Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Медициналық орталығының "Алматы" клиникалық санаторийi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 15 қараша N 1451

      "Алматы" санаторийiн тиiмдi пайдалану, оның қаржы-шаруашылық қызметiн дамыту және менеджментiн жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс Басқармасы Медициналық орталығының "Алматы" клиникалық санаторийi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен "Алматы" санаторийi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекiту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi мәнi санаторийлiк-курорттық және өзге де емдеу мен демалысты ұйымдастыру болып анықталсын;
      2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) негiзгi шарты инвестициялар тарту деп анықтай отырып, Қоғам жарғылық капиталының 60 пайыз мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн инвестициялау жағдайында ашық коммерциялық тендерде сатуды жүзеге асырсын;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының оған Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иемдену және пайдалану құқығын беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                            2001 жылғы 15 қарашадағы
                                                N 1451 қаулысына
                                                    қосымша

        Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне
               енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 P961455_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы "Алматы" санаторийi", Алматы облысы, Қарғалы поселкесi" деген жолы алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Алматы" санаторийi" ААҚ.
      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акциялар мен үлестердiң мемлекеттiк пакеттерi республикалық меншiкке жататын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-58-жолмен толықтырылсын:
      "123-58. "Алматы" санаторийi" ААҚ.
      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 238-3-жолмен толықтырылсын:
      "238-4. "Алматы" санаторийі" ААҚ.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады