Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 наурыз N 274. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2007 N 553 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
     1-тармақта:
     Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына:
Өтембаев                  - Қазақстан Республикасы
Ержан Әбілхайырұлы          Президентінің Әкімшілігі 
                            Басшысының орынбасары,
                            төрағаның орынбасары 
                            (келісім бойынша)
енгізілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады