2002 жылға арналған жергiлiктi инвестициялық жобалар және Астана қаласы жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 қыркүйек N 968

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 17 шiлдедегi N 1082 P001082_ қаулысымен бекiтiлген жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу рәсiмi жөнiндегi ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Жергiлiктi атқарушы органның қарызға алынатын қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Астана қаласының 2002 жылға арналған жергiлiктi инвестициялық жобаларына (бұдан әрi - Жергiлiктi инвестициялық жобалар) келiсiм берiлсiн:
      1) қаржыландыру көлемi 1000000000 (бiр миллиард) теңге Астана қаласында Есiл өзенiнiң сол жақ жағалауында муниципальдық тұрғын үй салу;
      2) қаржыландыру көлемi 270000000 (екi жүз жетпiс миллион) теңге Астана қаласында 700 оқу орнына арналған қосымша ғимаратты салу және N 4 қазақ мектеп-гимназиясын қайта жаңарту;
      3) қаржыландыру көлемi 967000000 (тоғыз жүз алпыс жетi миллион) теңге Астана қаласы жаңа әкiмшiлiк орталығының сулы-көгалды бульварының бiрiншi кезегiнiң құрылысын салу;
      4) қаржыландыру көлемi 363000000 (үш жүз алпыс үш миллион) теңге "ӘЖ-110 кВ Әуежай - 2-ЖЭО" әуе электр тарту желiсiн салу.
      2. Астана қаласы әкiмiнiң Жергiлiктi инвестициялық жобаларды iске

 

асыру үшiн "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш

туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы 


Z990464_


  Заңына

сәйкес белгiленген жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi шегiнде

жергiлiктi атқарушы органның 2600000000 (екі миллиард алты жүз миллион)

теңге көлемінде заңнамада белгіленген тәртіппен қарыз алу туралы ұсынысы

қабыл алынсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады