Мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiне және әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 желтоқсандағы N 1365 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 481 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.18 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерiнің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мерзiмдi қызметтің әскери қызметшiлерiне және әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почталық жөнелтiлiмдер үшiн ақшалай өтемақы мөлшерi айына 130 теңге сомасында бекітілсiн. <*>
       Ескерту. Тақырыбы және 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912   қаулысымен .

      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады