"Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 наурыз N 384

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан

Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы 


Z970131_


  Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


           "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы"

                       Қазақстан Республикасының

                  1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына

             толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы"

                     Қазақстан Республикасының Заңы



 
       1-бап. "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Z970131_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат, 2001 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан", 2001 жылғы 29 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 желтоқсандағы Z010276_ Заңы) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      9-бапта:
      7-тармақ "пайдаланылмайтын" деген сөздің алдынан "бір жылдан аса" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта "Заңда белгіленген тәртіппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен" деген сөздермен, ал "аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттері" деген сөздер "коммуналдық меншікке билік етуге уәкілетті органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-бапта:
      2-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Жеке тұлғалар - жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының

 

қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртіппен қоғамдық бірлестік

нысанында бірлестіктер құра алады";

     екінші бөлікте "қауымдастықтар" деген сөз "қоғамдық бірлестіктер мен

қауымдастықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2-1-тармақта "қауымдастықтардың", "қауымдастықтардан" деген сөздер

тиісінше "қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардың", "қоғамдық

бірлестіктер мен қауымдастықтардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақ алынып тасталсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады