Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 сәуір N 389

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.  N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.
      2. "Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659  P971659_  қаулысына: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ережеде: 

     5-тармақтың жетiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң рұқсаты арқылы" деген сөздер "заңнамада белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады