Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1431

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Республикалық ветеринариялық зертхана" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасы;
      2) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспалары тiркеу сынағынан, байқап тексеруден өткiзу, сондай-ақ шағым болған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Ветдез" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қызметiнiң негiзгi мәнi:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою;
      2) мемлекеттiк шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау;
      3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау болып белгiленсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Республикалық ветеринариялық зертхана" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдiснама ұлттық орталығы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдiснама ұлттық орталығы" мемлекеттiк мекемесi қызметiнiң негiзгi мәнi:
      1) ветеринарияда пайдаланылатын депониттi Микроорганизмдер штамдарының ұлттық коллекциясын енгiзумен бiрге, жануарлар ауруларының диагностикасы жөнiндегi референттiк және әдiснамалық функциялар;
      2) Қазақстан Республикасындағы жабайы жануарлар ауруларының эпизоотиялық мониторингi болып белгiленсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық органдарын штат санының бекiтiлген лимитi мен оларды ұстауға көзделген қаражат шегiнде шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерi болып табылатын ветеринариялық бақылау бекеттерi бар Астана қаласына көшiре отырып, Солтүстiк-Батыс аймақтық шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау басқармасы және Алматы қаласында Оңтүстiк-Шығыс аймақтық шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау басқармасы - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне қайта ұйымдастырылатын кәсiпорындардың жарғыларын бекiтуге енгiзсiн;
      2) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      10. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 5, 6-тармақтар мен 8-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады