"Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1018

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                            Жоба



 
                        "Микрокредиттік ұйымдар туралы"
                       Қазақстан Республикасының Заңы
 
      Осы Заң кәсiпкерлiк қызметтiң түрi ретiнде микрокредиттердi беру бойынша қызметтi жүзеге асыруға байланысты қарым-қатынастарды реттейдi және коммерциялық және коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдардың құқықтық жағдайының, құру, қызмет, қайта ұйымдастыру және тарату ерекшелiктерiн белгiлейдi.
 
                       1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) микрокредиттік ұйым - осы Заңда белгiленген тәртiппен микрокредиттердi беру бойынша қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған заңды тұлға;
      2) микрокредит - микрокредиттік ұйымның заемшыларға осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен беретiн ақшасы;
      3) микрокредит бойынша заемшы (бұдан әрi - заемшы) - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға.
 
      2-бап. Микрокредиттiк ұйымдар туралы заңдар
 
      1. Микрокредиттiк ұйымдарды құру тәртiбi және қызметi туралы заңдар Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
      2. Шаруашылық серiктестiгiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестіктердiң және қорлардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде микрокредиттiк ұйымдарға таралады.
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен басқа ережелер белгiленсе, халықаралық шарт ережесi қолданылады.
 
      3-бап. Уәкiлетсiз қызметке және шындыққа сәйкес келмейтiн жарнамаға
             тыйым салу
 
      1. Микрокредиттiк ұйым ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның:
      1) банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан басқа, микрокредиттердi беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
      2) өз атауында, құжаттарда, хабарландыру мен жарнамада "микрокредиттік ұйым", "МКҰ" деген сөздердi немесе ол микрокредиттердi беру бойынша қызметтi жүзеге асыратындығын болжайтын олардың туынды сөздерiн пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Микрокредиттiк ұйымдарға жариялау күнiне шындыққа сәйкес келмейтiн қызметi жөнiнде жарнамалауға тыйым салынады.
 
                      2-тарау. МИКРОКРЕДИТТЕРДI БЕРУ
 
      4-бап. Микрокредиттердi беру
 
      1. Микрокредиттiк ұйым бiр заемшыға тиiстi қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есеп айырысу көрсеткiшiнiң бiр мың есе мөлшерiнен аспайтын, бiрақ бiр заемшыға микрокредиттiк ұйымның меншiк капиталы мөлшерiнiң жиырма бес процентiнен аспайтын мөлшерде микрокредиттер бередi.
      2. Осы Заң талаптарын сақтай отырып, микрокредиттi берудiң тәртібi мен талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредиттi беру туралы шартқа сәйкес қалыптасатын, микрокредиттiк ұйымның жоғары органы бекiткен микрокредиттердi беру ережесiнде белгiленедi.
      Микрокредиттi берген кезде төлем жасау, мерзiмділік және қайтару шарттары сақталуы тиiс.
      Микрокредиттiк ұйым өз қызметiн микрокредиттердi беру ережесi болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.
      3. Берiлген микрокредитті пайдаланғаны үшiн сыйақы ставкасы

 

микрокредитті беру мерзiмiне қарамастан, бiр жылға қайта есептегенде

көрсетiледi.

     5-бап. Микрокредиттік пайдалану мақсаты және оны беру жөнiндегi

            құжаттарды ресiмдеу

     1. Микрокредит Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн

мақсатта пайдаланыла алады.

     2. Микрокредиттiк ұйым микрокредитті мақсатты пайдалануға бақылауды

микрокредиттік ұйым және заемшы арасындағы келiсiм бойынша жүзеге асырады.

     3. Микрокредиттеу шарты жазбаша нысанда жасалады, оның бiр данасын

микрокредиттік ұйым заемшының кредиттiк құжаттар папкасында сақтайды.

     4. Микрокредиттеу шартында мiндеттi түрде мыналар болуы тиiс:

     1) микрокредиттік ұйымның және оның заемшының толық атауын қоса

алғанда, микрокредиттiк ұйым және заемшы туралы мәлiметтер;

     2) микрокредиттiң мақсаты (мақсатты кредиттi берген кезде);

     3) берiлетiн микрокредиттiң жалпы сомасы;

     4) микрокредиттi өтеу мерзiмi;

     5) микрокредиттi өтеу тәсiлi (бiр мезгілде не бөлек-бөлек);

     6) қамтамасыз ету тәсiлдерi (ол болған кезде);

     7) сыйақы ставкаларының мөлшерi, оның iшiнде микрокредит бойынша

жылдық сыйақы ставкасының мөлшерi.

     6-бап. Микрокредиттi беру туралы шартқа қатысушылардың

            мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi


 
       1. Микрокредиттi беру туралы шартқа қатысушылардың мiндеттемелерiн орындауы Қазақстан Республикасының заң актілерiнде немесе микрокредиттi беру туралы шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
      2. Заемшының берiлген микрокредит бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету ретiнде микрокредиттiк ұйымның кепiлiне берілетiн мүлiк Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен бағалануы тиiс.
 
      7-бап. Микрокредиттік ұйымның құқықтары мен мiндеттерi
 
      1. Микрокредиттік ұйым:
      1) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етусiз микрокредиттердi беруге, оның iшінде берiлген микрокредит үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және талаптарда мүлiктi кепiлге қабылдауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредитті беру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      2. Микрокредиттiк ұйым:
      1) орналасқан жерi немесе атауы өзгерген жағдайда заемшыларды, мұндай өзгерiстер болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хабарландыру жариялау арқылы немесе микрокредиттік ұйым белгiлеген өзге де тәсiлмен хабардар етуге;
      2) микрокредиттердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және танысуға мүмкiн болатын жерде орналастыруға;
      3) заемшы микрокредитті алғанға дейiн микрокредитті алуға және оған

 

қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оған хабардар етуге;

     4) заемшыны микрокредиттi алуға байланысты оның құқықтары мен

мiндеттерi туралы хабардар етуге;

     5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де

талаптарды сақтауға мiндеттi.

     8-бап. Заемшының құқықтары мен мiндеттерi

     1. Заемшы:

     1) микрокредиттік ұйымның микрокредиттердi беру ережесiмен танысуға;

     2) егер өзгеше микрокредитті беру туралы шартта көзделмесе, алған

микрокредиттi өз қарауына қарай пайдалануға;

     3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарға

ие болуға құқылы.

     2. Заемшы:


 
       1) алған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны

 

микрокредитті беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртіппен

төлеуге;

     2) микрокредит ұйымы осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен

мәлiметтердi беруге;

     3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды

орындауға мiндеттi.

     9-бап. Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша міндеттемелердi тоқтату

     Микрокредиттi беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан

Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады.

        3-тарау. МИКРОКРЕДИТТІК ҰЙЫМДАРДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI

     10-бап. Микрокредиттiк ұйымның құқықтық жағдайы

     1. Коммерциялық микрокредиттiк ұйым шаруашылық серiктестiк нысанында

құрылуы мүмкiн.


 
       2. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым қоғамдық қор нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым ерекше жағдайда шағын кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың қызметтерiн қамтамасыз ету мақсатында және осы Заңға сәйкес оларға қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылады.
      Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн коммерциялық емес микрокредиттiк ұйым микрокредиттер беру бойынша кәсіпкерлiк қызметтi және осы Заңда көзделген қызметтiң қосымша түрлерiн жүзеге асыруға құқылы. Коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдардың табысы мүшелер (қатысушылар) арасында бөлiнбейдi және осы Заңда көзделген қызмет мақсатына жiберiледi.
      3. Микрокредиттiк ұйымға бағалы қағаздарды шығаруға тыйым салынады.
 
      11-бап. Микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру
 
      1. Микрокредиттік ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн оны мемлекеттiк тiркеу сәтiне тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен толық төлеуге мiндеттi.
      2. Құрылатын микрокредиттiк ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгi мөлшерi тиiстi қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есеп айырысу көрсеткiшiнiң бiр мың есе мөлшерiнен кем болмауы тиiс.
      3. Осы баптың талаптары коммерциялық емес микрокредиттiк ұйымдарға

 

таратылмайды.

     12-бап. Микрокредиттік ұйымның атауы

     1. Микрокредиттік ұйымның толық атауында "микрокредиттiк ұйым" деген

сөздер немесе олардың туынды сөздерi мiндеттi түрде болуы тиiс.

     2. Микрокредиттiк ұйымның қысқартылған атауында "МКҰ" аббревиатурасы

мiндетті түрде болуы тиiс.

     13-бап. Микрокредиттердi беру ережесi

     Микрокредиттердi беру ережесiнде мынадай мәлiметтер қамтылуы тиiс:

     1) микрокредиттердi беру мерзiмi;

     2) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шектеулi

көлемі;

     3) берілген микрокредиттер бойынша сыйақыны төлеу тәртiбi;

     4) микрокредиттік ұйым қабылдап алатын қамтамасыз етуге қойылатын

талаптар (ол болғанда);

     Микрокредиттерді беру ережесiнде микрокредиттердi берудiң өзге

талаптары және Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келмейтiн

мәлiметтер болуы мүмкiн.

     14-бап. Iшкi бақылау қызметi

     1. Микрокредиттiк ұйымның өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiне бақылау

жасауы үшiн iшкi бақылау қызметi құрылуы тиiс.

     2. Микрокредиттiк ұйымның iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбiн

микрокредиттік ұйымның iшкi құжаттары белгiлейдi.

     15-бап. Микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң қосымша түрлерi


 
       Микрокредиттiк ұйымдар микрокредиттердi беру бойынша қызметтi жүзеге асыруға қосымша мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыра алады:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерінен заемдар мен гранттар тарту;
      2) уақытша еркiн активтердi мемлекеттік бағалы қағаздарға,

 

корпоративтi бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне

және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да

тәсілдермен орналастыру;

     3) микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлге салынған

мүлiкпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен

мәмiлелердi жасау;

     4) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу;

     5) өзiнiң мүлкін сату;

     6) микрокредиттеу қызметiне байланысты мәселелер бойынша

консультациялық қызмет көрсету;

     7) өзiнiң мүлкін жалға беру;

     8) лизинг қызметін жүзеге асыру;

     9) өтеусiз негiзде оқыту.

     16-бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттаманы жүргізу тәртiбi

     1. Микрокредиттiк ұйым әрбiр берiлген микрокредиттi заемшылардың

тiркеу журналында тiркейдi.

     2. Микрокредит алу үшiн заемшы осы баптың 3-тармағында көзделген

құжаттарды ұсынады.


 
       3. Микрокредиттiк ұйым әрбiр берiлген микрокредит бойынша микрокредиттi беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап жасалатын кредиттік құжаттар папкасын жүргізуi тиiс.
      Кредиттiк құжаттар папкасында мыналар болуы тиiс:
      1) заемшы қол қойған өтiнiш, онда микрокредитті пайдалану мақсаты (мақсатты микрокредит берiлген жағдайда), микрокредитті қайтарудың қамтамасыз етуi ретiнде берiлуi мүмкін құны көрсетiлген мүлік туралы не қамтамасыз етудiң болмауы туралы мәлiметтер болады;
      2) заемшының (заңды тұлғалар үшін) белгіленген тәртiппен расталған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
      3) заемшының (жеке тұлғалар үшін) жеке басын куәландыратын куәлiктiң көшiрмесi;
      4) заемшының атынан микрокредиттi беру туралы шартқа қол қоятын тұлғаның, егер осы тұлға заемшының өкiлi болып табылса, өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
      5) жасалған микрокредитті беру туралы шарттың түпнұсқасы;
      6) заемшының жұмыс орнынан еңбекақының мөлшерi жөнiндегі анықтама не уәкiлеттi мемлекеттік органның тұрақты немесе уақытша жұмыс орнының болмауы жөнiндегi анықтама (жеке тұлғалар үшін).
      4. Егер берiлген микрокредит мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлсе, кредиттiк құжаттар папкасында мынадай құжаттар болуы тиiс:
      1) жасалған кепiл туралы шарттың түпнұсқасы;
      2) кепiлге салынған мүлiктің құнын бағалау жөнiндегі құжат.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік тiркеуге алынатын мүлiк кепiлi осы мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын органда тiркелуi тиiс.
      5. Мiндеттемесiн орындау кепiлмен немесе кепiл берумен қамтамасыз етiлген микрокредит бойынша кредиттiк құжаттар папкасына мынадай қосымша құжаттар қоса берiледi:
      1) кепiл шартының немесе кепiл беру шартының түпнұсқасы;
      2) кепiл атынан кепiл шартына немесе кепiл берушi атынан кепiл беру шартына қол қоятын тұлғаның өкiлеттігін растайтын құжаттар.
      6. Микрокредит бойынша берешектi толық немесе iшiнара өтеу фактісiн растайтын құжаттар кредиттiк құжаттар папкасына қоса берілуi және микрокредитті өтеу көзiн (заемшы аударған не кепiлге салынған мүлiктi сатудан түскен ақша) көрсетуi тиiс.
      7. Микрокредиттiк ұйым заемшыдан осы Заңға сәйкес кредиттiк құжаттар папкасын жүргiзуге қажеттi қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
 
      17-бап. Микрокредиттi беру құпиясы
 
      1. Микрокредиттi беру құпиясына заемшылар, микрокредиттердiң мөлшерi, заемшыға қатысты микрокредиттi беру туралы шарттың өзге де талаптары туралы және микрокредиттік ұйымның операциялары жөнiнде (микрокредиттердi беру ережесiнен басқасы) мәлiметтер кiредi.
      Микрокредиттерді беру құпиясына тарату барысындағы микрокредиттiк ұйым жасаған микрокредиттi беру туралы шарттары жөнiндегі мәлiметтер жатпайды.
      2. Микрокредиттiк ұйымдар микрокредиттеу құпиясына кепiлдiк бередi.
      3. Микрокредиттi беру құпиясы заемшыға, кез келген үшiншi тұлғаға және заемшының жазбаша келiсiмi негiзiнде, сондай-ақ төменде көрсетiлген негiздемелер бойынша осы баптың 4-5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкін.
      4. Заемшылар, микрокредит мөлшерi туралы, заемшыға қатысты микрокредиттi беру туралы шарттың өзге де талаптары, микрокредиттiк ұйым жүргiзетiн операциялар жөнiндегi мәлiметтер:
      1) жауап алу және алдын ала тергеу органдарына: бiрiншi басшы немесе тергеуші қол қойған, жауап алу немесе алдын ала тергеу органының мөрiмен расталған және прокурор рұқсат берген жазбаша сұрату негiзiнде оларда қаралып жатқан қылмыстық iстер бойынша;
      2) соттарға: соттың белгiлеуi, қаулысы, шешiмi және үкiмi негiзiнде оларда қаралып жатқан iстер бойынша;
      3) прокурорға: оның қарауындағы материал бойынша, оның құзыретi

 

шегiнде, тексеру жүргiзу туралы қаулысы негiзiнде;

     4) салық органдарына: нұсқау негізiнде тексерiлетiн тұлғаға салық

салу мәселелерi бойынша;

     5) заемшының өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде

берiледi.

     5. Сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көзделген тұлғаларды қоспағанда,

заемшы қайтыс болған жағдайда, заемшы, микрокредит мөлшерi, заемшыға

қатысты микрокредит беру шартының өзге де талаптары жөнiндегi мәлiметтер

жазбаша сұрату негiзiнде:

     1) заемшы өсиетінде көрсеткен тұлғаларға;

     2) нотариустарға: оларда қаралып жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;

     3) шетелдiк консулдық мекемелерге: оларда қаралып жатқан мұрагерлiк

iстер бойынша берiледi.

     18-бап. Есепке алу және есеп беру


 
       1. Микрокредиттiк ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес өзi жүргiзетiн операцияларды есепке алады.
      2. Микрокредиттiк ұйымның салық есебiн қоспағанда, қаржылық және өзге

 

де есептің тiзбесiн, нысандарын және ұсыну мерзiмiн олардың құзыретiне

сәйкес уәкiлетті мемлекеттiк органдар белгілейдi.

     3. Микрокредиттiк ұйым салық есебiн Қазақстан Республикасының салық

заңдарына сәйкес ұсынады.

     19-бап. Құжаттарды сақтау

     Микрокредиттiк ұйым оның қызметіне байланысты құжаттарды Қазақстан

Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес есепке алуды және сақтауды

қамтамасыз етуге мiндеттi.

     20-бап. Микрокредиттiк ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату

     Микрокредиттік ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан

Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

                     4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     21-бап. Микрокредиттiк ұйымдардың қызметiне мемлекеттiк бақылау


 
       Микрокредиттік ұйымдардың қызметіне мемлекеттiк бақылауды

 

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мемлекеттік

органдар және осыған Қазақстан Республикасының заңдары арнайы құқық берген

лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.

     22-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi

     1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген және

микрокредиттердi беретін заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енген күннен

бастап алты ай iшiнде осы Заңда көзделген талаптарды сақтай отырып әдiлет

органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтулерi не қайта тiркелулерi тиiс.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады