1997 жылғы 18 қарашадағы Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған ГКИ N 98-Д (мұнай) лицензиясына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 14 мамыр N 520

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1997 жылғы 18 қарашадағы ГКИ N 98-Д (мұнай) лицензиясына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) атаулы парақтағы "БРИТИШ ГАЗ ЭКСПЛОРЕЙШН ЭНД ПРОДАКШН ЛИМИТЕД" деген сөздер "БГ ҚАРАШЫҒАНАҚ ЛИМИТЕД" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) ГКИ N 98-Д (мұнай) лицензиясына 1-қосымшаның "ГКИ N 98-Д (мұнай) лицензиясына түзету" бөлімінде:
      "компания Ұлыбританияда корпорация ("Бритиш Газ") ретінде тіркеген "БГ Эксплорейшн энд продакшн Лтд. (BG Exploration and Production Ltd.)" деген сөздер "компания Англия мен Уэльсте корпорация ("Бритиш Газ") ретінде тіркеген "БГ Қарашығанақ Лимитед (BG Karachaganak Limited)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) "Лицензияның мазмұнына түзету және оны қайта қарау" бөлімінде:
      1.1-тармақтағы "БГ Эксплорейшн энд продакшн Лтд. (BG Exploration and Production Ltd.), ("Бритиш Газ")" деген сөздер "БГ Қарашығанақ Лимитед" (BG Karachaganak Liмitеd), ("Бритиш Газ")" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.2-тармақтағы "Бритиш Газ: 100 Thames Valley Park Drivе, Rеаding, Berkshire RG6 1РТ, United Kingdom" деген сөздер "Бритиш Газ: Блок АВ-2, 2, Czech Самр, Ақсай, 418440" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.3 және 1.4-тармақтардағы "Бритиш Газ: Англияда корпорация ретінде тіркелген жауапкершілігі шектеулі компания" деген сөздер "Бритиш Газ: Англия мен Уэльсте корпорация ретінде тіркелген компания" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.5-тармақтағы "Бритиш Газ: 1967 жылғы 30 наурыз" деген сөздер "Бритиш Газ: 1996 жылғы 18 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1.6-тармақтағы "Бритиш Газ: Ф.Чапмен, төраға" деген сөздер "Бритиш

 

Газ: Ф.Чапмен, президент" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4) сериясы ГКИ N 98-Д (мұнай) лицензиясына 2-қосымшадағы "Бритиш Газ

Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед ("Бритиш Газ") деген сөздер "БГ

Қарашығанақ Лимитед ("Бритиш Газ") деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады