Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 қазан N 1148

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 
29 қазандағы          
N 1148 қаулысымен     
бекітілген            

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 желтоқсандағы N 1502  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 51, 490-құжат):
      1-тармақтың екінші абзацы және 2-тармақ алынып тасталсын.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .
 

      4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 704  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 20, 215-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына берілетін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 75, 76, 77, 78, 79, 80-жолдармен толықтырылсын:
"75.  Қазақ балық шаруашылығы               Алматы қаласы
      ғылыми-зерттеу институты
76.   Қазақ орман шаруашылығы               Ақмола облысы,
      және агроорман мелиорациясы           Щучинск қаласы
      ғылыми-зерттеу институты
      филиалдарымен
77.   Алматы орман тәжірибе                 Алматы қаласы
      станциясы
78.   Алтай орман тәжірибе                  Шығыс Қазақстан
      станциясы                             облысы,
                                            Риддер қаласы
79.   Кондратов тәжірибе-үлгілік            Солтүстік Қазақстан
      орман питомнигі                       облысы,
                                            Мамлют ауданы
80.   Ө.Ө.Оспанов атындағы                  Ақмола облысы,
      Топырақтану институты"                Шортанды ауданы,
                                            "Научный" кенті".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады