Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен

      1. Мыналар Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып тағайындалсын:

      1) Халықаралық Валюта Қоры:

      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Fалымжан Олжаұлы Пірматов (келісу бойынша),

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкі:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов;

      3) Еуропа Қайта құру және Даму банкi:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      4) Азия Даму Банкi:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      5) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглова;

      6) Ислам Даму Банкi:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 181; 27.04.2022 № 251; 18.05.2023 № 383 қаулыларымен.

      1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады