Байланыс формасы

"Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 мамыр N 506

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Z952335_ заң күші бар Жарлығына сәйкес және мемлекеттік қызмет кадрларының кәсіптік деңгейін көтеру әрі мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің оны Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі аясы білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық іс-қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады