Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 шілде N 839.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне енуiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "12 жылдық бiлiм беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" (бұдан әрi - кәсiпорын) республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны құрылсын. 

      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
      1) 12 жылдық бiлiм берудiң әдiснамасы мен мазмұндық теориясы негiздерiн анықтау;
      2) 12 жылдық бiлiм беруге көшу проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      3) бiлiм беру саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады