"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 29 желтоқсан N 1417

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне ипотекалық кредиттeу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195-құжат; 205-құжат; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат):
      1) 51-баптың бiрiншi бөлiгінiң 3) тармақшасы "үшiншi кезекте" деген сөздерден кейiн "тарату массасына енгiзiлмейтiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредиторлармен есеп айырысу үшiн жiберiлетiн кепiлдi қамтамасыз ету ипотекалық облигациялар иелерiнiң - кредиторлардың талаптарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 308-баптың екiншi бөлігінiң екiншi абзацы ", банктiк заем шарты тараптары шарт бойынша сыйақы мөлшерiн немесе есептеу тәртiбiн, сондай-ақ осыған байланысты iс-әрекеттердi өзгерту және өтеу мерзiмiн өзгертудi қоса алғанда, төлем кестесiн өзгерту мүмкiндiгi көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 347-бап "басқа жағдайда" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ егер осы кодексте немесе тараптардың шартында өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; N 10, 102-құжат):
      718-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және микрокредиттiк ұйымдар ғана сыйақыны ақшалай нысанда төлеу шартымен заем берудi жүзеге асыра алады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады