Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 ақпан N 251

      Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Олимпиадалық даярлау орталығы" және "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрылсын. 

      2. Мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi болып белгiленсiн. 

      3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн: 
      1) "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау; 
      2) "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткiзу. 

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
      2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады