Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 шілде N 756

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

        2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнiсi ғылым саласында санаткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру және мемлекеттiк монополияға жатқызылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру (өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласында қызмет көрсету) болып белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.29. N 886  қаулысымен .

      3. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитет белгіленсiн. 

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорын Жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң таратылып отырған "Қазақстан патенттік сараптама институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының кредиторлар талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкiн Кәсiпорынға берсiн; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады