"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 тамыз N 898

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                               Жоба



 
                       Қазақстан Республикасының Заңы
           "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
               өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы"
 
      1-бап. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z970155_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 1-баптың 2-тармағы 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 4-баптың 1-тармақшасы "Нотариаттық iс жүргiзу" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жоғары заңгерлiк бiлiмi және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар, Әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста тағлымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариус бола алады.";
      3-тармақта "және 3-1)" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар, белгiленген тәртiппен әрекет етуге қабiлетсiз не әрекет етуге қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.
      Сондай-ақ өзiне қатысты ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған адам, сондай-ақ лицензиясы керi қайтарылып алғандықтан не нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде тәртiп бұзғаны үшiн мемлекеттiк нотариус қызметiнiң босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам үш жыл iшiнде нотариус бола алмайды.";
      4) 7-баптың 5-тармағы "заң бiлiмi бар" деген сөздерден кейiн "және Әдiлет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 8-баптың 6-тармағы "тұрақты судья болып жұмыс iстеп жүрген адамдар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 10-бапта:
      1-тармақ "әдiлет органдарының," деген сөздерден кейiн "нотариаттық палаталарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны керi қайтарып алу жөнiндегi талап-арыз iсiн қозғағанда;";
      3) тармақшадағы "паспорт деректерi және өзiнiң тұрғылықты жерiнiң өзгерiстерi туралы мәлiметтердi, олар өзгерген жағдайда" деген сөздер "өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi туралы, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан орны өзгерген жағдайда, оның өзгергенi туралы мәлiметтердi," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда;
      5) нотариус нотариаттық iс-әрекеттердi жасаған кезде заңнаманы бұзған жағдайда;";
      3-тармақта "лицензияның күшi қалпына келтiрiледi" деген сөздер

 

"лицензиар лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешім шығарады"

деген сөздермен ауыстырылсын;

     4-тармақ "нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына" деген сөздерден кейiн

"және нотариустың жеке мөрдi лицензиарға тапсыруына" деген сөздермен

толықтырылсын;

     7) 11-бапта:

     1) тармақша алынып тасталсын;

     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "3) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде қолданыстағы

заңнаманы бiрнеше мәрте бұзғанда немесе мемлекеттiң, заңды және жеке

тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңнаманы өрескел бұзғанда;";

     4) мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

     "5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда жалған немесе

қасақана бұрмаланған ақпаратты нотариустың беру фактiсi анықталғанда;

     6) лицензияның қолданылуы үш мәрте тоқтатыла тұрғанда;

     7) аттестаттаудың қорытындысы терiс болғанда";

     8) 12-бапта:

     1-тармақта:


 
       2) тармақша "өзгерткенде" деген сөзден кейiн "немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) нотариусқа қатысты ақтамайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;";
      5) тармақша "iс-әрекет жасауға қабiлетсiз" деген сөздерден кейiн "не iс-әрекет жасауы шектеулi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ "сондай-ақ лицензияны қайтарып алу жөнiнде" деген сөздерден кейiн "оны лицензиарға беру үшiн және нотариустың жеке мөрiн жою жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 15-бапта:
      1-тармақ "сақтандырған" деген сөзден кейiн ", нотариаттық палатаға мүше болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн анықтау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариус үш жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.
      Аттестаттаудан өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi.";
      5-тармақ алып тасталсын;
      10) 16-баптың 1-тармағында "34-бабындағы 1-тармақтың 1) (жылжымайтын мүлiк жөнiндегi мәмiлелердi куәландыру бөлiгiнде), 3), 4), 5), 6), 14), 15), 17)-тармақшаларында көзделген iс-әрекеттерге қатысты" деген сөздер "1-тармақта көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 17-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
      12) 21-бапта:
      3-тармақта "54, 55-баптарында" деген сөздер ", 54-бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "1-тармағында" деген сөздер "1 және 2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Нотариустың жеке мөрi, мөртаңбалары мен бланкiлерi.
      Нотариустың өзiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, ол өз кәсiби қызметiн жүзеге асыратын нотариаттық округтың атауы, лицензиясының нөмiрi мен берiлген күні (жеке нотариустың мөрi) немесе мемлекеттiк нотариаттық кеңсесiнiң (жеке нотариустың мөрi) атауы көрсетiлген жеке мөрі, куәландыру жазулары бар мөртабандары мен бланкiлерi болады.";
      14) 27-бапта:
      1-тармақта:
      3-тармақша "нотариаттық iс-әрекеттер" деген сөздердiң алдынан "жеке нотариустар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жеке нотариустың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру,

 

сондай-ақ оны керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгізедi;";

     6) тармақша "нотариустарды" деген сөздiң алдынан "жеке" деген сөзбен

толықтырылсын;

     8) тармақша "нотариусты" деген сөздiң алдынан "жеке" деген сөзбен

толықтырылсын;

     9) тармақша "нотариустардың" деген сөздiң алдынан "жеке" деген сөзбен

толықтырылсын;

     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "3. Нотариаттық палата жартыжылдық пен жылдық қорытындылар бойынша

өзiнiң қызметi туралы ақпаратты Республикалық нотариаттық палата мен

аумақтық әдiлет органына ұсынады.";

     15) 28-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "3) мүшелiк, мүше болу, мүшеліктi тоқтата тұру және одан айыру

шарттары мен тәртiбi, сондай-ақ мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен

жауапкершiлiгi;";

     16) 30-баптың 3 және 7-тармақтары алып тасталсын;

     17) 31-бапта:

     2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет

министрлiгi белгiлейдi.";

     18) 32-бапта:

     1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "1) аумақтық әдiлет органдарының республика нотариустарының халыққа

құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз

ету жөнiндегi қызметiне басшылық етудi, оны үйлестiру мен бақылауды жүзеге

асырады;";

     3) тармақша "Қазақстан Республикасы мұрағаттары мен құжаттаманы

уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органдарымен келiсу бойынша" деген сөздермен

толықтырылсын";

     мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

     "7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;";

     8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

     "8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және

түсiндiрме материалдар әзiрлейдi;";

     19) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу саласындағы

құзыретi

     1. Аумақтық әдiлет органы:

     1) мемлекеттiк нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;

     2) азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттiк нотариустардың

қызметтiк iс-әрекеттерiне арыздарды қарайды;


 
       3) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
      4) мемлекеттiк нотариустар жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
      5) нотариустың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру керi қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;
      6) нотариаттық палатаға жеке нотариусты жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгiзедi;
      7) жеке нотариустардың келу сипаттағы есептiк тiркеуiн жүргiзедi;
      8) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес нотариустардың, жеке мөрлерiн дайындауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды берудi жүргiзедi;
      9) осы Заңмен белгіленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
      1) нотариаттық округтегi жеке нотариустардың қызмет ету аумағын белгiлейдi;
      2) Әдiлет министрлiгiне бекiту үшін әрбiр нотариаттық округтегi нотариустардың саны туралы ұсыным енгiзедi;
      3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған және жеке

 

практикамен айналысуға ниет бiлдірген адамдардың резервiн қалыптастырады

және жеке нотариустың бос орнына орналастыру үшiн конкурстық iрiктеудi

жүргізеді;

     4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда

нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;

     5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

     6) нотариаттық практиканы қорытады;

     7) азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың iс-әрекеттерiне

арыздарын қарайды;

     8) жеке практикамен айналысатын нотариус жасайтын нотариаттық

іс-әрекеттердiң заңдылығын және оның iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды

жүзеге асырады;

     9) нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жеке нотариустарға аттестация

жүргiзедi.";

     20) 34-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда

жазылсын:

     "3-1) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;";

     21) 35-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

     22) 36-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

     23) 37-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Осы бапта көзделген өсиеттерге өсиетке қол қоятын куәгердiң

қатысуымен өсиет қалдырушы қол қоюға тиiс.";

     24) 47-бапта:

     баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

     "47-бап. Куәландыру жазбалар жасау, куәлiктер беру және қаулылар

шығару";

     1-тармақ "мәмiлелердi куәландыру" деген сөздерден кейiн "және

нотариаттық куәландырылған құжаттардың дубликаттарын берген" деген

сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

     "3. Мұраға сенiмгерлiк басқарушы тағайындалған кезде нотариус тиiстi

қаулы шығарады";


 
       25) 48-баптың 1-тармағының 1), 5) тармақшаларындағы "заңға" және "заң" деген сөздер "заңнамаға" және "заңнама" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 50-бап "нотариаттық куәлiктердi" деген сөздерден кейiн "және қаулыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      27) 55-бап алып тасталсын;
      28) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "61-бап. Мұрадан бас тарту немесе оған құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiштердi қабылдау
      Нотариус мұраны ашу орны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрадан бас тарту немесе оған құқықтар туралы куәлiктi беру туралы өтiнiштердi жазбаша нысанда қабылдайды.";
      29) 63-бапта "Нотариус немесе жергiлiктi атқарушы органның нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамы" деген сөздер "Нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын нотариус" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "64-бап. Мұралық мүлiктi қорғауға шаралар қолдану туралы тапсырма беру
      1. Мұра қалдырушының мүлкi немесе оның бiр бөлiгi мұра ашылған жерде болмаған жағдайда мұра ашылған жердегi нотариус мұралық мүлiк тұрған жердегi нотариуске оны қорғау жөнiнде шаралар қолдану туралы тапсырма жолдайды.
      2. Нотариус мұралық мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолдана отырып,

 

бұл туралы мұра ашылған жердегi нотариуске хабарлайды.";

     31) 65-бапта:

     1-тармақтағы "немесе жергiлiктi атқарушы органның нотариаттық

iс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамы" деген сөздер алып тасталсын;

     2-тармақта

     "немесе жергiлiктi органның нотариаттық iс-әрекеттер жасаушы

лауазымды адамы мұралық мүлiктi сақтаушыны тағайындайды" деген сөздер

"мұрагерлердiң немесе жергiлiктi атқарушы органының өтiнiшi бойынша мұраға

сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақта "Сақтаушы" деген сөз "Тұлға" деген сөзбен ауыстырылсын;

     32) 70-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

     33) 79-баптың 1-тармағы "қайшы келмейтiн" деген сөздерден кейiн "және

мәмiленi баяндауды бiлдiрмейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;

     34) 101-бапта "беруге" деген сөз "сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау

және берумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

     35) 105-баптың 1, 2-тармақтары алынып тасталсын;

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады