Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi N 930 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы N 1113 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.24  N 387  (қолданысқа енгізілу тәртібін  10-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 5 шiлдедегі N 930  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеге:
      11-тармақ 8) тармақшасындағы "жүргізу" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын бақылау";
      12-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсi;";
      17) тармақшадағы "республикалық мемлекеттiк органдардың" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын, "және иелiк ету" деген сөздер алынып тасталсын;
      13-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға;";
      7) тармақшадағы "мемлекеттiң қатысуымен ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен санациялауға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтаған экономиканың стратегиялық салаларындағы республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және жекешелендiрiлген ұйымдарды тиiмдi басқарудың мониторингiн жүргiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшадағы "органдардың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басшылық
      Республикалық мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сату басқармасы
      Жекешелендiруден кейiнгi бақылау басқармасы
      Мемлекеттiк меншiктi басқару әдiснамасы және оны жетiлдіру басқармасы
      Мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөнiндегi басқарма
      Республикалық мемлекеттiк заңды тұлғалармен жұмыс жөнiндегi басқарма
      Заң басқармасы
      Ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс басқармасы
      Республикалық бюджеттiң кiрiсiне ақшаның түсуiн бақылау бөлiмi".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады