Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 497 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
       2. Заң жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы және заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20 N 217 қаулысымен.
      2-1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2-2. Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, оларды көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 N 359 қаулысымен.
       3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар белгiленген тәртiппен:
      2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      мемлекеттiк тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн.
      4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.
      6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51 өкiмiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдар:
      дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
      7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Yкiметiнiң                
2002 жылғы 30 мамырдағы         
N 598 қаулысымен            
бекiтiлген                

Ғылыми сараптама жүргiзу ережесi

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.05 N 359 қаулысымен.

      Осы Ереже «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында әзірленді.

Жалпы ережелер

      1. Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының мазмұнына қарай, тиісті бейіндегі ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары (бұдан әрі - Ғылыми ұйымдар) жүргізеді.
      Заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасын қаралатын заң жобаларының мазмұнына қарай, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар да (бұдан әрі - Сарапшылар) жүргізуі мүмкін.
      2. Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі.
      3. Нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
      Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуге міндетті.
      Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Заң жобаларының тұжырымдамаларына, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледі.
      5. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі – ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама бойынша сараптаманы ұйымдастырушылар болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалар және сараптамалардың басқа түрлері бойынша, заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми құқықтық сараптамасы бойынша;
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 541; 24.09.2014 № 1011; 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Ғылыми сараптаманың міндеттері мен түрлері

      6. Ғылыми сараптама:
      1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, заңдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
      2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
      3) жобаның нормативтік құқықтық акті ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау;
      4) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде заң жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы тұрғысынан бағалау үшін жүргізіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 590 Қаулысымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7-1. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманың негізгі мақсаты заң жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкестігін анықтау болып табылады.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 590 Қаулысымен.
      8. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша кешенді немесе дербес ғылыми сараптамалар жүргізілуі мүмкін.
      Кешенді ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнің түрлі салалары негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі.
      Дербес ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнің бір саласы негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі.

3. Ғылыми сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары

      9. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыларды, Ғылыми ұйымдарды іріктеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 590 Қаулысымен.
      10. Ғылыми сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен Сарапшы не Ғылыми ұйым арасында жасаған азаматтық-құқықтық шартта айқындалады.
      11. Ғылыми сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі:
      заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін.
      Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі келіскенге дейін жүргізіледі.
      Ғылыми экономикалық сараптама бойынша құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі айқындайды.
      Заң жобасына қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай кезеңдерінде жүргізіледі:
      Қаржы, Ұлттық экономика және Әділет министрліктері келіскеннен кейін ол Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгенге дейін.
      Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі 15 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Бұл ретте Әділет министрлігі келіскеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган 2 жұмыс күні ішінде заң жобасын ғылыми лингвистикалық сараптамаға ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс;
      Президент Әкімшілігінің ескертулерін жойғаннан кейін, Үкімет оны Парламенттің қарауына енгізгенге дейін жүргізіледі.
      Бұл кезеңде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүргізу мерзімі әзірлеуші мемлекеттік орган пысықталған заң жобасын қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесіне ұсынған кезден бастап кемінде екі жұмыс күнін құрауға және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобасын Президент Әкімшілігімен келіскеннен кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесіне заң жобасының соңғы нұсқасын ұсынуы қажет.
      Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заңнамалық актілердің жобаларына ғылыми экономикалық сараптаманы қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптамаға әзірлеуші мемлекеттік орган немесе заң жобаларына бастамашылық жасағанда Парламент депутаттары өздері жібереді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 590, 29.05.2013 № 541; 24.09.2014 № 1011; 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      12. Заң жобасын әзірлеудің әрбір сатысында ғылыми сараптама мәтінінің заң жобасының мәтініне сәйкестігіне әзірлеуші мемлекеттік  органдар жауапты болады.
      13. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына құқықтық сараптама жүргізу кезінде де жүзеге асыра алады.
      14. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасы бойынша материалдарды Сараптаманы ұйымдастырушыға, оның ішінде электронды тасығышта да жібереді. Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасы бойынша материалдарды ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін тартылатын Ғылыми ұйымға, Сарапшыға жібереді.
      Заң жобасы бойынша материалдардың толық тізбесі берілмеген жағдайда Сараптаманы ұйымдастырушы оны қарамай, үш күн мерзімде әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарады.
      15. Бастапқы ғылыми сараптама нәтижелері бойынша Ғылыми ұйымның немесе Сарапшының қорытындысы жеткілікті негізделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда қайталама ғылыми сараптама жүргізіледі.
      Нормативтік құқықтық актінің жобасына, заң жобасын пысықтау нәтижесінде оның тұжырымдамасына түжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін қосымша ғылыми сараптама жүргізіледі.
      16. Ғылыми сараптама жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) нормативтік құқықтық актінің жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді айқындау және сипаттау;
      2) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және нормативтік құқықтық актіні қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді айқындау;
      3) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын талдау.

4. Ғылыми сараптама жүргізу үшін ұсынылатын материалдар

      17. Әзірлеуші мемлекеттік орган ғылыми сараптама жүргізетін Ғылыми ұйымға, Сарапшыға нормативтік құқықтық акт жобасының көшірмесімен бірге мынадай материалардың көшірмелерін ұсынады (қағаз және электронды тасығыштарда):
      нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      қолданыстағы заңнамаға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізілген жағдайда, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырма кесте (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған қабылданатын заң жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
      зерделенетін проблема бойынша статистикалық деректер.
      Осы тармақта көзделген материалардың ұсынылмауы ғылыми сараптаманы жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Сарапшының не Сараптаманы ұйымдастырушының сұратуы бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасында және тұжырымдамада қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды екі жұмыс күн ішінде ұсынуға тиіс.

5. Ғылыми сараптама жүргізу мерзімдері

      18. Ғылыми сараптама он бес жұмыс күні ішінде жүргізілетін ғылыми лингвистикалық сараптаманы қоспағанда, нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және олардың материалдарын ғылыми ұйымға немесе сарапшыға ұсынған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 541 Қаулысымен.
      19. Ғылыми экономикалық сараптама мерзімі заң жобасы бойынша тиісті материалдар ұсынылған күннен бастап жиырма бес күнтізбелік күнді құрайды.
      Қосымша және қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
      Қажет болған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргізу мерзімі Сараптаманы ұйымдастырушымен уағдаластық бойынша ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшін қосымша үш жұмыс күні беріледі.
      20. Ғылыми ұйымының немесе Сарапшының ұсыныстары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын пысықтаған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргізу мерзімдері жаңартылған нормативтік құқықтық актінің жобасы немесе заң жобасының тұжырымдамасы ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.

6. Ғылыми сараптаманы жүзеге асырушы Ғылыми ұйым, Сарапшы

      21. Ғылыми сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актінің жобасын және заң жобасының тұжырымдамасын дайындауға тікелей қатыспаған Ғылыми ұйымдар, Сарапшылар тартылады.
      22. Ғылыми ұйымдар, Сарапшылар ретінде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің жобасы, заң жобасының тұжырымдамасы ғылыми сараптау үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
      23. Сарапшының жоғары білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі болуға тиіс, ғылыми сараптаманың белгілі бір түрі саласында арнайы білімі, тәжірбиесі болуы қажет.
      24. Ғылыми ұйым, Сарапшы:
      ғылыми сараптама жүргізу үшін қажетті, оның ішінде ғылыми сараптама жұмысын жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша барлық ақпаратты, материалдарды алады;
      орындаған жұмысы үшін сыйақы алады;
      Сараптаманы ұйымдастырушымен келісім бойынша тек өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларынан туындайтын өзге мәселелер бойынша да қорытындылар береді;
      әзірлеуші мемлекеттік органдардың статистикалық деректерін пайдалана алады. Егер статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен әзірлеуші мемлекеттік органның статистикалық деректері сәйкес келмеген жағдайда, бұл сараптамалық қорытындыда көрсетілуге тиіс;
      егер шартта өзгеше көзделмесе, ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезінде оны орындауға үшінші тұлғаларды тартуы мүмкін.
      25. Ғылыми ұйым, Сарапшы:
      нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын, сондай-ақ Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық қорытынды береді;
      ғылыми сараптама жүргізу барысында өзінің кінәсінен жіберілген кемшіліктерді өз күшімен, өз есебінен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгілеген мерзімде жояды;
      Сараптаманы ұйымдастырушыға межеленген нәтижелерді алу мүмкін болмайтынын анықтағаны немесе одан әрі ғылыми сараптама жүргізудің орынсыздығы туралы бір күн мерзімде хабарлайды;
      Сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргізу барысында шеккен шығыстары туралы есеп береді;
      ғылыми сараптама жүргізу нысанасына қатысты мәліметтердің, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерінің жасырын болуын қамтамасыз етеді;
      шартта белгіленген өзге де міндеттерді алады.

7. Сараптамалық қорытынды

      26. Жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша ғылыми сараптама жүргізудің нысанасы бойынша Ғылыми ұйымның немесе Сарапшылардың уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық тұжырымдары қамтылуға тиіс сараптамалық қорытынды жасалады.
      27. Егер әзірлеуші мемлекеттік органда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиісті түсіндірмелер беруі үшін Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға не Сараптаманы ұйымдастырушы белгілеген мерзімде Сараптаманы ұйымдастырушыға қайталама ғылыми сараптама жүргізу бойынша сұраумен және өз негіздемесімен жүгіне алады.
      28. Нормативтік құқықтық акт жобасына берілген ғылыми сараптаманың қорытындысында мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
      1) жалпы ережелер:
      ғылыми сараптама жүргізген ұйым тартқан ұйым және/немесе адам;
      ғылыми сараптама жүргізілген ғылым саласы;
      әзірлеуші мемлекеттік орган;
      ғылыми сараптаманың мәні мен мақсаттары;
      нормативтік құқықтық акт жобасының атауы;
      нормативтік құқықтық акт жобасының мақсаты;
      нормативтік құқықтық акт жобасының құрылымы;
      2) нормативтік құқықтық актінің жобасы шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау, оның ішінде:
      нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың негізділігі мен уақтылылығын бағалау;
      3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және нормативтік құқықтық актіні қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді сипаттау;
      4) қойылған проблемалы мәселелерді шешу үшін нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, оның ішінде ғылыми сараптаманың (құқықтық, криминологиялық) алдына қойылған мәселелерге жауаптарды талдау;
      Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасына қойылған мәселелер:
      нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігін тексеру;
      нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және өзге де салдарларын бағалау;
      нормативтік құқықтық акт жобасының қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлардың пайда болуын айқындау;
      нормативтік құқықтық акт жобасының қабылдануына байланысты гендерлік теңдік құқығына қысым жасайтын себептер мен жағдайлардың болуын айқындау;
      нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау;
      нормативтік құқықтың акт жобасы нормаларының ғылыми пысықталуының сипаттамасы, заңнамалық базаны жақсарту жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу;
      құқықтың тиісті саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау;
      нормативтік құқықтық актінің жобасында қамтамасыз етілетін айқын немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүддені анықтау;
      нормативтік құқықтық актінің жобасынан туындайтын өзге де сұрақтарға жауап алу.
      Заң жобаларының ғылыми криминологиялық сараптамасына қойылған мәселелер:
      заң жобалау базасын жетілдіру;
      заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасау ықтималдығының жағдайларын айқындау;
      қылмыстық әрекеттің үстінен әлеуметтік-құқықтық бақылаудың ықтимал тиімділігін айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
      заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі қылмыстың жай-күйін, сипатын және құрылымын есепке алу;
      заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шараларға қатысты салдарлары;
      заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектілерінің әлеуметтік-психологиялық сипаттары жүйесіне қатысты салдарлары;
      жәбірленуші тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкіндігі;
      заң жобасымен реттелетін құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша статистикалық деректердің болуы;
      заң жобасында көрсетілген құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкіндігі;
      террорлық актілер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсызда жасалған құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігін анықтау;
      заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгізу;
      заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
      экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
      1) жалпы ережелер:
      ғылыми құқықтық сараптаманы жүргізген ұйым немесе тұлға;
      әзірлеуші мемлекеттік орган;
      ғылыми құқықтық сараптаманың мәні мен мақсаттары;
      заң жобасы тұжырымдамасының атауы;
      2) нормативтік құқықтық актінің жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау;
      3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және заң жобасын қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді сипаттау, оның ішінде:
      халықаралық тәжірибені айқындау және оны тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастарда қолдану мүмкіндігін бағалау;
      4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешуге ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, оның ішінде:
      заң жобасын қабылдаудың негізділігін және уақтылылығын бағалау не заң жобасын қабылдау қажеттігінің жоқтығы немесе орынсыздығы туралы ғылыми негізделген дәлелдемелер әзірлеу;
      заң жобасы тұжырымдамасының сапасын бағалау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау;
      заң жобасы тұжырымдамасының құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкестігін айқындау;
      тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастардың қолданыстағы заңнамада реттелуі тұрғысынан бағалау;
      тұжырымдамада айқындалған құқықтық қатынастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкестігі тұрғысынан бағалау;
      заң жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау;
      5) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу;
      6) заң жобасының тұжырымдамасы, оның мазмұны бойынша жалпы қорытынды.
      30. Заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мыналар көрсетілуге тиіс:
      1) жалпы ережелер:
      әзірлеуші мемлекеттік орган;
      ғылыми сараптаманы жүргізген ұйым тартқан ұйым және/немесе тұлға;
      заң жобасының жалпы сипаттамасы;
      заң жобасының атауы;
      заң жобасының мақсаты;
      заң жобасының құрылымы;
      заң жобасының жаңалығы;
      2) заң жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау;
      3) заң жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау;
      4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге заң жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын талдау, соның ішінде заң жобасы ережелерінің макроэкономикалық тиімділікке, әлеуметтік дамуға, кәсіпкерліктің дамуына, саланың және/немесе елдің экономикалық қауіпсіздігіне ықпал етуін бағалау;
      5) жалпы қорытынды.
      31. Ғылыми сараптамаға бірнеше нормативтік құқықтық актілердің жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары ұсынылған жағдайда Ғылыми ұйым немесе Сарапшы нормативтік құқықтық акт жобасының немесе заң жобасы тұжырымдамасының әрқайсысы бойынша ғылыми сараптама жүргізеді және қорытынды жасайды.
      32. Сараптамалық қорытынды ғылыми сараптама жүргізген ұйымның фирмалық бланкісінде дайындалады, ал ғылыми сараптаманы ғылыми ұйым тартқан жеке тұлға жүргізген жағдайда, қорытындыда оның тегі, аты, әкесінің аты және оның құзыреті мен біліктілігін көрсететін деректер көрсетіледі.
      33. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргізген ғылыми ұйымның бірінші басшысы және тұлғалар немесе ғылыми сараптама жүргізген ғылыми ұйым тартқан жеке тұлға қол қояды.
      34. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтік құқықтық акт жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде жібереді.
      35. Егер ғылыми сараптама қорытындысында ескертулер және/немесе ұсыныстар қамтылған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган Сараптаманы ұйымдастырушымен келісім бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы дербес шешім қабылдайды.
      36. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар ғылыми құқықтық, криминологиялық сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде берілген ескертулер мен ұсыныстарды қарау жөнінде шаралар қабылдауға және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуға міндетті.
      Сарапшылардың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган оларды қабылдамау негіздемесімен бірге жобаны қосымша сараптамаға жібереді.
      Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 № 333; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      37. Нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ол бойынша сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерінің уәжді негіздемесін беруге тиіс. Әзірлеуші мемлекеттік орган тиісті негіздемелердің көшірмесін бір мезгілде Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға береді.

8. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру

      38. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Ғылыми сараптама жүргізу 
ережесіне қосымша     

Қабылданатын заң жобасының қолданылуының
әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі
паспорт

1. Жалпы ақпарат:
1.1. Әзірлеуші:______________________________________________________
1.2. Заң жобасының атауы:____________________________________________
1.3. Заң жобасының мақсаты:__________________________________________
_____________________________________________________________________
1.4. Құқықтық реттеу нысанасы________________________________________
1.5. Заңнама саласы:_________________________________________________
1.6. Заң жобасының түрі:_____________________________________________

Заң жобасының түрі

Саны

Сипаттамасы

Дербес



Өзгерістер мен толықтырулар енгізеді



Өзгерістер енгізеді



Толықтырулар енгізеді



Басқа заңды жоюға қояды



1.7. Заң жобасының қолданысы:

Заң жобасының қолданысы

Сипаттамасы

уақыт бойынша:


кеңістікте:


тұлғалар бойынша (нысаналы топ):


1.8. Заң жобасының заңнама мен экономиканың аралас салаларымен сәйкестігі:

Аралас салалар

Сәйкестігін сипаттау

Заңнаманың аралас салалары


Экономиканың аралас салалары


1.9. Заң жобалары нормаларының ақпараттылық коэффициенті:

Нормалар

Қолданыстағы редакция (бар болса)

Ұсынылатын редакция

Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім)

Nжаңа (жаңа ақпараты бар нормалардың саны)




Nжалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны)




Кақп. (нормалардың ақпараттылық коэффициенті) (сандық сипаттамасы)




Тұжырым (сапалық сипаттамасы)




1.10. Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті:

Нормалар

Қолданыстағы редакция (бар болса)

Ұсынылатын редакция

Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім)

Nдис.(коррупциогенді нормалар саны, сондай-ақ реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны)




Nанық тұж. (анық емес тұжырымдалған нормалардың саны)




Nтерм. (терминдер мен анықтамалары бар нормалардың саны)




Nсілт. (басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемелері бар нормалардың саны немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормалардың жоқтығы)




Nөзге. (әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен фразалары бар нормалардың саны)




Nжалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны)




Kбелг. (нормалар белгісіздігінің коэффициенті) (сандық сипаттамасы)




Тұжырым (сапалық сипаттамасы)




2. Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі:

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

Заң жобасының мақсаты

Сәйкестікті сипаттау

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары



Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы



Әзірлеуші органның стратегиялық жоспары



3. Әлеуметтік-экономикалық салдар:

Заң жобасының стратегиялық мақсаты:

Міндеттері

Міндеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелер

Нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелерге қол жеткізуге қажетті іс-қимылдар мен ресурстар

Нәтижелер бойынша тәуекелдер мен жорамалдар


---->


---->




---->


---->









Тұжырым:

Ақпарат көзі:

4. Пайда мен шығасыны талдау:

Талдаудың деңгейі:

Пайда

Шығасы

Нысаналы топ



Халық



Кәсіпкерлер



Мемлекет



5. Қаржыландыру көзі:

Қол жеткізу қаражаты

Болжамдалатын сома

Республикалық бюджет


Жергілікті бюджет


Ұлттық Қор


Басқа қаражат көздері


6. Қорытындылар:

1) Реттеу қандай проблеманы шешуге бағытталған?


2) Заң жобасында көзделген іс-қимылдың болмауы неге алып келеді және тәуекелдер қандай?


3) Осы саладағы реттеу тиімді ме? Тиімсіз болса, неліктен?


4) Қойылған міндетке қол жеткізу үшін қандай құралдарды пайдалануға болады?


5) Қойылған мақсатқа қол жеткізудің қандай балама нұсқалары бар және олар неліктен таңдалмаған?


6) Осындай реттеуге байланысты шығасылардан реттеуді енгізуден түсетін пайда артық па?


7) Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының қалай азаюы және/немесе ұлғаюы көзделеді?


8) Әр түрлі әлеуметтік топтар (нысаналы топтар) арасында шығасылар мен пайданы бөлу ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі?


9) Іске асыру үшін қандай органдар мен ұйымдар жауапты болады, тиімділікті бағалау қалайша және қандай мерзімде жүргізіледі?


Қорытынды тұжырым:


      Әзірлеуші _____________________________________________________
              (заң жобасын әзірлеуші ұйымның бірінші басшысының қолы)
      Жауапты адам:
      Байланыс телефоны:
      Күні:_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады