Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 мамыр N 533

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мыналар болып айқындалсын: 
      1) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, балалар үйінің денсаулығы нашар жетім балаларын, экологиялық қолайсыз аймақтардың және аз қамтылған отбасыларының балаларын оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру; 
      2) әдістерді, соның ішінде дәстүрден тыс әдістерді әзірлеу және енгізу, имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау; 
      3) азаматтардың рухани және тән саулығын нығайтудың дәстүрден тыс әдістері ықпалының тәжірибесін зерделеу;
      4) ғылыми зерттеулер, ғылыми-педагогикалық мамандар мен кадрлар даярлау. <*> 
       Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.09.30. N 1005   қаулысымен
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790   қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
     "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімінде:
     реттік нөмірі 470-164-жол алынып тасталсын;
     2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .  
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады