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк iшкi займның ұлттық жинақ облигацияларын шығару айналысқа қосу және өтеу шарттары туралы ережеде: 
      8-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3. Ескерту. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге дейiн шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтiнен бастап 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941  қаулысымен .
      4. Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.11. N 641   қаулысымен .
      5. - 6. Ескерту. 5,6-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.09. N 124  қаулысымен .
      7. Ескерту. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге дейiн шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтiнен бастап 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941  қаулысымен .
       8. Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.05. N 908 Қаулысымен.
      9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1859 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 57, 520-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк арнаулы қазынашылық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысқа енгiзудiң және өтеудiң ережесiнде: 
      4-тармақтағы "бағалы қағаздар жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздер "Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      12. Ескерту. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнге дейiн шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтiнен бастап 12-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.08. N 941  қаулысымен .
      13. "Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 363  қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Айналыс мерзiмi бес жыл арнайы валюталық мемлекеттiк облигацияларды шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiнде: 
      4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      14. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, айналысының және өтеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегі N 398  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 12, 121-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi үш, алты, тоғыз және он екi ай мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, олардың айналысының және өтеудiң ережесiнде: 
      5 және 22-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      14-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 
      "Бұл ретте, қазынашылық мiндеттемелердің аукциондарына екiншi деңгейдегі банктердiң және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының арасынан iрiктелген жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ұсынымы бойынша Эмитент айқындайтын тек бастапқы дилерлер ғана тiкелей қатысады.". 
      15. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 15-тармағы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.04.24.
N 470  қаулысымен .
         16. "Қазақстан-американ бiрлескен комиссиясының 6-мәжiлiсi Қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына 1999 жылғы 17-22 желтоқсандағы сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 наурыздағы N 413  қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан-Американ бiрлескен комиссиясының 6-мәжілісi қорытынды баяндамасының ережелерiн және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында (1999 жылғы 17-22 желтоқсан) қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      реттiк нөмiрi 46-жолдың "Орындалуына жауаптылар" деген бағанындағы "Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссия (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын. 
      17. "Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бiр жыл және одан артық мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегі N 597   қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының айналыс мерзiмi бiр жыл және одан артық мемлекеттiк орта мерзiмдi қазынашылық валюталық мiндеттемелерiн шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiнде: 
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" және "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      16-тармақтың екiншi абзацындағы бiрiншi және екiншi сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Екiншi дәрежелi банктер мен бағалы қағаздар рыногының өзге кәсiби қатысушылары арасынан iрiктеген жағдайда бастапқы дилерлердi Қаржы агентiнiң ұсынымы бойынша Эмитент белгiлейдi.". 
      18. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 729  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 256-құжат): 
      1) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат орталығы туралы ережеде: 
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясынан" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экономикалық ақпарат орталығына мiндеттi түрде ұсынылатын материалдардың тiзбесiнде: 
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша)" деген бөлiмде: 
      "елдегi банк жүйесiн дамыту" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "капитал рыногын дамытудың проблемалары мен перспективалары; 
      экономиканы қаржыландыруда қаржы құралдары тиiмділігінің проблемалары; 
      аймақтарда қаржы құралдарын пайдалануды тарату."; 
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы" деген бөлiм алынып тасталсын. 
      19. <*>
       Ескерту. 19-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.05. N 110  қаулысымен .
      20. "Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 тамыздағы N 1277  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 36-37, 434-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жинақ ақшаларды қорғау және ынталандыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдарда 3 "Орындауға жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      реттiк нөмiрi 6-жолда 4 "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "БҚҰК-ның нормативтiк құқықтық кесiмдерi" деген сөздер алынып тасталсын. 
      21. "Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1774  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 49-50, 579-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмді қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасында: 
      8 "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландырудың және ипотекалық несие беру жүйесiн дамытудың бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары" деген бөлiмде: 
      реттiк нөмiрлерi 2, 3, 7-жолдарда 4 "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "БҚҰК (келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын. 
      22. <*>
       Ескерту. 22-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің   2006.06.16. N  557 қаулысымен.  
      23.  Ескерту. 23-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің   2008.07.17.  N 691 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-т. қараңыз) қаулысымен.  
      24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.  
      25. <*>
       Ескерту. 25-тармақтың күші жойылды   - ҚР Үкіметінің 2005.02.02. N 91  қаулысымен .
      26. "Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 мамырдағы N 685  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 235-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шығыс Қазақстан облысы жергiлiктi атқарушы органының орта мерзiмдi облигацияларын шығарудың, орналастырудың, олардың айналысының, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң ережесiнде: 
      7-тармақта "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      27. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773  қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Астық туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
      реттiк нөмiрлерi 5 және 6-жолдарда: 
      3 "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4 "Орындауға жауапты мемлекеттiк орган" деген бағандағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      28. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шілдедегi N 654  Жарлығын iске асыру жөнiндегі кейбiр шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 тамыздағы N 1040  қаулысына
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "2-1. А.М.Жолдасбеков Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының тарату комиссияларының және шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының төрағасы болып тағайындалсын. 
      Тарату комиссиялары төрағасының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен "Қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1942  қаулысына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасына бұрын белгіленген орташа жалақы мөлшерінде жүзеге асырылсын.".

Қазақстан Республикасы        
Үкiметінiң             
2001 жылғы 28 қазандағы       
N 1369 қаулысына           
қосымша                 

                  Қазақстан Республикасы Yкiметінің
               күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің
                           тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ұйымдастырушылық мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 27 қаңтардағы N 98  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 4, 52-құжат). 
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Министрлер Кабинетiнің 1995 жылғы 11 шiлдедегi N 948 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.
     3. "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1552  қаулысының 1 және 2-тармақтары.  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады