Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 желтоқсан N 1729. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.14. N 14 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776  P991776_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 509-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі туралы ережеде: 
      1-тармақтың екінші абзацында "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларында және аудандарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      3) тармақшада "ұйымдастыру және жүргізу" деген сөздер "жүргізуді ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "аймақтандыруды" деген сөз "аймақтандыру жөніндегі жұмыстарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшада "асыру" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "болып табылады." деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "жерге орналастыру жүргізуді ұйымдастыру.";
      11-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) жер заңнамасын бұзушылықты жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқау береді;
      2-2) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;";
      13) тармақшада "құнын" деген сөздің алдынан "бағалау" деген сөзбен толықтырылсын;
      18) тармақшада "дайындайды және" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      1-14-тармақтарда:
      "облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті" деген сөздер "облыстық және аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады