Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Тың мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 қаңтар N 51

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Тың мемлекеттік аймақтық машина сынау станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Тың машина сынау станциясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
      2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                     Үкіметінің
                                             2002 жылғы 15 қаңтардағы
                                                   N 51 қаулысына
                                                       қосымша

            Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
                  енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Ақмола облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-4-жолмен толықтырылсын:
      "13-4. "Тың машина сынау станциясы" ААҚ".
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-4-жолмен толықтырылсын:
      "205-4. "Тың машина сынау станциясы" ААҚ".
      4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 P001587_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
      қаулыға 2-қосымшада мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-жолмен толықтырылсын:
      "31. "Тың машина сынау станциясы" ААҚ (Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Никольское ауылы) 100%".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады