Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1564 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1170 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 № 1170 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі осы Тұжырымдаманы іске асыру бағдарламасын 2002 жылдың ІІ тоқсанында заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                        2001 жылғы 4 желтоқсандағы
                                            N 1564 қаулысымен
                                                 мақұлданған

                      Қазақстан Республикасының
                телекоммуникациялар саласын дамытудың
                          2001-2005 жылдар
                          кезеңіне арналған
                            Тұжырымдамасы

                           Астана қаласы
                              2001 жыл

                               Кiрiспе

        Республика экономикасының тұрақтану кезеңiнiң аяқталуы және оның тұрақты өсу жолына өтуi мемлекеттiк реттеу және басқару практикасында орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi индикативтiк жоспарлау құралдарын нақты пайдалану үшiн объективтi алғышарт жасайды.
      Перспективалық жоспарлаудың жалпы жүйесiнде iрi салалық кешендердi орташа мерзiмдi негiзде дамыту стратегиясын қалыптастыруға маңызды орын берiледi. Солардың қатарына қазiргi кезеңде барған сайын өркендей түсетін рөлi қоғамдық өмiрдiң барлық қырларының дүниежүзілік ауқымда ғаламдандыру және ақпараттандыру үрдiстерiмен айқындалатын телекоммуникациялар саласы да жатады.
      Телекоммуникациялар дамуы Қазақстанның 2030 жылға дейiн Даму K972030_ стратегиясының ережелерiне сәйкес жетi ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрiне жататын инфрақұрылымдардың құрамдас бөлiгi болып табылады және бұл саланың дамуы:
      ұлттық қауiпсiздiктi нығайтуға;
      саяси тұрақтылыққа;
      экономикалық өркендеуге игi ықпалын тигiзуi қажет.
      Алайда, саланың перспективалық қызмет етуiнiң тұжырымдамалық негiздерiн белгiлемейiнше, телекоммуникациялар рыногының даму үрдiстерiне iшкi және сыртқы факторлар негiзiнде баға бермейiнше, даму сатыларын кезеңдестiру және бөлудi жүргiзбейiнше, мемлекеттiк салалық саясаттың басымдықтарын таңдамайынша, реттеушiлер жүйесiнiң ұтымды эволюциясынсыз, саладағы заңнамалық және нормативтiк базаны оңтайламайынша, телекоммуникацияларды дамытудың жоспарлық және болжамдық өлшемдерiн қалыптастыру мүмкiн емес.
      Телекоммуникациялар саласын перспективалық дамытудың шешушi мәнiсiн жүйелi түрде бейнелейтiн тұжырымдамалық құжатты әзiрлеу қажеттiгi Қазақстан экономикасының неғұрлым серпiндi салаларының бiрiнiң объективтiк даму үрдiстерiне, республиканың телекоммуникация кешенiн дамытудың стратегиясы мен тактикасы мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк идеологияны жетiлдiру қажеттілігiне байланысты туындап отыр.
      Осы тұжырымдамада телекоммуникациялар саласын орташа мерзiмдi перспективада дамытудың негiзгі бағыттары мен өлшемдерi қамтылып, табиғи рынок факторларының жиынтық әсерi нәтижесiнде де және реттеу шаралары мен тетiктерi ықпалының негiзiнде де қалыптасатын телекоммуникациялар рыногындағы ахуал өзгерiсiнiң белгiлi бiр сценарийi сапалы деңгейде ұсынылады.
 
                 1. Саланың жай-күйiнiң қысқаша сипаттамасы
 
      Республиканың телекоммуникация кешенiн дамытудың тиiмдi стратегиясын әзiрлеу мақсатында саланың Қазақстан экономикасының жалпы құрылымындағы рөлi мен алатын орнын анық және айқын түсiнудiң маңызы зор, өйткенi осы арқылы мақсатты айқындау және перспективалық мерзiмдегi даму мiндеттерінің құрылымын жасау мүмкiн болады.
      Телекоммуникациялар - байланыстың өте маңызды құрамдас бөлiгi, ол өнiмi хабар беру және хабар беру үшiн техникалық құрал-жабдықтар ұсыну түріндегi қызмет көрсетулер болып келетiн қоғамдық өндiрiс саласы болып табылады. Телекоммуникациялар саласы телекоммуникациялар желiлерi мен ақпарат берудi жүзеге асыратын және тұтынушыларға телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiн iске асыратын қызметтердiң жиынтығынан тұрады.
      Саланың Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының құрамдас бөлiгi ретiндегi рөлi мен маңызы телекоммуникациялардың төмендегiдей қызметiмен тұжырымдалады:
      елдiң күнделiктi тiршiлiк қажеттерiн қамтамасыз етедi.
      Қазiргi жағдайда өмiрдiң мемлекеттiк, қоғамдық, шаруашылық салалары және адам өмiрi телекоммуникация құралдарынсыз аттап баса алмайды;
      мемлекеттi басқару және ұлттық қауiпсiздiктi сақтау құралымен қамтамасыз етедi. Мемлекет жыл сайын барлық бюджеттiк шығындардың 1,5-2% мөлшерiнде телекоммуникациялар қызметiн тұтынады;
      қазiргi заманғы бизнестi және экспорттық қызметтi дамыту үшiн қажеттi шарттардың бiрi болып табылады. Сала жыл iшiнде елiмiздiң шаруашылық кешенiне және тұрғындарына жүздеген миллион қызметтер көрсетедi. Байланыс басқа салалардың өндiрiстiк шығындарының қажеттi және елеулi құрамдас бөлiгi болып табылады;
      iрi және серпiндi дамитын сала болып табылады. Телекоммуникациялар саласының 2000 жылғы өндiрiс көлемi 50 млрд. теңгенi немесе республиканың жалпы iшкi өнiмiнiң 2% құрады. Телекоммуникациялар тұтас алғанда, экономикадан тез өседi және бұл соңғы онжылдықта дамушы елдердiң барлық секторларының үрдiсi болды. Сала кәсiпорындарының мемлекеттiк бюджетке 2000 жылы аударған салықтық аударымдары 1999 жылмен салыстырғаннан 66% дерлiк өсiп, 11 миллиардтан астам теңгенi немесе мемлекеттік бюджеттiң барлық жоспарланған түсiмдерiнiң 3,2% құрады;
      кәсiпкерлiк қызметтiң қызығарлық саласы болып табылады. Елiмiздiң экономикасындағы нарықтық өзгерiстердiң дамуы барысында телекоммуникациялар экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда неғұрлым мол кiрiстi қамтамасыз ете отырып, кәсiпкерлер назарын аударатын нысанаға айналды. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларын байланыс қызмет көрсетулерiнiң қажеттi түрлерiмен қамтамасыз ету жөнiндегi байланыс операторларының қызметiн мемлекеттiк реттеу және бақылау мақсатында 1996 жылы байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау енгiзiлдi. 1996 жылдың қараша айынан 2000 жылдың желтоқсан айына дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 600 жуық лицензия бердi, оның 75% телекоммуникациялар саласының үлесiне тиедi;
      көп жұмыс орындарын берушi тұрақты көз болып табылады. Телекоммуникациялар саласында 35 000 астам қызметкер тiкелей жұмыс iстейдi, бұл экономика салалары бойынша жұмысқа қамтылғандардың шамамен 1 пайызын құрайды. Сонымен қатар бұл сала үлкен көлемде құрылыс жүргiзу, қазақстандық кәсiпорындар өндiрген құрал-жабдықтар мен кабель өнiмдерiн сатып алу арқылы экономиканың басқа да салаларындағы жұмыс орындарын сақтауды және жаңаларын ашуды қамтамасыз етедi. 2000 жылы күрделi құрылысқа 79,13 млн. АҚШ доллары, оның iшiнде "Қазақтелеком" ААҚ бойынша 70 млн. астам доллар бөлiндi. Саладағы орташа жылдық еңбекақы жалпы республикалық деңгейден 20% жоғары, мұның өзi салаға бiлiктi кадрларды тартуға және саланы дамытуды әлемдiк стандарттарға сәйкес жүзеге асыруға мүмкiндiк берерi сөзсiз;
      ауылдық және қалалық аймақтар арасындағы экономикалық миграцияны азайтады, жаңадан жұмыс орындарын ұсыну мүмкiндiгi арқылы әлеуметтiк саладағы терiс құбылыстарды жоюға ықпал жасайды;
      тұрғындардың ақпаратқа қол жеткiзу кепiлдiгiн қамтамасыз етедi, мұның өзi жолдардың нашар жай-күйi, жекелеген аймақтардың шалғайлығы және жолаушы тасымалына жоғары тарифтер жағдайларында аса қажеттi болып табылады;
      халықаралық экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкiндiк бередi.
      Телекоммуникациялар көрсетiлетiн қызмет көлемiн ұдайы өрiстететiн, серпiндi дамитын экономика саласы болып табылады.

      1-график. Қазақстан Республикасында көрсетілген телекоммуникациялар қызметтерінiң динамикасы

        (графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)

        Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар желiлерiнiң ағымдағы жай-күйiн төмендегiдей шешушi сандармен сипаттауға болады:
      Қазақстанда орташа телефон тығыздығы 2001 жылдың басында елiмiздiң 100 тұрғынына шаққанда 13,64 телефоннан, оның iшiнде қалаларда - 20,9 телефоннан, ауылдық жерлерде - 4,52 телефоннан айналды. Қазақстан осы көрсеткiш бойынша бұрынғы одақтас республикалар арасында жетiншi орынға ие;
      телекоммуникациялардың жергілiктi желiлерi 3009 станциядан тұрады, олардың 580 - қалаларда, ал 2429 - ауылдарда орналасқан. Станциялардың орнатылған жалпы сыйымдылығы 2 418 371 нөмiрден, iске қосылған сыйымдылық 1 851 975 нөмiрден тұрады, соның iшiнде цифрлық нөмiрлер 547 211 немесе жалпы iске қосылған сыйымдылықтың 29,5%;
      бүгiнгi күнге республикадағы магистральдық арналардың жалпы ұзақтығы 186 770,2 мың арна/км құрайды, оның ішінде 142 198,3 мың арн./км. хабар берудiң цифрлық жүйелерiнен құрылған.
 
      2-график. Көрсетілген телекоммуникациялық қызмет көлемiнiң
                динамикасы ("Қазақтелеком" ААҚ мәлiметтерi)
 
           (графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)
 
      Телефондық тығыздық мөлшерi әр адамға шаққанда жалпы iшкi өнiмнiң мөлшерi арқылы айқындалатын елдiң экономикалық әлеуетiмен тығыз байланысты. Мемлекеттiң жалпы iшкi өнiм мөлшерi мен телефондық тығыздық деңгейiнiң арасындағы өзара байланыс түзу сызықты тәуелдiлiкке неғұрлым жақын болса, инфрақұрылым мен ел экономикасының арасындағы өзара байланыс солғұрлым тепе-теңдiкте болады.
      Қазақстанның жағдайы (жан басына шаққанда ЖIӨ - жылына 1060 АҚШ долларына тең) сөз жүзiнде байланыстың даму деңгейi ел экономикасының даму деңгейiнен алда екендiгiн растайды. Ағымдағы телефондық тығыздық халықтың жан басына шаққанда шамамен 4500 АҚШ долларына сәйкес келедi. Мұндай жағдайда сала кiрiсiнiң өсу стратегиясы телефон аппараттары санының өсуiне емес, негiзiнен трафиктiң табиғи өсуiне, жаңа қызметтер түрлерiн енгiзуге, оның iшiнде қосылған құн салығымен бiрге қызмет түрлерiн енгiзуге сүйенуi тиiс.
      Жаңғырту процесi ұлттық телекоммуникациялар желiлерiнiң барлық деңгейлерi мен құрамдас бөлiктерiн қозғады. Соңғы үш жылда желiнi толық көлемдi жаңарту мен кеңейтудiң негiзiн қалаған елеулi өзгерiстер орын алды:
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұзақтығы 1750 км Транс-Азия-Еуропалық талшық-оптикалық байланыс торабы (ТАЕ), ұзақтығы 137 км Петропавл-Корниловка (Ресей) Солтүстiк талшық-оптикалық байланыс торабы (ТОБС) салынды;
      ұзақтығы 2528 км Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Атырау-Ганюшкино Батыс талшық-оптикалық байланыс желiсi салынды және пайдалануға берiлдi;
      ұзақтығы 1140 км Алматы-Қарағанды цифрлық радиорелелiк торап салынды және осылайша Алматы-Астана-Петропавл-Ресей радиалды тармағы бойынша Ресейге цифрлық шығу ұйымдастырылды, ол Орта Азия-Ресей арналары транзитiн сапалы жаңа деңгейде ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi;
      Алматы мен Астана қалаларының цифрлық телефон станцияларын қосу үшiн Астана-Өскемен-Алматы аналогтiк радиорелелiк желiсi бойынша транзиттiк трафиктiң цифрлық арналарымен өткiзу үшiн және GSМ стандартты ұялы байланыстың мұқтажы үшiн 34 Мбит/с цифрлық ағын ұйымдастырылды;
      Алматы қаласындағы "Орбита" спутниктiк станциясын қайта жаңарту жүргiзiлдi, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутник жүйесiнiң станциялары орнатылды, олардың арасында спутниктiк байланыстың магистральдық арналары ұйымдастырылды және Германияға, Англияға, Швейцарияға, Ресейге, БАӘ мен Канадаға жаңа бағыттар ашылды;
      республиканың шалғай және адамдар аз қоныстанған аудандарында байланысты қамтамасыз ететiн Ұлттық спутниктiк ауылдық байланыс желiсiнiң құрылысы жүргiзiлуде. 182 ДАМА цифрлық спутниктiк станция, оның iшiнде осындай аудандардың елдi мекендерiнде - 149-ы пайдалануға берiлдi;
      Алматы қаласының Халықаралық коммутация орталығы (ХКО) мен Орал, Тараз, Ақтөбе және Астана қалаларындағы автоматты қалааралық телефон станцияларының (АҚТС) жабдықтарын жаңарту аяқталды. Астана қаласында ХКО салынды және 2001 жылғы қыркүйекте пайдалануға берiлдi. Бұл қалааралық цифрлық телекоммуникациялар желiсiн құруды аяқтауға мүмкiндiк бердi.
 
             2. Тұжырымдаманың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
 
      Телекоммуникациялар саласын дамыту тұжырымдамасының мақсаты экономика мен қоғамның барлық субъектiлерiне қол жеткiзiмдi ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға кiрiктiрілген тиiмдi ұлттық телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесiн құру бағытындағы негізгi шарттар мен мемлекеттiк саясатты белгiлеу болып табылады.
      2.1. Бiріншi деңгейдегi мақсаттар мен мiндеттер
      Телекоммуникацияларды дамытудың әлемдiк үрдiстерi мен осы саланың ағымдағы жай-күйiн талдауға сүйене отырып, қойылған мақсатқа мына мәселелердi шешу арқылы қол жеткiзiлуi тиiс:
      1) телекоммуникациялар саласын мемлекеттiк реттеудің орта және ұзақ мерзiмдi кезеңдегi негiзгi қағидаттарын айқындау:
      Қағидаттар саланың жекелеген құрылымдарын дамытудың және қызметiнiң ағымдағы мiндеттерiн айқындау кезiндегi бағдар болуға қызмет етуi тиiс.
      2) телекоммуникациялар саласын дамытуды ынталандыратын мемлекеттiк реттеу мен бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру.
      Нарықтық қатынастар жағдайына барабар, әрқайсысына iске асыру мен орындалуын бақылау тетiгi iлесе жүретiн заңдардан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан, байланыс саласындағы уәкiлеттi органның құқықтық кесiмдерiнен тұратын нормативтiк құқықтық базаны жедел құру қажет.
      3) Байланыс қызметтерiнiң тiзбесiн кеңейту және Қазақстан Республикасының халқы мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң телекоммуникациялар қызметтерiне әмбебап қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
      Әмбебап қол жеткiзу тұжырымдамасы Қазақстанның телекоммуникациялар саласын дамыту басымдықтарын айқындауда маңызды рөл атқарады және барлық дамыған елдердiң рыноктарын реттеу жүйесiнiң орталық аспектiсi болып табылады.
      Әмбебап қол жеткiзу - бұл кез келген азаматтың кез келген сәтте кез келген жерде бiр бөлiгi Қазақстанның телекоммуникациялық желiсi болып табылатын ғаламдық телекоммуникациялар желiсiнiң кез келген қызметтерiне қол жеткiзу мүмкiндiгi.
      Әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз ету - телекоммуникацияларды дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары бағдар тұтатын мақсат.
      2.2. Екiншi деңгейдегi мақсаттар
      Негiзгi мақсат - бiрыңғай техникалық және ұйымдастырушылық идеология негiзiнде дамитын және жұмыс iстейтiн жоғары сапалы iшкi және халықаралық алмасуды, телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң барлық түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны, сонымен бiрге оларға бейбiт және соғыс уақытында, төтенше жағдайлар туындағанда және аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзу кезiнде жүктелген мiндеттерiн орындау үшiн басқару қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық қорғау мемлекеттiк органдарының мүддесiнде қамтамасыз ететiн Қазiргi заманғы телекоммуникациялар желiсiн құру.
      Осы мақсатты орындау үшiн байланыс операторлары орта мерзiмдiк перспективада мынадай параметрлерге қол жеткiзуге күш салады:
      (А) Республиканың телекоммуникациялар желiсiн дамыту.
      Республиканың телекоммуникациялар желiсiнiң даму дәрежесiн сипаттайтын параметрлер:
      телефондық тығыздық (елдiң 100 тұрғынына шаққанда негiзгi телефон аппараттарының саны);
      барлық телекоммуникация желiлерi абоненттерiнiң тығыздығы (елдiң 100 тұрғынына шаққанда, мобильдiктердi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының барлық телекоммуникациялар желiлерiнiң абоненттерi);
      қоғамдық телефондардың тығыздығы (елдiң 1000 тұрғынына шаққанда электрондық таксофон саны);
      елдiң 1000 тұрғынына шаққанда Интернеттi пайдаланушылар саны;
      жергiлiктi желiлердiң цифрлық жабдықтармен жарақтандырылу деңгейi (жалпы құрастырылған сыйымдылықтардағы цифрлық станциялардың нөмiрлерiнiң үлесi);
      магистралдық желiнiң цифрлық жабдықтармен жарақтандырылу деңгейi (магистралдық арналардың жалпы ұзақтығындағы цифрлық арналардың үлесi (арна-км)).

      1-кесте. Телекоммуникациялар желiсiнiң даму кезеңдерi:

_________________________________________________________________________

                                     !  2000  !  2001  !  2002  !  2003

_________________________________________________________________________

Телефондық тығыздық   

_________________________________________________________________________

Барлық телекоммуникация желiлерi       12,3     12,8     13,9      15

абоненттерінің тығыздығы

_________________________________________________________________________

Қоғамдық телефондардың                  13       14       20       30

тығыздығы

_________________________________________________________________________

Интернеттi пайдаланушылардың           0,35     0,45     0,65     1     

тығыздығы

_________________________________________________________________________

Жергiлiктi желiлердiң цифрлық          24,3%     35%      50%     60%

жабдықтармен жарақтандырылу

деңгейi

_________________________________________________________________________

Магистральдық арналардың

цифрлық жабдықтармен

жарақтандырылу деңгейі                  54%       72%     90%     100%

_________________________________________________________________________



 
       Осындай даму деңгейiне қол жеткiзу үшiн телекоммуникациялар саласына бес жыл iшiнде 450 миллион АҚШ долларын, олардың iшiнде үштен бiрiн - ұлттық ақпараттық супермагистраль құруға инвестициялау қажет.
      Инвестиция көздерi - байланыс кәсiпорындарының өз қаражаты, заемдар мен шетелдiк және отандық инвесторлардың кредиттерi болып табылады.
      (Б) Әмбебап қол жеткiзу және көпшiлiк қолданыстағы (әмбебап) қызметтер.
      Әмбебап қызметтер мағынасында елдiң әрбiр тұрғынына, оның географиялық және әлеуметтiк жағдайына қарамастан, бағалары бойынша да қол жеткiзiмдi телекоммуникациялар қызметтерiнiң ең аз жиынтығы түсiнiледi. Осы ұғымның маңызды элементi - тұрғынның жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiне техникалық және бағасына қол жеткiзу мүмкiндiгi - әмбебап қол жеткiзу болып табылады.
      Сапаның берiлген параметрлерi бар көпшiлiк қолданыстағы


телекоммуникация қызметтерiнiң ең аз тiзбесiн байланыс саласындағы

уәкiлеттi орган бекiтедi.

     Өзгерiп отыратын технологиялар көпшiлiк қолданыстағы қызметтер

пакетiн әрбiр бiрнеше жыл сайын қайта қарауға әкеп соқтырады.

     Орта мерзiмдi перспективада әмбебап қызметтiң мына өлшемдерiн

бекiтуге болады, мемлекет Қазақстан Республикасының саны 200 адамнан

асатын кез келген елдi мекенiнiң тұрғынына оны алуға кепiлдiк бередi:


     2-кесте. 2005 жылға дейiнгi кезеңдегi әмбебап қызметтердiң

              өлшемдерi:

_________________________________________________________________________

  Қызмет элементi      !         Мазмұны

_________________________________________________________________________

Қол жеткізу           !1. Жалпы пайдаланыстағы

                       !телекоммуникациялар желiсiндегi дауыстық

                       !телефондама

                       !2. Абоненттiк желiнiң сапасы дерек тарату

                       !жылдамдығын 9 кбит/сек қамтамасыз етуге

                       !мүмкiндiк бередi

_________________________________________________________________________

Міндетті пакет        !1. Жедел жәрдем қызметтерiн тегiн шақыру

                       !2. Оператордың қызмет көрсетуi

                       !3. Анықтама қызметi

_________________________________________________________________________



 
       Қазiргi уақытта тұтастай республика бойынша әмбебап қол жеткiзу өлшемдерiне жауап бермейтiн елдi мекендердiң саны 2000 жуық.
      Мұндай қол жеткiзудi қамтамасыз ету әрбiр кентте дауыс телефондамасының, электрондық почтаның, факсимильдiк хабарламалар жiберу, Интернет жүйесiне қол жеткiзу және т.б. қызметтер көрсететiн ұжымдық пайдалану пункттерiн ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
      Алдын ала бағалау бойынша осы елдi мекендердi әмбебап қызметтермен қамтамасыз ету бағдарламасын орындауға 60 миллион АҚШ долларынан артық күрделi шығындар және пайдалану қызметi бойынша шығындарды жабуға жыл сайын 30 млн. астам доллар қажет.
 
          3. Телекоммуникациялар саласын дамытуға ықпал ететiн
                            негізгi факторлар
 
      Телекоммуникациялар саласын дамыту сыртқы және iшкi сипаттағы бiрқатар факторлардың ықпал етуiмен жүзеге асырылады. Бiр жағынан, рынок шаруашылығының кез келген бөлiгi ретiнде телекоммуникация кешенi рынок конъюнктурасының ауытқуларын сезiне отырып, табиғи рынок тетiктерiнiң ықпалымен дамиды. Екiншi жағынан, республика экономикасы үшiн маңыздылығына және Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiне орай, сондай-ақ телекоммуникациялық рыноктың өте монополияландырылуына байланысты сала мемлекеттің күштi реттеушi ықпалына қалып отыр.
      3.1. Макроэкономикалық орта
      Инфрақұрылымдық кешен саласы бола отырып, телекоммуникациялар саласы заңды тұлғалар мен халықтың мұқтажын қызметтермен қамтамасыз ете отырып қызмет көрсетушi рөл атқарады. Осыған байланысты республикадағы макроэкономикалық ахуал, экономика саласының, қаржы-бюджеттiк саланың жалпы жағдайы, халықтың өмiр сүру деңгейi мен төлем қабiлеттiлiгi телекоммуникациялар қызметтерiн сату деңгейiн айқындай отырып, сала кәсiпорындарының жай-күйiне елеулi әсер етедi.
      Қазiргi бар халық саны мен республика экономикасының масштабында телекоммуникациялық рыноктың сыйымдылығы өте шектеулi болып табылады және сату көлемдерiн арттырудың және осының негiзiнде өзiнiң қаржы жағдайын жақсартудың айқындаушы факторы операторлардың техникалық мүмкiндiктерi емес, жан басына шаққандағы кiрiстiң мөлшерi болып табылады.
      Телекоммуникациялар қызметтерiн көбiрек сату мүмкiндігiн шектейтiн екіншi фактор қызмет көрсету саласында құру мен сату сәттерi дәлме-дәл келетiн жағдай болып табылады, осының салдарынан қызмет көрсетулердi керегiнен артық сату және қоймаға жинау мүмкiн емес.
      Телекоммуникациялар рыногы ахуалының жалпы республикадағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайға осындай тәуелдiлiгi саланы қайта реформалау процестерi ұлттық экономиканы дамыту деңгейiмен және жан басына шаққанда кiрiстiң серпiнiмен тығыз байланысты болуға тиiс екенi туралы қорытынды жасауға болады. Бұл қорытындыны бiрқатар шет елдердiң рыногын ырықтандыру iс-тәжiрибесi де растайды.
      Осымен бiрге, телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi ұдайы сұранысқа ие, осы саланың тұрақты жұмыс iстеуiне негiз болып табылатын, маусымға, тұтынушылардың тұратын жерiне тәуелсiз дерлiк сала болып табылатынын айту қажет.
      3.2. Мемлекеттiк реттеудiң ерекшелiктерi
      Ұлттық инфрақұрылым мен экономиканың маңызды элементi бола отырып, телекоммуникациялар саласы сыртқы жағдайлар кешенi ықпалында және оның дамуы мемлекеттiк мүдделер тұрғысынан:
      ұлттық желiнiң жай-күйiне, ел азаматтарын телекоммуникациялар қызметтерiмен қамтамасыз ету мөлшерi мен сапасына, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мiндеттерiн орындауға қойылатын талаптармен;
      телекоммуникациялардың елдiң экономикалық өркендеуiн қамтамасыз етудегi, халықтың әлеуметтiк-мәдени деңгейiн қалыптастырудағы орны мен рөлiн сезiнумен;
      нәтижесiнде, олардың тиiстi iс-шаралар кешенiн қабылдаумен және iске асырумен айқындалуы тиiс.
      3.2.1. Саланы реттеудi ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету
      Байланыс саласында қолданып жүрген нормативтiк база "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Z990382_ Заңынан, "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 P961443_ қаулысынан, байланыс саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен бекiтiлген Телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерi бойынша телефон трафигiн өткізудi реттеу тәртiбi туралы ережеден, Қазақстан Республикасының өзара байланысқан телекоммуникациялар желiсi операторларының ұйымдастыру-техникалық өзара iс-қимыл жасау ережелерiнен, Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiн құрайтын телекоммуникациялар операторлары арасында ұсынылатын желi ресурстары мен телефон трафигiн өткiзу үшiн өзара есеп айырысуды жүргiзу V960247_ ережелерiнен, Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн V970461_ көрсету, телеграф байланысы мен сым арқылы хабарлау қызметтерiн көрсету V970387_ ережелерiнен тұрады. Көптеген нормативтiк құжаттардың ескiргенiн ескерсек, мұның аздық етерi анық. Стандарттарды, техникалық нормалар мен басқа құжаттарды әзiрлеу iс жүзiнде жүзеге асырылмайды.
      Лицензиялаудың рәсiмi мен шарттары тиянақты пысықтауды қажетсiнедi. Лицензиялау заңнамасының ағымдағы жай-күйi (лицензиялардың мерзiмсiздiгi, жыл сайынғы лицензиялық төлемдi алып тастау, шағын бизнес өкiлдерi үшiн ерекше жағдайлар жасау), сондай-ақ лицензияны керi қайтарудың күрделi рәсiмi телекоммуникациялар желілерiн дамыту және тиiстi деңгейде қызметтер көрсету жөнiнде мiндеттемелердi орындауға байланысты операторларының жауапкершілігiн күшейте отырып, телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау ережелерiн уәкiлеттi органның тарапынан лицензия шарттарының орындалуына бақылауды түпкiлiктi қайта қарау қажеттiгiн туындатып отыр. Лицензияның шарттарын бұзған операторға ықпал етудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шаралары (оның қолданылуын тоқтату, әкiмшілiк айыппұл), сала ерекшелiгiн ескерсек, жазалау сөз жүзiнде қалып отыр. Экономикалық санкцияларды қатайту қажет.
      3.2.2. Саладағы сертификаттау мен стандарттау
      Саладағы сертификаттау мен стандарттау қызметi Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамасымен реттеледi, байланыс саласындағы уәкiлеттi органның жәрдемiмен байланыс құралдарын сертификаттау жөнiндегi органдар құрылды, оларды стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган тiркедi.
      Сертификаттау - бұл белгiленген техникалық нормаға сәйкес келмейтін байланыс құралдарын пайдалануға сол арқылы тосқауыл және байланыс қызметi сапасына талаптар қойылатын құрал. Сертификатталмаған байланыс құралдарының заңсыз әкелiнуiн бақылауды күшейту және қатаң шаралар қажет. Бүгiнгi күнi сәйкестiгiне сертификаттау өткiзiлуi тиiс тиiстi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу жөнiнде стандарттау саласында iс жүзiнде жұмыс жүргiзіліп отырған жоқ, байланыс қызметтерiн сертификаттау бағдарламасы әзiрленбеген. Байланыс жабдықтарының халықаралық сертификаттарын тану жөнiндегi жұмысты жандандыру қажет.
      Стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттар мен басқа да нормативтiк кесiмдер қорын қалыптастыру функцияларын (оларды әзiрлеудi, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы уәкiлеттi органға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтуге және тiркеуге ұсынуды және көбейтудi қоса алғанда) жүктеуге болатын стандарттау жөнiндегi мемлекеттiк емес жұмысшы орган - салалық техникалық комитет құру мәселесi бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi болып отыр.
      3.3. Рыноктың құрылымы және оның субъектiлерiнің арасындағы
           өзара қарым-қатынастар
      Қазiргi уақытта телекоммуникация рыногының барлық секторлары сөз жүзiнде операторлардың еркiн бәсекелестiк аймағы болып табылады. Рынокқа қатысушылар санына қойылатын кейбiр шектеулер Қазақстанның табиғи ресурсы - радиожиілік спектрiнiң табиғи шектеуiмен ғана байланысты. Бұл радиожиiлiктi пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне берiлетiн лицензиялардың санын шектеуге әкеп соғуда.
      Бұған тек қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi жатпайды. Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылы "Қазақтелеком" ААҚ-ға ұлттық байланыс операторы мәртебесiн тағайындаған болатын және жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiнен жүзеге асырылатын осы қызмет түрлерiн көрсетуге айрықша құқық берген болатын. Екiншi жағынан "Қазақтелеком" ААҚ-ға шығынды әлеуметтiк маңызы бар байланыс түрлерiмен - ауылдық байланыспен, телеграфпен және сымдық хабар қызметтерiмен жаппай қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер жүктелдi. Сондықтан Қазақстандағы ырықтандырылған телекоммуникациялар рыногына өту бiр оператордың айрықша құқығын жоюды және шығынды қызметтер секторына басқа операторларды тартуды көздейдi.
      Бүгiнгi күнi деректер тарату, Интернет, мобильдiк телефондама, шақырудың дербес құралдары, корпоративтiк бизнес-клиенттерге телекоммуникациялық қызметтер көрсету рыногында жоғары дәрежедегi бәсекелестiк сақталуда.
      Жергiлiктi телефон байланысы қызметтерiнiң рыногында бәсекелестiк іс жүзiнде дамымаған, өйткенi бүгiнгi күнi жергiлiктi желiлердi пайдаланумен қызмет көрсету саласы заңнамамен табиғи монополия ретiнде анықталған және оларға мемлекет реттейтiн тарифтер жеткiлiктi тиiмдiлiктi қамтамасыз ете алмайды, ал ауылдық жерлерде, тiптi, қызмет көрсетулердiң өзiндiк құнын өтей де алмайды.
      Жергiлiктi телефон байланысы қызметiн ұлттық оператордан басқа, негiзiнен, бұрын әртүрлi мемлекеттiк органдарға тиесілі болған ведомстволық желiлердiң иелерi ұсынады, олар желiнi бiрiншi кезекте өндiрiстiк мұқтаждарды қамтамасыз ету үшiн пайдаланады. Жергiлiктi


телефон байланысы қызметтерiн көрсетуге арналған лицензиялардың

30% астамын осындай иелер алған. Жергiлiктi телефон байланысы қызметтерi

рыногындағы басқа байланыс операторларының алатын үлесi 15% аспайды.

     Қазiргi уақытта байланыс рыногында 300-ге жуық байланыс операторлары

жұмыс iстейдi, берiлген лицензиялардың жалпы саны - 600-ден астам.


     3-кесте. Берiлген лицензия саны және оларды қызмет түрлерi

              бойынша бөлу

_________________________________________________________________________

                                   ! 1996- ! 1998 ! 1999 ! 2000 ! Барлығы

                                   ! 1997  !      !      !      !

_________________________________________________________________________

Қалааралық және халықаралық           7      8      3      0      22

байланыс қызметтерi

_________________________________________________________________________

Деректер тарату қызметтерi            9      16    26      36    87

_________________________________________________________________________

Жергiлiктi телефон байланысы          31     21    22      17    91

қызметтерi

_________________________________________________________________________

Жылжымалы радиотелефон байланысы      21     25    13      15    74

қызметтерi

_________________________________________________________________________

Ұялы байланыс қызметтерi              0      3     0       0     4

_________________________________________________________________________

Дербес радиоландыру қызметтерi        34     20    7       13

_________________________________________________________________________

Теле- және радиохабар                 24     30    1       67    122

бағдарламаларын эфир бойынша тарату

_________________________________________________________________________

Кабельдiк теледидар қызметтерi        2      8     1      0      11

_________________________________________________________________________

Өзге де қызметтер                     1      22    33     39     108

_________________________________________________________________________

Жиыны                                 131    158   109    190    593

_________________________________________________________________________

      4. Мемлекеттiк саясат бағыттары және телекоммуникация саласын

          орта мерзiмдi перспективада дамытудың негiзгі кезеңдерi


     4.1. Саланы мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру


 
       Қазақстан Республикасының телекоммуникацияларды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаты мына қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиiс:
      телекоммуникация саласын дамытудың бүтiндей ел экономикасының дамуымен өзара үйлесiмділігi;
      Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiн, егемендiгiн және қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету;
      телекоммуникациялар рыногын дамытуға себеп болатын ашық, айқын, әдiлеттi нормативтiк база;
      стратегиялық салаларда мемлекеттiң рөлiн күшейту, тиiмдi мемлекеттiк саясат жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
      республика азаматтарының телекоммуникациялар қызметтерiне әмбебап қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      телекоммуникациялар рыногына барлық қатысушылар үшiн еркiн және тең құқықты бәсекелестiктi ынталандыру және қамтамасыз ету;
      инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу;
      жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыру және көтермелеу;
      желiлерде халықаралық талаптарға сәйкес бiрыңғай техникалық стандарттар мен сапа стандарттарын қолдану;
      қоғамның операторлардың қызметi, рынок және телекоммуникациялар желiлерiнiң жай-күйi туралы ақпаратпен қамтамасыз етiлуiн жоғарылату.
      2005 жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн байланыс саласын реттеушi қазiргi мемлекеттiк органдардың, олардың реттеу функцияларының бiр бөлiгiн жаңа мемлекеттiк органға (реттеушiге) бере отырып, бiртiндеп түрленуiн көздеу қажет.
      Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, тап осындай реттеушiлер қолданыстағы реттеушi тетiктердi әзірлеудi жоғары деңгейде қамтамасыз етедi және оларды барлық операторлардың мүддесiнде әдiлеттi, тең құқылы, ашық пайдалануға кепiл бола алады.
      Реттеушiнi құру алдында оның басқару функцияларын іске асыру тетiктерiнiң әзірленуi және оны ұстауды қаржыландыру, соның iшiнде әралуан уәкiлеттi органдардың мiндеттерiн айқын межелеудi көздейтiн заңнама кесiмдерiнiң тиiстi жобасы әзiрленуi тиiс.
      Мемлекеттiк реттеудiң аса маңызды салаларына мыналар жатады:
      4.1.1. Лицензиялау
      Лицензиялау бүтiндей алғанда телекоммуникациялар саласы мен оның жекелеген сегменттерiн дамытуда, бәсекелестiктi арттыруда және рынокқа қатысушылар санын арттыруда мемлекеттiк саясатты iске асырудың негiзгi құралы болады.
      Осы мақсатқа iс жүзiнде жету үшiн, лицензияларды алудың, шарттарын сақтауды бақылаудың және керi қайтарып алудың айқын және ашық рәсiмдерiн қамтамасыз ету үшiн реттеушi органның тиiстi нормативтiк базасын пысықтау және толықтыру қажет.
      Ең алдымен телекоммуникациялар қызметiн үш санат бойынша бөлу, олардың әрқайсысы үшiн өзiнiң реттеу деңгейiн белгілеу қажет.
      Бiрiншi санатқа оларды ұсыну үшiн ұлттық ресурстардың (радиожиiлiктi немесе нөмiрлiк) бөлiнуi қажет немесе ұсынылуының тұтастай қоғам мен халық үшiн үлкен маңызы (байланыстың әмбебап қызмет көрсетулерi) бар телекоммуникациялар қызметтерiн жатқызу қажет. Мәселен, бұл белгiленген желілер арқылы деректер беру және дауыстық байланыс, спутниктiк байланыс желiлерi қызметтерi. Мұндай қызметтер тек байланыс саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензиялар негiзiнде ұсынылуы мүмкін.
      Екiншi санатқа оларды өндiру үшiн байланыс операторлары бұрыннан бар телекоммуникациялар желiлерiн пайдаланатын (арналар, байланыс желiлерiн жалға алу) қызметтердi, мысалы Интернет желiсiне өтуге қызмет көрсетудi жатқызуға болады. Мұндай жағдайларда байланыс саласындағы уәкiлеттi орган өзi белгiлеген шарттармен байланыс операторын қарапайым тiркеуi қажет.
      Yшiншi санатқа меншіктi немесе жалға алған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиiстi лицензиялардың негiзiнде жұмыс iстейтiн өзге байланыс операторларының қызметiн ұсынатын, "қызмет жеткiзушiлер" деп аталатындар ұсынатын қызметтердi жатқызуға болады. Бұл субъектiлердiң арасындағы қарым-қатынас олардың арасында жасасқан шартпен реттеледi.
      Бұдан басқа, осы санаттардың әрқайсысына телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынуды ұйымдастыру үшiн мiндеттi стандарттық талаптар мен шарттарды әзiрлеу, сондай-ақ бейбiт және соғыс уақытында арнайы оперативтi-техникалық iс-шараларды өткiзудің техникалық мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегі талаптарды әзiрлеу қажет.
      Осындай стандарттық талаптар мен шарттарды бекiткеннен кейiн жұмыс iстейтiн операторларды есепке алу және оларға тиесілi лицензияларды заңнамада белгiленген тәртiппен жаңа ережелерге сәйкес келтiру жөніндегi жұмыстар ұйымдастырылады.
      Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган лицензия шарттарын сақтауға лицензиаттар мен лицензиардың жауапкершілік аспектiлерiн кешендi анықтайтын нормативтiк құжаттарды әзiрлеуi және бекiтуi, сондай-ақ телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау ережелерiнiң негiзгi қағидаттарын айқындайтын "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Z990382_ Заңына өзгерiстер енгiзуi қажет.
      4.1.2. Операторлардың өзара iс-қимылы
      Қазақстан Республикасының байланыс операторларының өзара есеп айырысуы мен телекоммуникациялар желiлерi түйiндесуiнiң жаңа ережелерiн бекiту осы саладағы жүйе құраушы элемент болуы тиiс.
      Телекоммуникациялар желiлерi түйiндесуiнің жаңа ережелерi телекоммуникациялар рыногында басым жағдайға ие телекоммуникация желiлерiнiң операторлары үшiн барлық операторларға бiрдей есеп айырысудың бiрыңғай ережелерi мен әдiстемелерi негiзiнде өз желiсiне басқа операторлардың қосылуына рұқсат беру мiндеттiлiк қағидатына негiзделедi.
      Қосылудың техникалық мүмкiндiктерiн, шарттарын және мерзiмдерiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi сертификатын алған тәуелсiз жобалау ұйымдары анықтауға тиiс.
      Желiлiк ресурстарды пайдалану кезiндегi өзара есеп айырысудың негiзгi қағидаты - өткiзiлген трафик көлемiндегi есеп айырысулар. Сәйкесiнше, телекоммуникация желiлерiнiң түйiндесу ережелерiне желiнің барлық деңгейiнде трафиктi есепке алуды (биллинг) жүзеге асырудың мiндетті талабы енуi тиiс. Биллингтің бағдарламалық құралдарын сертификаттау саласындағы уәкiлеттi орган сертификаттауға тиiс. Бiр деңгейдегi операторлардың өзара есеп айырысуы үшiн қолданылатын ставкалар тең болуы тиiс.
      Бiр желiнiң екiншіге қосылуы кезiнде жеке төлемнiң бар болуы орта мерзiмдiк келешекте операторлар саны мен желi өлшемдерiн айтарлықтай ұлғайтқан кезде жойылады. 2003 жылға қарай операторлар төлем төлемей-ақ, тек өткiзiлген трафиктiң көлемi үшiн есептесу арқылы бiр-бiрiне қосылады деп жорамалдауға болады.
      Бәсекелестiктi дамытуға мүмкiндiк туғызатын жағдайларды қамтамасыз ету үшiн алыс телефон байланысы қызметтерiнен аударым ставкаларын (тарифтерiн) уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтуi және барлық операторлар үшiн бiрдей болуы тиiс.
      Өтпелi кезеңдегi қосылу төлемiн анықтау әдiстемесi монополияға қарсы реттеу саласындағы уәкiлеттi органның қатысуымен әзiрленуi және бекiтiлуi тиiс.
      4.1.3. Шектеулi мемлекеттiк ресурстарды бөлу мәселелерi
      (А) Радиожиілік спектрi.
      Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрiн (РЖС) пайдалану тұжырымдамасын әзiрлеу және бекiту қажет.

     Тұжырымдама:
     азаматтық мұқтаж;
     үкiметтiк байланыс;
     қорғаныс және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету органдары үшiн жиiлiк бөлудi көрсетуi тиiс;

     Тұжырымдама радиожиілік спектрiн айырбастау және оны пайдалану тәртiбiн жалпыға бiрдей қабылданған әлемдiк тәжiрибеге келтiру мәселелерiн қамтуы тиiс. Сонымен қатар түйiндi мәселенiң бiрi радиожиілік спектрiн пайдаланудың тиiмдi бақылау жүйесiн құру болып табылады.
      РЖС бөлуде реттеушi органның баға саясаты операторлар қызметiн ынталандырудың тиiмдi құралы болып табылатындықтан, ұсынылып отырған тұжырымдаманы iске асыру шеңберiнде РЖС пайдаланғаны үшiн ставка қалыптастыру әдiстемесiн жасап, олардың экономикалық үйлесiмділігі мен икемдiлiгiн қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттiк саясат тұрғысынан басымдықта болып саналатын салаларда, әсiресе селолық байланысты қамтамасыз ететiн радиотехнологияларды қолдану жағдайларында, төмендеткiш коэффициенттердi қолдануды алдын ала қарастыру қажет.
      (Б) Нөмiрлiк жоспар.
      Жаңа нөмiрлiк жоспарды енгiзу телекоммуникациялар желiсiнiң барлық деңгейiнде жаңа операторлардың пайда болуы және айқын бәсекелестiктi дамыту үшiн қажеттi шарт болып табылады.
      Ұлттық нөмiрлiк жоспар Қазақстанның 7-шi дүниежүзiлiк нөмiрлiк аймаққа тиiстілігiн сақтайды.
      Жаңа жоспар көптеген операторлардың тең құқылық желiсi когломераты ретiнде ұлттық желiнi қалыптастыруға бағытталады. Ол жалпы ұлттық мүдделер мен байланыс операторының мүдделерiн есепке ала отырып әзiрленедi.
      4.1.4. Әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз ету
      Әлемнің көптеген елдерi сияқты, мемлекет жұрттың қолы жетер деп қарайтын Қазақстандағы қызметтер тарифтерi оларды өндiрудiң өзiндiк құнын жаппайды және бұл қызметтердiң инфрақұрылымына қаржы жұмсауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi. Әлемдiк тәжiрибе пайда болатын шығындарды қаржыландырудың екi негiзгi тәсілін ұсынады:
      1. Операторлар есебiнен қаржыландыру. Соңғысы, өз кезегiнде мыналар арқылы жүзеге асырылады:
      1) Нарыққа қатысушылардың аударымдарын шоғырландыратын және әлеуметтiк маңызы бар қызметтердi ұсынатын операторлардың шығындарын өтеу үшiн қаражат бөлетiн арнайы қор құру;
      2) елдің бүкiл аумағында әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiнде міндеттеме де және белгілі бiр артықшылық та алған бiр оператордың (ұлттық оператор) iшiнде кросс-қаражаттандыру;
      3) магистралдық және жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң операторлары арасындағы тiкелей өзара есеп айырысудың тетiктерiн пайдалана отырып, телекоммуникациялар саласының ішіндегi кросс-қаражаттандыру.
      2. Мемлекеттiк қаражаттандыру (демеуқаржы бөлу)
      Бұдан басқа, мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыру жағдайында, байланыс операторларына жүктелген мемлекеттiк мiндеттемелердi (қорғаныс, төтенше жағдай органдарының, жұмылдыру резервтерi және т.б. мүдделерiнде арналарды резервте сақтау) орындауды қамтамасыз ету қажет.
      Бүгiнгi күнi көпшiлiк қолданыстағы қызметтердi жаппай ұсыну жөнiндегi міндеттеменi мемлекет "Қазақтелеком" ААҚ-ға жүктеген. Көпшiлiк қолданыстағы қызметтердi қамтамасыз етуге байланысты және iшкi шығындарды қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн Ұлттық оператордың ерекше мәртебесi жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерi үшiн қалааралық және халықаралық байланыстың айрықша құқығы түрiнде "Қазақтелеком" ААҚ-ға берiлген. Бүгiнгi жағдайда бiр ғана операторға жауапкершiлiк жүктеу ең қолайлы жол деп есептеледi, себебi республиканың барлық аймағында қол жеткiзудiң бiрыңғай өлшемдерiн ең аз басқарушылық және транзакциялық шығындар негiзiнде жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
      Алайда жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерi үшiн қалааралық, халықаралық байланыс қызметi рыногына сөз жүзiндегi абсолюттiк монополияның болуы телекоммуникациялар қызметi рыногында бәсекелестiктi дамытуды тежейдi, оның үстiне айрықша құқықтарды iс жүзiнде сақтау екiталай.
      Сол себептi де рынокты ырықтандыру мен монополиядан шығару процесiнде әлеуметтiк жүктi барлық операторларға бiркелкi бөлу жолымен және белгiлi аумақта көпшiлiк қолданыстағы қызметтердi ұсыну мiндетiн алған операторлардың шығынын толтыру арқылы әмбебап қол жеткiзудi ашық қаржыландыру тетiгiне өту қажет.
      Байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басым мiндеттерiнiң бiрi көпшілік қолданыстағы қызметтердi ұсынуды ұйымдастыруға демеуқаржы бөлудiң айқын және ұтымды тетiгiн әзiрлеу және бекiту болады.
      Бұл тетiктi iске асыру үшiн:
      Орта мерзiмдi кезеңге арналған сапаның берiлген параметрлерi бар телекоммуникациялардың көпшiлiк қолданыстағы қызметтерiнiң ең аз тiзбесiн байланыс саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк кесiмiмен бекiту;
      Қазақстан Республикасының Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнiң ұлттық байланыс операторы туралы ереженi, оның ұлттық қауiпсiздiк жағдайларын және ел аумағындағы әмбебап қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiн, оның қысқа мерзiмдi кезеңге басқа операторлармен салыстырғандағы артықшылықтарын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен бекiту;
      тиiстi ережелер мен әдiстеменi әзiрлеу қажет.
      4.1.5. Ұлттық оператордың телекоммуникациялық рыноктың тең құқылы қатысушысына айналуы
      Ұлттық оператордың және инвестициялар көлемi әлеуметтiк маңызды, бiрақ операциялық-шығынды қызметтер желiсiн қолдау деңгейi тиiмдiлiгi жоғары халықаралық байланыс қызметiнен түсетiн кiрiс көлемiне тура тәуелдi болғандықтан, оған тек көпшiлiк қолданыстағы қызметтердi көрсетуге мiндеттемелер берiлген кезеңге "Қазақтелеком" ААҚ-ның меншiктiк құқықтарын нақты сақтауды қамтамасыз ету аса маңызды.
      Айрықша құқықты қамтамасыз етудегi негiзгi жүктеме ұлттық оператордың айрықша құқықтарын бұзатын операторларды ескерту және жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге және ұдайы жүргiзуге тиiс байланыс саласындағы уәкiлеттi органға жүктеледi. Осыған байланысты халықаралық трафиктi бағыттауға мемлекеттiк бақылауды күшейту қажет, Саllbаск (керi шақыру) және Refile (белгiленген, қазiргi бағыттау ережесінің бұзылуы, трафиктiң сыртқа кетуi) қызметтерiн ұсынуға рұқсат берiлмеуi керек.
      Ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысы (ҰАСМ), әмбебап қызметтердi қаржыландыру тетiгiн әзiрлеу және енгiзу аяқталғаннан кейiн айрықша құқық алынып тасталады. Ұлттық оператордың бәсекелестiк телекоммуникациялық рыногының тиiмдi қатысушысына айналады. "Қазақтелеком" ААҚ мерзiмнен бұрын айрықша құқығын жоғалтқаны үшiн өтемақы бөлiгiнде мемлекеттiк қолдаудың шаралары көзделетiн болады.
      4.1.6. Көпшiлiк қолданыстағы қызметтерге қатысты тарифтiк саясат
      Көпшiлiк қолданыстағы қызметтердiң ұлттық рыногындағы тарифтiк саясаттың негiзгi мақсаттық қағидаты абоненттер санаттары арасындағы шектi өшiру арқылы бiрдей сападағы бiрдей қызметтерге тарифтер теңдігі болып табылады. Орындау процесiнде тарифтер құрылымы өзгеретiн, сондай-ақ теңесетiн тарифтердi қайта теңгеру және олардың құрылымын өзгерту жоспарын әзiрлеу қажет. Оларды өндiру мен ұсынудың шығынына сәйкес жергiлiктi телефон байланысы қызметiнiң тарифi өседi, бiрақ онымен бiр мезгiлде кiрiссiз қызметтердi кросс-қаражаттандырудың қажеттiгi жойылатындықтан, халықаралық байланыс қызметiнiң тарифi едәуiр төмендейдi.
      4.1.7. Iшкi рынокты қорғау
      Ұлттық және экономикалық қауiпсiздiктi сақтау мақсатында шетелдiк телекоммуникациялар алыптарымен тең бәсекелестiк үшiн алғышарттар жасауды қамтамасыз ететiн шаралар қабылдануы тиiс. Тiптi болмағанда ұлттық ақпараттық супермагистралды (ҰАСМ) жасау аяқталғанға дейінгi кезеңде және сәйкесiнше ұлттық желi мен оның операторлары басқа елдердiң желiлерi операторларымен бәсекелестiкке дайын болғанға дейiн, iшкi операторларға қатысты мемлекеттiк сүйемелдеудi жүзеге асыру және Қазақстанның ұлттық телекоммуникациялар рыногында шетелдiк операторлардың қызметiне уақытша тосқауылды қолдау қажет.
      Кейiнгi жылдары әлемде жер бетiндегi телекоммуникациялар желiлерiн құру экономикалық тиiмсiз аудандарда байланыс ұйымдастыру үшiн пайдалануға болатын төменгi және орта орбиталарды пайдаланумен ғаламдық дербес жылжымалы спутниктiк байланыс жүйесiн (ҒДСЖБ) құру жөнiнде қарқынды жұмыстар жүргiзiлуде. Қазақстан Республикасының аумағында мұндай жүйелер жұмысының құқықтық негiзiн әзiрлеу қажет (радиожиiлiктердi меншiктеу және пайдалану ақысы, рұқсат құжаттарын алу, терминалдардың трансшекаралық жылжуы бөлiгiнде). ҒДСЖБ немесе Инмарсат үлгісiндегi халықаралық жүйенiң элементi болып табылмайтын спутниктiк байланыс операторларына міндетті талап Қазақстан аумағында басқару орталығын және биллинг жүйесiн орналастыру болуға тиiс. Бұл жер бетiндегi (белгiленген) желілер операторларына да қатысты.
      4.1.8. Кең ауқымды халықаралық ақпарат транзитiндегі Қазақстанның бәсекелестiк айқындамасы
      Қазақстан Республикасы оның аумағы арқылы ТМД елдерінің еуропалық республикаларын ортаазиялық республикалармен қосатын кабелдiк магистральдар өтетiн аса ұтымды географиялық орынға орналасқан. Алайда, елдiң осы әлеуеттi елеулi артықшылығы бүгiнгi күнi аса тиiмдi түрде пайдаланылмай отыр. Тіптi, шекаралас мемлекеттер тарапынан халықаралық трафик ағындарын тасымалдауда және балама транзиттiк арналарын ұсынуда Қазақстанды айналып өтудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар қабылдануда.
      Мұның негізгi себебi, осы кабельдiк магистральдарда ескiрген аналогтық байланыс жабдықтарын пайдалану бұл елдердi меншiктi спутниктiк цифрлық байланыс арналарына өтуге мәжбүр етедi, бұл өз кезегiнде арналарды жалға берудiң жылдан жылға қысқаруына әкеп соғады. 1997 жылы Қазақстан арқылы жалға алынған транзиттiк арналардың саны 12505 болса, 2000 жылы оның жартысы қысқарған.
      Байланыстың цифрлық арналары бойынша халықаралық транзиттiк трафиктi ұлғайту үшiн қолданыстағы Транс-Азия - Еуропа (ТАЕ) магистралiнiң қазақстандық учаскесiне қосымша Азия аймағындағы елдердің Ресейге және Кавказ елдерiне шығу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн талшық-оптикалық және цифрлық радиорелелiк байланыс желiсiнiң құрылысымен қоса, Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен өзге де маңызды әкiмшiлес мекендерiн қамтитын ҰАСМ құрылысы жүргізiлуде.
      ҰАСМ оңтүстiк учаскесi - Транс-Азия-Еуропалық магистральдың қазақстандық бөлiгi, Қытай-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан бағыты бойынша пайдалануға 1998 жылдың қазанында берiлдi, оның құрылысына 20 ел қатысты, Шанхайдан (Қытай) басталады және Франкфурт-на-Майнеде (Германия) аяқталады. Әзiрше ТАЕ жобасы транзиттiк трафиктi ұлғайту жөнiндегi оған жүктелген үмiттi ақтай алмай отыр. Бұған себеп иран және түрiк ұлттық сегменттерi сапасының төмендiгi, сондай-ақ консорциумның қаржылық саясаты болып табылады.
      Астана-Павлодар-Өскемен-Талдықорған-Алматы және Ақтау-Атырау талшық-оптикалық байланыс желiсiн Баку-Ақтау су асты кабелдi байланыс желiсiмен қосу үшiн ҰАСМ Шығыс тармағын салу жобаланып отыр. Бұл байланыс желiлерiн қолданысқа енгiзу Еуропамен, Ресеймен, Қытаймен, Түркиямен және кавказ республикаларымен трафик транзитiн ұйымдастырудың жаңа мүмкiндiктерін ұсынады.
      Транзиттiк арналарға сұранысты көбейту мақсатында трафик транзитiне есеп айырысулар бойынша аса икемдi есептiк ставкалар енгізiледi. Бiздiң елiмiздiң бәсекелестiк айқындамасын сақтау және күшейту мiндетi тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси да болғандықтан:
      осы мәселеге мемлекеттік басқару мен реттеудiң барлық деңгейлерінің назарын күшейту;
      басқа мемлекеттердiң транзиттiк трафигiн тарту жөнiндегi шараларды қолдану;
      транзиттік операциялар үшiн жеңiлдiктер ұсыну мүмкiндiгiн қарастыру қажет.
      4.1.9. Инвестициялық саясат
      Телекоммуникация саласындағы инвестициялық саясат, бiріншi кезекте қызмет түрлерiн кеңейту мен операторлар санын көбейтуге негiзделген адал бәсекелестіктi дамытуды, бiрiншi кезекте бәсекелестердің санын көбейту үшiн инфрақұрылым негiзiн жасау жолымен ынталандыруы тиiс. Бұл жерде инфрақұрылым жасаушы операторларды оператор-провайдерлерден айыра бiлу қажет. Инфрақұрылымдар мен желiлердi құру телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік инвестиция саясатының басымдығы болады.
      Осы тұжырымдаманы орта мерзiмдi перспективада iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк тұрғыдан басым салалар мен жобалар:
      талшық-оптикалық және цифрлық радиорелелiк байланыс желiлерінің құрылысынан басқа, магистральдық желiде, ал сонан соң iшкi аймақтық телекоммуникациялар желiлерiнде аналогтық жабдықты цифрлық жабдықпен толық ауыстыру енетiн ҰАСМ құруды аяқтау. Байланыс желiлерi жобаларын әзiрлеу және салу кезiнде темiржол, энергетикалық кешен және басқаларының - басқа көлiк желiлерi иелерінің мүмкiндiгi барынша пайдаланылуы тиiс;
      жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiмен елiмiздiң бiрыңғай өзара үйлестiрiлген желiсiн құрайтын мемлекеттiк органдардың ведомстволық желiлерiн жетiлдiру;
      телефон байланысын, деректер берудi, қашықтық оқытуды және медицина диагностикалық орталығына теле- қол жеткiзудi қоса алғанда, село тұрғындарының ақпарат алмасуға қол жеткiзуiн кеңейту;
      қосылулардың құнын есептеудiң уақыттық жүйесiн барлық жерлерге енгiзу;
      Қазақстанның бас қаласының желiлерiн жаңарту және кеңейту.
      Көрсетiлген салалардағы инвестициялық қызметтi мемлекет операторлардың тiкелей инвестициялар тартуын, мысалы, қаржы рыногына бағалы қағаздарды орналастыруын көтермелеу жолымен, ынталандыруы тиiс.
      4.2. Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру және монополиядан шығару кезеңдерi
      Қазақстанда телекоммуникациялар қызметтерiнiң дамыған және тиiмдi жүйелерiн қалыптастырудың аса маңызды факторларының бiрi телекоммуникациялар қызметi рыногын кезең-кезеңмен ырықтандыру және монополиядан шығару жолымен бәсекелестiктi дамыту болып табылады. Бұл процестің кезеңдерiн мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық дамуының жалпы деңгейiмен, ұлттық қауіпсiздiк және бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету мiндеттерiмен байланыстыру қажет.
      Осы кезеңде бәсекелестiктi дамыту мынадай факторлармен іркiледi:
      жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсi үшiн қалааралық, халықаралық байланыс рыногында "Қазақтелеком" ААҚ заңдастырылған монополиясының болуы;
      жергiлiктi және, әсiресе, ауылдық телефон байланысына өндiрiстiң өзiндiк құнын жаппайтын, мемлекет реттейтiн тарифтердiң болуы;
      жалпы пайдаланыстағы телекоммуникация желілерiнiң басым бөлiгiне иелiк ететiн "Қазақтелеком" ААҚ басымдық жағдайы;
      тұтынушылардың төмен төлем қабiлеттiлiк сұранымы және оның елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты бiркелкi бөлiнбеуi.
      Толық ашық нарыққа өту бiр мезеттiк болуы мүмкiн емес, телекоммуникация саласында бәсекелестiк ортаны құру және салаға мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларын күшейту болып табылатын - ырықтандырудың негiзгi мақсатынан шыға отырып, республика азаматтарының конституциялық құқықтарын iске асыруға залал келтiрмейтiн оператор қызметінің тартымдылығын қамтамасыз ететiн алғышарттар қалыптастырылуы тиiс.
      Осылайша, Қазақстанда ырықтандырылған байланыс рыногына көшудi елдiң экономикалық, әлеуметтiк және технологиялық дамуының барлық аспектiлерiн назарға ала отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет.
      4.2.1. Жергiлiктi байланыс рыногын құруға алғышарттар
      Бәсекелестiк ортаны құру - бұл бiрiншi кезекте ашық және құқықтары шектелмеуiн реттеуге негiзделген теңдестiрiлген телекоммуникациялар рыногын құру болып табылады. Өз кезегiнде теңдестiрiлген рынок теңдестiрiлген тарифтердi, әмбебап қызмет көрсетулердi енгiзу және оларды қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттiк қажеттiлiктердi (үкiметтiк байланыс қызметтерiн, жұмылдыру резервтерiне байланысты шығындарды, Азаматтық қорғаныс мүдделерiнде пайдаланылатын желiлердi ұстауды) бюджет есебiнен қаржыландыруды бiлдiредi.
      Қазiргi кезде жергiлiктi желiлердi қолдану арқылы қызмет көрсету аясы заңнамада табиғи монополия ретiнде белгіленген және тарифтер мемлекеттiң реттеуiне жатады. Телекоммуникациялар саласындағы толық нарықтық қатынастарға одан әрi қадам басу:
      операторлар үшiн елдiң барлық аумағында жалпыға қол жетiмдi қызметтердi ұсынуға арналған тартымды экономикалық жағдайлар жасауды, атап айтқанда, осындай қызмет түрiнен келетiн шығындарды өтеу тетiгiн жасауды;
      телекоммуникацияның осы секторындағы бәсекелестiктің дамуына қарай табиғи монополия саласына жатқызылған, телекоммуникация саласындағы қызмет түрлерiн нақтылау бөлiгiнде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу ұсыныстарын және терiс пиғылды бәсекелестiктiң алдын алу мақсатында байланыс операторларының қызметiн реттеу әдiстерiн әзiрлеудi көздейдi.
      Жергiлiктi рыноктардағы бәсекелестiк тек әмбебап қол жеткiзудi қаржыландыру тетiгiн енгiзу кезiнде ғана экономикалық мағынаға ие болатындықтан, орта мерзiмдi перспективада телекоммуникациялық қызмет көрсетулерге тарифтердi реттеудiң бiрлескен рәсiмiн белгiлеу қажет, ал монополияға қарсы реттеу органдары әмбебап қызмет көрсетулердің қол жеткiзiмдi бағасын, сондай-ақ байланыс операторларының басқа да заңнамалық кесiмдер негiзінде адал бәсекелестiктi сақтауын бақылауы тиiс.
      4.2.2. Қалааралық және халықаралық байланыс рыногын құруға алғышарттар
      Қазiргi кезде "Қазақтелеком" ААҚ кiрiстiк және шығыстық қалааралық, халықаралық байланысқа айрықша құқығы Қазақстанның барлық аумағында көпшілік қолданыстағы қызметтердi ұсынуға қаржылық мүмкiндiктi қамтамасыз етедi.
      Сондықтан, осы рынокты ырықтандыру алдында әмбебап қол жеткiзудi ұйымдастырудың және қаржыландырудың баламалы тетiгi пайда болуы керек.
      Халықаралық байланысты ырықтандыру үрдiсi барысындағы тағы бiр маңызды мәселе кiрiстiк халықаралық байланысқа операторлардың есептiк ставкаларын реттеу болып табылады.
      Халықаралық байланысты ұйымдастыру кезiнде әр түрлi елдер операторларының арасындағы әлемде қабылданған есеп тәжiрибесi трафик бiрлiгiне келетiн есептiк ставка ұғымына негiзделедi, бұл - өз елiнің аумағында шетелдiк оператор орындайтын шақырудың аяқталғаны (терминацияланғаны) үшiн оператор алатын ақы. Ставканың мөлшерi шақыруды аяқтауды ұйымдастыру үшiн оператор жұмсаған ұлттық ұзарту ұзындығы мен ресурстар көлемiне байланысты. Екi елдің операторларының өзара есеп айырысуы кезiнде кiрiс трафигінің көлемi шығыс трафигiнiң көлемiнен асатын елдiң операторы ақшалай қаражаттың таза ағынын алады.
      Трафиктi аяқтау үшiн төлем есебiне "Қазақтелеком" ААҚ шетелдiк операторлардан едәуiр таза валюта қаражаты ағынын алады (2000 жылы 18,34 млн. доллар). Бұдан басқа, көрсетiлген жағдайды сақтау мақсатында қоғам есеп айырысу ставкасының жоғары деңгейiн және сәйкесiнше, халықаралық операторлар тарапынан төлемдi тұрақты ұстап тұрады.
      Кiретiн халықаралық байланысты монополиядан шығару шетелдiк әрiптестермен есеп айырысу үшiн есептiк ставка өлшемiн еркiн белгiлейтiн операторлардың пайда болуын бiлдiредi. Бiр жағынан, осы операторлар "Қазақтелеком" ААҚ тәрiздi халықаралық бедел мен сондай үлкен абонент желiсiне таяу перспективада ие болмағандықтан және ие бола алмайтындықтан, екiншi жағынан әлеуметтiк мiндеттемелерi болмағандықтан және бәсекелестiк күресте тарифтердi төмендетуге ұмтылатындықтан, есеп айырысу ставкалары төмендейдi. Тиiсiнше, есептiк ставкалардың төмендеуi Қазақстанға түсетін соманы және мемлекеттiк бюджетке түсетiн қаржы үлесiн азайтады. Келтiрiлген есептерге қарай көптеген бағыттар бойынша жағдай өзгереді және қазақстандық операторлар басқа елдерге төлем төлеуге мәжбүр болады, бұл ретте валюталық түсiмдердегi шығын жылына 25 млн. доллардан астам соманы құрайды.
      Орта мерзiмдiк перспективада трафиктiң ауытқуы Қазақстанның пайдасына сақталатындықтан, мемлекет жақын арадағы бес жылда олардың күрт төмендеуiне мүмкiндiк бермей, ставкалардың деңгейiн реттеуi тиiс.
      Бұдан басқа, алыс байланыстың ашық рынокқа қозғалысы Қазақстан Республикасының өзара байланысқан телекоммуникациялар желiлерiнiң техникалық қайта жабдықталуымен байланысты болуы тиiс. Мемлекеттiк саясат магистралдық операторларды, соның iшiнде қазiргi заманғы цифрлық байланыс магистральдары құрылысын қаржыландыратын инфрақұрылымдық компаниялар негiзiнде, ынталандыруға бағытталуы, бiрақ бұл ұлттық цифрлық супермагистрал құрылысын аяқтауға бөгет жасамауы тиiс.
      Осылайша, қалааралық, халықаралық байланыс рыногының ашылу үрдiсi мына кезеңдерден өтетiн болады:
      Бiрінші кезең. Телекоммуникация рыногын iшiнара ырықтандыру.
      Жаңа нөмiрлiк жоспарды, жергiлiктi сөйлесулердiң құнын есептеудің уақыттық жүйесiн, сондай-ақ телекоммуникация желiлерiн өзара қосуды, ырықтандырудың жаңа ережелерiн енгiзудi қамтитын жергiлiктi телефон байланысы рынокты ырықтандыру бағдарламасын iске асырғаннан кейiн болуы мүмкiн. Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнiң бiр бөлiгiн құрайтын меншiктi желi құрған лицензиялы оператор қалааралық және халықаралық байланысты тек өз желiсiнiң абоненттерiне ұсына алады. Трафик ауытқуы есебiнен шетелден едәуiр қаражат тартудың орын алған үрдiсi сақталуы үшiн, олардың төмендеуiне мүмкiндiк бермей, Қазақстанның халықаралық операторлары үшiн есептесу ставкаларының бiрыңғай деңгейiн реттейтiн мемлекеттiк уәкiлеттiк органның реттеу тетiгін енгiзу қажет, сондай-ақ кiретiн трафик үшiн олардың арасында кiрiстi бөлу тетiгiн енгiзу қажет.
      Бiрiншi кезеңге даярлық 2004 жылы мынадай нәтижелермен аяқталуы тиiс:
      жергiлiктi байланыс рыногында бәсекелестiк ортаны құру;
      қалааралық және халықаралық байланыс рыногында қазақстандық байланыс операторлары санынан бәсекелестердің пайда болуы;
      телекоммуникация нарығының жоғары инвестициялық тартымдылығы.
      Екiншi кезең. Телекоммуникация рыногын толық ырықтандыру.
      Ұлттық цифрлық супермагистральдың құрылысы аяқталғаннан кейiн және қалааралық және халықаралық жер бетiндегi байланыстың цифрлық магистральдық арналарын пайдалану жөнiндегi баламалар пайда болғаннан кейiн мүмкiн. Кез келген жергiлiктi желi абонентi өз еркiмен қалааралық және халықаралық байланыс қызметiн ұсынатын кез келген байланыс операторын таңдай алады. Бұл жағдайда жергiлiктi байланыс операторының абонент таңдауын шектеуге құқығы жоқ.
      Екiншi кезеңге даярлық 2006 жылы аяқталуы тиiс.
      4.2.3. Операторлардың өзара қосылуы
      Операторлардың телекоммуникациялар желiлерiнiң өзара қосылу қағидаты рынокты ырықтандыру дәрежесiмен анықталады және орта мерзiмдi перспективада осы желiлердi техникалық дамытуға байланысты тасымалданады. Қазiргi кезде операторлар жалпы пайдаланыстағы телекоммуникация желiсi арқылы бiр желiнi екiншi желiге қосады, немесе белгiлi шарттарды сақтай отырып, бұл құқықты ұлттық оператор қосушы операторға бередi.
      Жаңа нөмiрлiк жоспарды енгiзу аяқталғаннан кейiн белгiлi санаттағы (бiр деңгейдегi) желiлердiң иелерi-операторлар өзара қосылуларды өз бетiнше жүзеге асыра алады.
      Уақыт бойынша есептеудi енгiзу аяқталғаннан кейiн түрлi деңгейдегi операторлар бiр-бiрiне өз бетiнше қосыла алады.
      Жергiлiктi деңгейдегi операторлармен әдiлеттi және ашық өзара қарым-қатынасты құру тек бүкiл ел көлемінде желiнiң барлық деңгейлерiнде уақыттық есепке алуды енгiзгеннен кейiн ғана мүмкiн болатынын атап өту қажет. Биллингтiң сертификатталған жүйесi желiсiнде трафиктiң міндеттi түрде бар болуы туралы талап жергілiктi телефондық байланыс қызметiн ұсыну құқығына рұқсат алудың мiндеттi шарттарының бiрi болуы тиiс.

     4-кесте. Телекоммуникациялар рыногын толық ырықтандыруға даярлық кезеңдерi.

_________________________________________________________________________

      1-кезең шамамен 2003 жыл          2 кезең шамамен 2005 жыл

Алғышарттар:                             Алғышарттар:

- Уақыт бойынша есепке алу              - Ұлттық супермагистрал шеңберi

жүйесiн енгiзудi аяқтау                   құрылысын аяқтау

- Жергiлiктi желiлердi 50%

деңгейге дейiн цифрландыру

- Ұлттық нөмiрлiк жоспар

_________________________________________________________________________

     Шығынды бағалау:                     Шығынды бағалау:


70 млн. доллар                            110 млн. доллар

_________________________________________________________________________

         Нәтиже                           Нәтиже

Өзiнiң меншiктi желiлерiн құрған         Толық ырықтандыру

операторлар үшін ырықтандыру

_________________________________________________________________________

     Тұтастай алғанда ырықтандыру бағдарламасын iске асыру барысында

мынадай iс-шаралар орындалады:

     1. Техникалық негіздi қамтамасыз ету:

     1) жергiлiктi телефон қосылуларының уақыт бойынша құнын есептеу

жүйесiн енгiзу - 2001-2003 жылдар;

     2) телекоммуникацияның жергiлiктi желiлерiн 60%-дық деңгейге дейiн

цифрландыру - 2001-2005 жылдар;

     3) жаңа нөмiрлiк жоспарды әзiрлеу және бекiту - 2001 жыл, жаңа

жоспарға көшу - 2002-2003 жылдар.

     2. Рыноктағы тең құқықты бәсекелестiк үшiн жағдайларды қамтамасыз ету:

     1) Рыноктың барлық секторларының кiрiстiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тарифтердi қайта теңестiру - 2002 жыл;
     2) телекоммуникациялық қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткiзiмдiктi қаржыландыру тетiгiн әзiрлеу және iске асыру - 2002 жыл;
      3) лицензиялаудың жаңа ережелерiн әзiрлеу және енгiзу - 2002 жылдың 1 қаңтарына;
      4) операторлардың телекоммуникациялар желiлерi түйiндесуiнiң жаңа ережелерiн әзiрлеу және енгiзу - 2002 жылдың 1 қаңтарына;
      5) кiретiн трафиктен түсетiн түсiмдi бөлу тетiгiн әзiрлеу және iске асыру - 2003 жылдың 1 қаңтарына.
      3. Ұлттық бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету:
      1) Ұлттық супермагистрал құрылысын аяқтау - 2001-2005 жылдар.
      4. Телекоммуникация саласын тиiмдi мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету:
      1) "Байланыс туралы" Z990382_ , "Лицензиялау туралы" Z952200_ , "Табиғи монополиялар туралы" Z980272_ Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерiстер енгiзу - 2003-2005 жылдар;
      2) қосылу үшiн өзара есептесулердi, телекоммуникация желiлерiнiң желiлiк ресурстарын пайдалану және трафиктi өткiзудi қоса алғанда телекоммуникация қызметтерiнiң тарифтерiн реттеудiң табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлескен рәсiмiн әзiрлеу - 2002 жылдың 1 қаңтарына дейiн;
      3) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн ұсынуды ұйымдастыруға демеуқаржы тетiктерін құруды және пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу - 2002-2003 жылдар;
      4) ДСҰ талаптарына сәйкес байланыс саласындағы уәкiлеттi органды (Реттеушiнi) қайта ұйымдастыруды iске асыру бағдарламасын және қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу - 2006 жылдың қаңтарына дейiн.
      4.2.4. Телекоммуникациялар саласын ырықтандырудың салдарлары
      Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын ырықтандыруды жүргiзу нәтижесiнде мыналарға қол жеткiзу күтiледi:
      адал ниеттi және бәсекелестiкке қабiлеттi ортамен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ДСҰ кiру өлшемдерiмен сыйымсыз жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсiнiң ұлттық операторы қазiргi уақытта жүзеге асыратын пайдалы қызмет көрсетулер есебiнен iшкi шығынды кросс-қаражаттандырудан бас тарту;
      жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнде және ауылдық жерлерде қазiргi уақытта шығынды байланыс қызметтерiн ұсынуға жаңа операторларды тарту;
      екi немесе одан да көп телекоммуникациялардың магистралдық желiлерi операторларының пайда болуы;
      жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнде шын бәсекелестiктi жасау;
      тұтынушыларды байланыс операторларын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;
      бүтiндей алғанда телекоммуникациялар саласының салық салынатын базасын кеңейту;
      саланың қаржы салымы тартымдылығын едәуiр арттыру.
      4.3. Жаңа технологиялардың дамуы
      4.3.1. Жаңа технологиялардың даму үрдiсi
      Қазақстанда жаңа технологияларды дамытудың негiзгi бағыттары ұлттық телекоммуникация инфрақұрылымының бәсекелестiкке қабiлеттi талаптарымен және қоғамның қажеттiлiгiмен анықталады.
      ХХI ғасыр адамзат қызметiнiң барлық саласына кең ауқымды өзгерiстер әкелетiн ғасыр, индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту ғасыры болмақ. Оның негiзгi құрамдас бөлiгi қуатты көлiктiк телекоммуникациялық желiлерге және тұтынушыларға ақпарат ұсынуға рұқсат беруге бөлiнген желiлерi бар Ғаламдық ақпараттық инфрақұрылым (ҒАИ) болып табылады.
      Қазақстан мүшесi болып табылатын Халықаралық электр байланыс одағының (ХЭО) 1994 жылы Киотода өткен өкiлеттi мәслихаты ХЭО-ның негiзгi стратегиялық мақсаты ғаламдық ақпараттық инфрақұрылым құру екендiгiн атап өттi. Бұл экономика мен әлемдiк кiрiгудiң дамуын ынталандыратын қажеттi шарттардың бiрi. Бүгiнде кез-келген мемлекеттi ақпараттандыру оның экономикалық дамуының негiзгi факторларының бiрi болып табылады, сондай-ақ компьютерлендiрiлген құралдар мен ақпараттық технологияға көшу құралы болып табылады. Телекоммуникацияларды жетiлдiру мен дамыту ел өнеркәсiбiнiң дамуын үдетуге септiгiн тигiзедi, iшкi және сыртқы рынокта отандық ұйымдардың (кәсiпорындардың) табысты қызметiне, сондай-ақ шетелдiк инвестицияларды тартуға жағдай жасайды. Қазiргi заманғы телекоммуникация қызметтерiн халықтың көпшiлiгінің пайдалануына мүмкiндiк беру әлеуметтiк экономикалық дамыған қоғамның белгiсi, тұрмыс деңгейiн арттырудың аса маңызды шарттарының бiрi.
      Осыны негiзге ала отырып, телекоммуникациялар саласы дамуға тиiс негiзгi басым бағыттардың бiрi ретiнде телекоммуникация жүйелерiн және аппараттық-бағдарламалық құралдарды әзiрлеу және шығару жөнiндегi өндiрушiлер мен отандық ғалымдар мүмкiндiгiн бiр мезгiлде пайдаланатын ұлттық ақпараттық супермагистрал құру таңдап алынды. Басым бағыттар бойынша жұмыстарды аяқтау мынадай нәтижелерге әкелуi тиiс:
      бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын ұлттық көлiктiк телекоммуникациялық желiлердің пайда болуы, деректер беруге арналған желілік технологияларды дамыту, көпшiлiкке қызмет көрсетулердің интеллектуалдық желiлерiн құру және кең белдеулi қызметтердi ендiру;
      транзиттiк телекоммуникациялық әлеуеттi жоғарылату;
      халықаралық реттеу органдарының техникалық ұсынымдарын және стандарттарын пайдалану негiзiнде телекоммуникацияның ұлттық желiсiнiң ғаламдық байланыс желiлерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      ақпаратты өңдеу және қызмет көрсету желiлерiн кеңейтiлген ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында ыңғайлы нысанда қол жетерлiк баға және кепiлдендiрiлген сапа бойынша келiстiру;
      почтаның шағын саласына жаңа қызмет көрсетулер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету және почта-жинақ жүйесiн дамыту;
      жеке меншiк бизнес аясы өнiмділігiнің күрт үдеуi (электрондық сауда және есептесулер, сондай-ақ бизнестi электрондық жүргiзу);
      көлiктiк қызмет көрсетулердi оңтайландыру;
      қашықтықтан оқыту, мектептердi қоса алғанда оқу орындарын ақпараттандыру, ғылыми кооперация;
      ақпараттық қызмет көрсетулердi жекелеу және сапасын жақсарту, тележұмыс, әлемдiк ақпараттық ресурстарға, әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне араласу;
      мемлекеттік органдардың әкiмшілік, бақылау қызметтерiн оңтайландыру;
      анықтамалық жұмыс, iс жүргiзу, есеп беру тетiктерiн жетiлдiру.
      Қазiргi уақытта байқалып отырған желiлер мен технологиялардың конверенциясы (жақындасуы) инфокоммуникациялық мультисервис негiзделетiн база болып отыр.
      Түрлi трафиктердiң: компьютерлiк деректер, сөз, бейнеақпарат кiрiгуi орын алатын болады.
      4.3.2. Байланыстың кең жолақты қызметтерiн ұсыну үшiн желiлер құру
      (А) Интернет және мультимедиа
      Қазақстанда мультимедиа қызметтерінің кең ауқымды желiлерiн құрудың және қызмет көрсетулерiн ұсынудың прогрессивтi сипаты туралы сенiммен айтуға болады. Кең ауқымды мультимедиа сервисінің желiлерiнiң мультимедиа сервисiнің қосымша дамуы - қашықтықтан оқыту, электрондық коммерция, интерактивтi теледидар, Интернет желiсiне өтуге қол жетiмдiк - тұтынушыға аса көп қызмет көрсетулер ұсынады. Хабар таратудың кең арналарымен қатар оларды пайдаланушыларға бейнерепортаждармен алмасу, бейнемәслихаттар мен телекөпiрлер жүргiзу үшiн интерактивтi байланыс та қажет болады. Кең хабар тарату арналарының Интернет қызмет көрсетулерiмен кiрiгу үрдiсi жалғасады. Қазiрдің өзiнде Интернеттен түрлi радиостанциялардың хабарларын тыңдап, бейнероликтер көруге болады. Уақыт өте келе Wеb-беттерге келу мен теледидар бағдарламаларын ауыстыру арасындағы шекараны жоятын жаңа интерактивтi қызмет түрлерi жасалатын болады.
      Қазақстанда Интернет желiсiне қол жеткiзiмдiктi барлық қалаларда 80 байланыс операторлары ұсынады, пайдаланушылардың саны шамамен 2000 адамды құрайды.
      (Б) Компьютерлiк телефондама.
      Бүгiн әлемде телефон байланысының екi жүйесi қалыптасуда: рынок үшiн күресте бәсекелесетiн телекоммуникацияның дәстүрлi желiсi және компьютерлiк телефондама. Дәстүрлi телефондаманың осы күрестегi бiр артықшылығы бүкiл әлемде абоненттердiң өте үлкен саны және цифрлық желiлер есебiнен хабардың айтарлықтай жоғары сапасын қамтамасыз етедi. Интернет-телефондама абонент санының аздығы мен хабардың нашар сапасы кезiнде тым төмен тарифтермен ерекшеленедi. Интернеттегi нөмiрлеу жүйесi пайдаланушының тұрған орнымен байланысты емес, сондықтан тарифтер хабар берiлетiн қашықтыққа тәуелдi емес. Дәстүрлi телефондама түрлi қашықтыққа тарифтер де түрліше.
      Интернет-телефондаманы кеңейту ұзақ мерзiмдiк перспективада бiр жағынан телекоммуникация желiлерiн дамытудың жалпы үрдiстерiмен, екiншi жағынан - дәстүрлi телефон байланысының өсуiнен едәуiр асатын мәлiметтердi тарату, түрлi қосымшалары бар тақырыптық қызметтерiнiң өсу қарқынымен айқындалады.
      Қазақстанда 2000 жылдан бастап Интернет-телефондама қызмет көрсетулерiн ұсынуға рұқсат етiлдi.
      (В) Интеллектуалдық желiлер.
      Қазiргi кезде интеллектуалдық желiнiң барлық қызмет көрсетулерi әлемнiң жетекшi операторларының желiлерiнде үлкен сұранысқа ие болуда. Капитал салымдарының жылдам өтiмдiлiгiнен басқа бұл жаңа қызмет көрсетулердің үлкен санын жылдам және жеткiлiктi жай ендiру және жұмыс iстеп тұрған жабдық қызметiнде қандай да бiр кiдiрiстердiң болмау мүмкiндiгi. Осындай қызмет көрсетулердi ұсыну бойынша алғашқы қадамдар Қазақстанда да жасалуда.
      (Г) Кең жолақты желiлер ISDN.
      Бұрын Интернет желiсi күнделiктi тұрмысқа енбей тұрғанда үлкен өткiзу жолағы бар желiлер үшiн артық ақша төлеудiң мағынасы жоқ болатын. Қазiр Web үлкен коммерциялық түйiн және мультимегабайттық файлдарды толтыру үшiн ең көп мүмкiн болар өткiзу жолағы талап етiледi. ISDN әлi де қазiргi кезде iс жүзінде қол жетiмдi өткiзудiң кең жолағын қамтамасыз ететiн жалғыз технология болып табылады. Сол арқылы кең жолақты қызмет көрсетулердi сатуға болатын қол жетiмдiлiктiң жаңа желiлерiн салудан басқа Қазақстанның байланыс операторларында бар қол жетiмдi желiлерiнің сипаттамаларын тексеру, оларға баға беру және қажет болған жағдайда жаңа желiлерге айырбастау жөнiндегi жұмыстардың үлкен көлемiн орындау қажет.
      ХЭО дамушы елдерге бұл iс-шараларды жүзеге асыруға қолдау көрсетудi жоспарлап отыр.
      (Д) Кабельдiк және спутниктiк теледидар.
      Қазақстанда кабельдік және спутниктiк желiлердi пайдаланып теледидар хабарларын тарату үдемелi қарқынмен дамитын болады. Одан басқа, керi арнасы бар жүйенi iске асыру мүмкiндiгi түрлi қосымша мультимедиа қызметтерiн ұйымдастыруға жағдай туғызады: интерактивтi теледидар (сұраным бойынша бейне, кабельдiк жүйенi пайдаланатын сатып алушылар мен банктiк есеп айырысулар, кабельдiк жүйелердегi Интернет және телефондама), жерсерiктiк медиасервис (Интернет, мәлiметтер хабарлау, жаңалық жинау, бағдарламаларды спутник арқылы жеткiзу).
      Теледидарлық хабар тарату жүйелерi бойынша мәлiметтер тарату ақпаратты бiр көзден көптеген тұтынушыға жеткiзу талап етiлетiн қолданбалы салаларда қажет, себебi, байланыс құралдарына салынатын салымдарды үнемдеуге, оны жеткiзудің уақтылығы мен географиялық қамтуына байланысты артықшылық бередi (филиалдары көп кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет қызметтерiн көрсетушiлер).
      Қазақстанда спутниктiк хабарлау қызметтерiн тек бiр, кабель теледидарының қызметтерiн жетi байланыс операторлары көрсетедi, алайда жаңа лицензия алуға өтiнiштер санының өсуi және бiрiншi кезекте облыс орталықтарында кабельдiк теледидар желiлерiнiң дамуы болжанып отыр.
      4.3.3. Мобильдi байланыс
      (А) Ұялы байланыс
      Политехнологиялық - қазiргi заман кезеңiндегi жылжымалы байланыстың дамуына тән ерекшелiк. Түрлi елдерде әртүрлi технологиялар мен стандарттардың негiзiнде iске асырылатын жылжымалы байланыс желiлерiнiң жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жылжымалы байланыс өзiнiң техникалық-экономикалық сипаттамалары, қызметтерiнiң сапасы мен пайдалану масштабы бойынша тiркелген байланысты таяу он жылда басып озады.
      Соңғы жылдарда әлемдегi жылжымалы байланыс қызметтерiн көрсету рыногында байқалып отырған өткiр бәсекелестіктiң салдарынан барлық үш негiзгi технологиялардың, атап айтқанда GSМ, D-АМРS, CDMA дамуы мына негiзгi үш бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қосымша қызметтердің санын арттыру желi сыйымдылығы мен бөгеу алаңын өрiстету, құнды кемiту және радиоинтерфейстi өткiзу жолағын кеңейту Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерiн 4 байланыс операторы көрсетедi, олар GSМ, D-АМРS, CDMA стандарттарын пайдаланады. Пайдаланушылардың саны 100000 асты. 2002 жылы конкурс өткiзіліп DCS-1800 ұялы байланыс стандарты желiсiн ұйымдастыруға арналған лицензия берiлетiн болады. Қазақстанда IМТ-2000 (W-СDМА, СDМА-2000) жылжымалы байланыстың үшiншi буын стандарттарын енгiзу жақындап келедi, олар бiр 5 МГц арнасында тарату жылдамдығы 8 Кбит/с-тен 2 Мбит/с дейiнгi шектердегi бiрнеше әртүрлi қызметтердi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, бiр ғана арнада сөз бен мәлiметтердi сол бiр терминалға жiберудi талап ететiн нақты мультимедиа ақпаратты қамтамасыз ете отырып, пакеттер коммутациясы қызметiнің сигналдары бiр арнада жiберілуi мүмкiн. ХЭО қазiргi уақытта осы байланыс желiлерiне барлық елдер мүдделi қажеттi радиожиілiктi бекiту мәселесiн шешуде, бұл проблема Қазақстанда да көбiнесе әлеуетті құрылымдар пайдаланатын радиожиілік спектрiн конверсиялау жолымен шешiлуде.
      (Б) Абоненттік сымсыз қол жеткiзiмдiлiк.
      Ғаламдық телекоммуникациялардың жылдам дамуына және тұтынушылар талаптарының өсу шамасына орай желi құру және оны кеңейтуге жұмсалатын шығындарды қысқарту үшiн сымсыз абоненттiк қол жеткiзiмділік (WLL) технологияларына негiзделген техникалық шешiмдердің маңызы арта түсуде. Қазiргi уақытта WLL желілерiне тiркелген қол жеткiзiмдi жүйелер (стационарлық абоненттер) мен мобильдiгi шектеулi дәрежедегi жүйелер (жаяу жүргiншiнің жылдамдығы) жатады. Бүгiнгi күнi рынокта бiр-бiрiнен құрылымымен, техникалық параметрлерiмен және ең бастысы, шешiлетiн міндеттердiң түрлерiмен ерекшеленетiн абоненттiк көп радиоөту желiлерi пайда болды, ұялы жылжымалы байланыс стандарттарының негiзiндегi немесе технологиялар негiзiндегi жүйелер (NМТ-450, АМРS, D-АМРS немесе GSМ), сымсыз телефондама стандарттары негiзiндегi жүйелер (СТ-2, ДЕСТ). Қазақстанда NМТ-450, СТ-2, DЕСТ стандарттарының негiзiнде радиоөту желiлерiн пайдалану үшiн радиожиілiктердi конверсиялау мәселесi шешiлуде.
 
                            5. Қорытынды
 
      Байланыс қызметтерi рыногын қазiргi заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қалыптастыру мен ендiру негiзiнде тез дамыту, өмiрдiң барлық жақтарын ғаламдандыру мен ақпараттандыру үдерiстерiн дамыту жалпы әлемдiк үрдiстер арнасында Қазақстан экономикасының осы сегментiн тиiмдi дамытуды қамтамасыз етуге тартылған республиканың телекоммуникациялық рыногын мемлекеттiк реттеу аспаптарын мұқият және ойластырылған түрде таңдауды талап етедi.
      Осы Тұжырымдаманы қабылдау рыноктық үрдiстердi ынталандыру негiзiнде де және жалпы мемлекеттiк сипаттағы міндеттердi iске асыруды қамтамасыз ететiн iрiктеу-сұрыптау тетiктерiн қолдану арқылы да телекоммуникациялар рыногының дамуына жаңа серпiн бередi.
      Бұл ретте телекоммуникациялар саласының барлық мәселелерi тек осы саланы тиiмдi дамыту тұрғысынан ғана қаралып қоймай, онымен бiрге Қазақстанның жетiлдiруге жататын телекоммуникациялар желілерінің ықтимал мүмкiндiктерiн толық пайдалану негiзiнде республиканың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру тұрғысынан да қаралады.
      Анағұрлым жалпы жағдайларда телекоммуникациялар саласындағы осы Тұжырымдаманы iске асыру ғаламдық телекоммуникациялар мен ақпараттандыру желiлерiнiң қазiргi заманғы барлық талаптарына жауап беретiн меншiктi тәуелсiз және тиiмдi желi құруды болжайды.
      1. Мемлекеттiк басқару органдарының, заңды тұлғалар мен тұрғындардың телекоммуникациялық қызметтердiң барлық түрлерiн алу жөнiндегi қажеттiлiктерiн толық қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнің инфрақұрылымдық бөлiгi - бiртұтас техникалық және ұйымдастырушылық идеологиясы негiзiнде жұмыс iстейтiн және дамитын телекоммуникация желiлерiнің қазiргi заманғы түрі құрылатын болады.
      2. Телекоммуникациялар саласын ойдағыдай дамыту әлемдiк экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюына ықпал жасайтын Қазақстанның стратегиялық дамуының шешушi факторларының бiрi болып табылады.
      3. Ортаазиялық аймақтағы коммуникация инфрақұрылымында Қазақстан Республикасының көшбастаушылық айқындамасы қамтамасыз етiледi.
      4. Қазақстанның Оңтүстiк-Шығыс Азия - Еуропа және Орта Азия - Ресей бағыттарында едәуiр ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық транзиттiк торап ретiнде тұрақтануы болады.
      5. Бесжылдық кезеңнiң соңына қарай телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногының барлық секторлары толығымен ашық және бәсекелестiк жағдайында болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады