"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 қараша N 1254

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба    

Қазақстан Республикасының Заңы

"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      1) 11-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қорға сақтандыру ұйымдарының мiндеттi қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін.";
      2) 37-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) егер сақтандыру ұйымының мұндай қорға мiндетті түрде қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгiленген болса, мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қорға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесiн табыс етуге тиiс.";
      екіншi бөлігiнде "5) - 8)" сандары ", 10)" санымен толықтырылсын;
      3) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) мiндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қорға міндеттi немесе төтенше жарналарды соңғы он екi айдың iшiнде екi және одан да көп төлемеген, уақтылы төлемеген не толық төлемеген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуы алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрады.";
      4) 72-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы "талаптары" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ жүзеге асырылған кепiлдiк төлемдерi бойынша, мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қордың талаптары" деген сөздермен толықтырылсын.
      2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады