Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізуге рұқсат беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 26 қаңтар N 125. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.02.01. N 146 қаулысымен. ~P020146

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 U952350_ заң күші бар Жарлығының 36-7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Ойл Шельф" корпорациясына 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде МОГТ-3Д эксклюзивті емес сейсмобарлау жұмыстары және гравибарлау технологиясы бойынша Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі шегінде ІХ-7б; ІХ-8б; Х-5б (жартылай); ІХ-11; ІХ-12; Х-9; ХVІІ-15 (жартылай); ХХ-2 (жартылай); 3; 4 (жартылай); 6 (жартылай); 7 (жартылай); 8 (жартылай) блоктары бойынша теңіз зерттеулерін жүргізуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар

 

министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті заңнамада

белгіленген тәртіппен "Қазақстан Ойл Шельф" корпорациясымен келіссөздер

жүргізсін және теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізуге тиісті шарт жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады