Байланыс формасы

"Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 874

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     "Адвокаттық қызмет туралы" 


Z970195_


  Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына

енгізiлсiн.



     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


                                                                    Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы

       "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына

                 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы


     1-бап. "Адвокаттық қызмет туралы" 


Z970195_


  Қазақстан Республикасының

1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң

Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат) мынадай

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     1) 5-бапта:

     1-тармақ:

     "келiсiмде" деген сөздiң алдынан "жазбаша" деген сөзбен

толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:

     "Келiсiм жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген

шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады."

     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "3. Адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеудiң және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң мөлшерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.";
      2) 7-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер "бiр жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "сондай-ақ босатылған күнiнен бастап бiр жыл бойы - тәртiптiк жағымсыз әрекет жасағаны үшiн құқық қорғау органынан босатылған адам" деген сөздер "босатылған күнiнен бастап бiр жыл бойы - тәртiптiк жағымсыз әрекет жасағаны үшiн құқық қорғау органынан босатылған адам, сондай-ақ лицензиясының күшi осы Заңда белгiленген тәртiппен тоқтатылған адам" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 8-баптың 3-тармағында:
      бiрiншi бөлiкте "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары ғана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тағлымдамадан өтушiлер адвокаттар алқасы төралқасының қаулысы негiзiнде адвокаттық қызметте кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi бар адвокаттарда тағлымдамадан өтедi.
       Тағлымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағлымдамадан өтушi арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады."
      4) 9-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi "сәйкес жүргiзедi" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына тарайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының күшiн тоқтата тұру не тоқтату және лицензияларын қайтарып алу туралы мәлiметтердi жариялайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-1-тармақ "судья болып жұмыс iстеген адамдар" деген сөздерден кейiн ",терiс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қабылдайды, ол бұйрық түрiнде ресімделедi."
      5) 11-бап мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қабылдайды, ол бұйрық түрiнде ресiмделедi. Адвокат, тиiстi сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешiм туралы хабардар етiледi.";
      6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Лицензияны керi қайтарып алу және оның күшiн жою
      1. Лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген жалпы негiздерден басқа, адвокаттың лицензиясын керi қайтарып алу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң талап арызы бойынша сот тәртiбiмен:
      1) адвокат қолданыстағы заң талаптары мен нормаларын өз кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде бiрнеше мәрте бұзған;
      2) адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшiн оған қатысты қылмыстық қуғындау ақтамайтын негiздемелер бойынша тоқтатылған;
      3) адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған;
      4) адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
      5) адвокат әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
      6) адвокат хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған;
      7) адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
      8) бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Аумақтық әдiлет органының ұсынымы осы баптың 1-тармағының 1)-7) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын керi қайтарып алу туралы талап арыз дайындау үшiн негiздеме болып табылады.
      Тиiстi адвокаттар алқасы төралқасының өтiнiшi ғана осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген жағдайларда адвокаттың лицензиясын керi қайтарып алу туралы талап арыз дайындау үшiн негiздеме болып табылады.
      Лицензияны керi қайтарып алу лицензияның күшiн тоқтатуға әкеп соқтырады. Лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiм тиiстi сот шешiмінiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығы түрiнде ресiмделедi.
      Лицензиясының күшi тоқтатылған адам, тиiстi сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешiм туралы хабардар етiледi.
      Лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкiн.";
      7) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Адвокаттың нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiктерi заң консультациясы немесе адвокат кеңсесi беретiн ордермен расталады. Өз қызметiн заңды тұлға құрмай жеке жүзеге асыратын адвокат ордердi дербес ресiмдейдi. Ордерде адвокат лицензиясының нөмiрi мен оның берiлген күнi мiндеттi түрде көрсетiледi.
      Адвокаттың Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу Кодексi 61-бабының бiрiншi бөлiгiнде санамаланған iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға өкiлеттiгi заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен берiлетiн сенiмхатпен расталады.
      Қазақстан Республикасының бекiтiлген тиiстi халықаралық шарты негiзiнде қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк адвокаттың өкiлеттiгi жеке басы куәлiгiмен, адвокат мәртебесiн белгiлейтiн құжатпен, сондай-ақ адвокат пен осындай көмек сұраған адам арасындағы заң көмегiн көрсету туралы келiсiммен расталады.";
      8) 14-баптың 2-тармағы "келiсiм" деген сөздiң алдынан "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын;
      9) 17-бапта:
      6-тармақтағы "жолығуға" деген сөз "жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта "заңда белгiленген" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 24-баптың 2-тармағы 1) тармақшасында "заң көмегiн" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) 29-баптың бiрiншi бөлiгi 3) тармақшадағы "төлеуге" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы есептi табыс етуге мiндеттi.";
      12) 31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) адвокат өзiнiң кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде қолданыстағы

 

заңдардың талаптары мен нормаларын бiрнеше мәрте бұзған;";

     13) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:

     "33-1-бап. Адвокаттық қызметтi жеке дара жүзеге асыру

     1. Кәсiби қызметтi жеке дара жүзеге асыруға шешiм қабылдаған адвокат

бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етедi. Хабарламада адвокаттың

аты-жөнi, оның тұрақты орналасқан жерi көрсетiледi.

     2. Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке дара жүзеге асыратын

адвокат банктерге есеп және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке

бланкілер ұстауға құқығы бар.".

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.


     Қазақстан Республикасының

     Президенті


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Икебаева А.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады