Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қараша N 1233.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бөлінетін материалдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату болып белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.02.27. N 208 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорын жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.";
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 ; 05.08.2013 № 796 қаулыларымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
 
Премьер-Министрі
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады