Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 және 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1405 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) <*>
      2) "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
      1-тармақта:
      "уәкілетті органдар" деген сөздер "мемлекеттік басқару органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1), 2), 3), 4), 9), 10), 11) тармақшалардағы "(уәкілетті органның - РМК үшін)", "(уәкілетті орган - РМК үшін)", "(уәкілетті органмен - РМК үшін)", "(уәкілетті орган алдында - РМК үшін)" деген сөздер тиісінше "(мемлекеттік басқару органының - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органы - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін)", "(мемлекеттік басқару органы алдында - РМК үшін)" деген сөздермен ауыстырылсын.
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.20. N 565   қаулысымен .
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады