Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (шаруашылық жүргiзу құқығында)

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 желтоқсан N 1748. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.23. N 459 қаулысымен

      "Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 P991191_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) мемлекеттiң жарғылық капиталда жүз пайыз қатысуы және акциялардың мемлекеттiк пакетiн республикалық меншiкте сақтау арқылы "Экономикалық зерттеулер институты" жабық үлгiдегi коммерциялық емес акционерлiк қоғамы етiп (бұдан әрi - "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ-ның жарғысын бекiтсiн және оны мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ мемлекеттiк тiркеуден кейiн белгiленген тәртiппен жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25%-ынан артық емес сомаға акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайтуға шаралар қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды институт қызметкерлерi құрған заңды тұлғалардың арасында жабық әдiспен жүргiзсін;
      3) "Экономикалық зерттеулер институты" ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне берсiн;
      4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулыларына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 30а-3-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 P010165_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат):

 

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және

сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде "Экономикалық

зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" (шаруашылық

жүргiзу құқығында)" деген жол алынып тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады