Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қарашадағы N 1443 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 474 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі N 1011 P011011_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау ережесіне:
      10-тармақтың 7) тармақшасындағы "мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі" деген сөздер "мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақтың 1) тармақшасында "өзгертпейді" деген сөзден кейін нүкте қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Конкурстық комиссия үш күн мерзімде конкурсқа қатысушының сұрау салуына жауап береді және конкурстық құжаттама ұсынылған конкурстың барлық қатысушысына осындай түсіндіруді жібереді;";
      32-тармақтағы бірінші абзацта "мөлшері конкурстық өтінім сомасының 5 пайызын құрайды" деген сөздер "мөлшерін конкурстық комиссия белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ережеге 2-қосымшада:
      реттік нөмірі 2-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "25" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 5-жолда "Балдардың саны" деген бағанда "10" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 7-жолда "р/р" деген бағанда "7" деген сан алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 13-жолда "Өлшемнің атауы" деген бағанда "Орыс тілін" деген сөздер "Мемлекеттік тілді және орыс тілін" деген сөздермен ауыстырылсын;

     Ережеге 5-қосымша алынып тасталсын;

     Ережеге 6-қосымшада:

     "Көлемі" деген 2-бөлімнің 11) тармақшасында "аударымдар" деген сөзден

кейін нүктелі үтір қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен

толықтырылсын:

     "12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қорды сенімді басқару

жөніндегі қызметін басқа елдердің осындай қорларының қызметімен

салыстырмалы талдау.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады