Бұрынғы темекi фабрикасының мyлкiн Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 мамыр N 583

      Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, нарықтық инфрақұрылымды, инновациялық қызмет пен қолөнер кәсiбiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Алматы қаласы әкiмiнiң Алматы қаласы, Мақатаев көшесi, 117 мекен-жайы бойынша орналасқан бұрынғы темекi фабрикасы ғимараттарының өндiрiстiк кешенiн, құрылыстарын, негiзгi құралдарын (бұдан әрi - Мүлiк) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Мүлiктi Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi, "Филип Моррис Қазақстан" ашық акционерлiк қоғамы мен "Филип Моррис Холланд Б.В." компаниясы арасында жасалған өтеусiз беру туралы 2002 жылғы 3 мамырдағы N 397 шартқа сәйкес қызметi темекiнi, темекiлiк және темекiмен байланысты өнiмдi сақтаумен, қайта өңдеумен және өндiрумен байланысты болмайтын Өнеркәсiптiк парктi құру және тиiмдi дамыту үшiн Мүлiктi пайдалануды қамтамасыз етсiн.
      4. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге

 

қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 


P981141_


  қаулысына (Қазақстан

Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат) мынадай толықтыру

енгiзiлсiн:

     көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi

394-жолмен толықтырылсын:

     "394, Алаңы 37,8 мың шаршы метр

           темекі фабрикасының объектісі Мақатаев көшесі, 117".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады