"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) нотариат мәселелерi бойынша толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 тамыз N 899

      Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінен қайтарылып алынды - ҚР Үкіметінің 2003.04.15. N 360 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) нотариат мәселелерi бойынша толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Жоба

           Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне
(Ерекше бөлiм) нотариат мәселелерi бойынша толықтыру
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат, 2002 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2002 жылғы 25 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мемлекеттiк мүлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңы ) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
     846-баптың 2-тармағы "жазбаша нысанда жасалады" деген сөздерден кейiн "және тараптардың бiреуi жеке тұлға болған жағдайда, нотариатта куәландырылуға тиiс" деген сөздермен толықтырылсын.
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады