Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 қыркүйек N 1060. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацында "ведомстволары" деген сөз "ведомствосы" деген сөзбен ауыстырылсын, "Инвестициялар жөнiндегi комитет" деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақтың 6-1) тармақшасы алынып тасталсын;
      11-тармақта:
      9) тармақшадағы ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты жөнiндегi мәселелерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      9-1) тармақша алынып тасталсын.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 166  қаулысының  1, 2-тармақтары;
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 маусымдағы N 628  қаулысы .

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады