Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 маусым N 699. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (уәкiлеттi органның - РМК үшiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын:

      1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша - есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;

      жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей;";

      мынадай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдарды, сондай-ақ оған жарғылық капиталға мемлекеттің салымы ретiнде берiлген активтердi басқару туралы, ұйымның өз қызметiнiң көрсеткiштерiне еншiлес және/немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң ықпалы туралы жарты жылдық есептер берудi жүзеге асыруын;

      11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган алдында - РМК үшiн) алдында ұйымның жыл сайынғы және орта мерзiмдiк даму жоспарларының iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерiстер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейiн енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкiметiне берудi:

      1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша -

     

      есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей;

      жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен

      кешiктiрмей қамтамасыз етсiн.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi

      уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген

      ұйымдардың даму жоспарлары мен бизнес жоспарларының құрылымына және

      мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен

      бекiтсiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Қасымбеков Б.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады