Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың жекелеген мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 қараша N 1538

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазселденқорғау" құрылыс-монтаждау басқармасы (ҚМБ)" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының (ТЖК "Қазселденқорғау" РМҚК ӨТЖБ) өндiрiстiк-технологиялық жинақтау басқармасы (ӨТЖБ)" еншiлес мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасының ТЖМК "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының механикаландыру және көлiк басқармасы (МжКБ)" және "Қазақстан Республикасының ТЖМК "Қазселденқорғау" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Қапшағай қосалқы ауыл шаруашылығы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң "Селденқорғау құрылыс" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi селден, су тасқындарынан, қар көшкiндерiнен, жер сiлкiнiсiнен және басқа да табиғи апаттардан туындаған төтенше жағдайларда арнайы жұмыстарды орындау болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн;
      2) оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады