Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1448.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесі бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1448 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк
мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан
алынатын түсiмдердi пайдалану
ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрi - мамандандырылған күзет бөлiмшелерi) қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

2. Қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi
пайдалану тәртiбi

      2. Мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң ақылы қызметтердi сатудан алатын қаражаты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында ашылған, мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерiнiң "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шоттарына есептеледi және осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес мақсатты пайдалану бойынша қатаң жұмсалады.

      3. Ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен кiрiс жоспарлары мен шығыстарды қаржыландыру жасалады және бекiтiледi.

      4. Мамандандырылған күзет бөлiмшелерi ұсынатын ақылы қызметтердi сатудан алынатын түсiмдер:

      лауазымдық жалақыны; арнайы атағы үшiн қосымша ақыны; сыныптық бiлiктiлiгi үшiн; қызметтi өткерудегi ерекше жағдайлар үшiн үстеменi; экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн қосымша ақыны; демалыс ақысын; пайдаланылмаған демалысы үшiн берiлетiн өтемақыны; жалақыдағы айырмашылықты; лауазымдарды қоса атқарғаны үшiн қосымша ақыны; түнгi уақыттағы, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысы үшiн ақыны қамтитын негізгі жалақыны төлеуге;

      мамандандырылған күзет бөлiмшелерiн смета бойынша ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен басшының шешiмi бойынша материалдық көмекке, сыйақыға және өзге де ынталандыруға арналған төлемдерге; мерзiмнен тыс жұмыс уақытының ақысына;

      сауықтыру үшiн жәрдемақыға; қызметтiк ауысулар кезiнде берiлетін көтерме жәрдемақыға; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақыға; мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде қайтыс болған (өлген) немесе мертiккен жағдайда бiржолғы өтемақы төлеуге; жұмыстан босатылған кездегi бiржолғы жәрдемақыға; арнайы атақтары жоқ қызметкерлердiң еңбек жағдайларына берілетiн қосымша ақы мен үстемеге;

      мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін мiндеттi зейнетақы жарналарына;

      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге;

      автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жарналарына;

      азық-түлiк тағамдарын сатып алуға;

      дәрi-дәрмектердi және басқа да медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алуға;

      заттық мүлiктердi және басқа да нысанды әрi арнайы киiм-кешектi сатып алуға, тігуге және жөндеуге;

      қызметтiк iс-сапарларға;

      үй-жайды және жабдықтарды жалға алу ақысына;

      бiрлiгiнiң құны 40 есе айлық есептік көрсеткiштен аспайтын тауарларды сатып алуға;

      коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтерiне ақы төлеуге;

      көлiк қызметтерiне ақы төлеуге;

      үйлердi, ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негiзгі құралдарды ұстауға, оларға қызмет көрсетуге, ағымдағы және күрделi жөндеуге;

      заңды және жеке тұлғалар шарт бойынша көрсететiн қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге, банктiк қызметтерге ақы төлеуге; оқу шығыстарына;

      мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерiн жерлеуге арналған шығындарға; айыппұлдарға, тұрақсыздық айыппұлдарына; мәдени, спорттық және басқа да iс-шаралар жеңiмпаздары мен қатысушыларына сыйлықтар, естелiк сыйлықтар және ақшалай сыйлықтар беруге; автокөлiк құралдарының мiндеттi техникалық тексерулерiне; заң қызметтерiн көрсетулерге;

      мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң үйлерiн ұстауға және коммуналдық қызметтерге өтемақы төлеуге; жұмысшылар мен қызметшiлерге өздерiнiң еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты болған мертiккен не денсаулығының өзге де зақымдануына келтiрген шығындарды өтеуге; заңды және жеке тұлғалар күзететiн мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң кiнәсiнен жол берiлген ұрлықтарға байланысты шығындарды өтеуге;

      бiрлiгiнiң құны 40 есе айлық есептiк көрсеткiштен асатын өзге де тауарларды, соның iшiнде автокөлiк, қару-жарақ, арнайы мақсаттағы құралдарды, байланыс құралдарын - стационарлық, ұтқыр және тасымалды радиостанцияларды сатып алуға;

      күзетке қатысты жануарларды ұстауға пайдаланылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Ақылы қызметтердi сатудан түсетiн қаражатты есепке алу және олардың пайдаланылуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил использования поступлений от реализации услуг, предоставляемых государственными учреждениями специализированными охранными подразделениями органов внутренних дел Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 1448.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования поступлений от реализации услуг, предоставляемых государственными учреждениями специализированными охранными подразделениями органов внутренних дел Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2002 года N 1448

Правила
использования поступлений от реализации услуг,
предоставляемых государственными учреждениями
специализированными охранными подразделениями
органов внутренних дел Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок использования поступлений, получаемых от реализации услуг государственными учреждениями специализированными охранными подразделениями органов внутренних дел Республики Казахстан (далее - специализированные охранные подразделения).

2. Порядок использования поступлений,
получаемых от реализации услуг

      2. Средства, получаемые специализированными охранными подразделениями от реализации платных услуг, зачисляются на текущие счета государственных учреждений специализированных охранных подразделений "Средства от платных услуг", открытые в органах Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан и расходуются строго по целевому назначению согласно пункту 4 настоящих Правил.

      3. Для расходования средств от реализации платных услуг составляются и утверждаются планы доходов и финансирования расходов в порядке, устанавливаемом Министерством финансов Республики Казахстан.

      4. Поступления, получаемые от реализации платных услуг, предоставляемых специализированными охранными подразделениями, используются на:

      выплату основной заработной платы, включающую: должностной оклад; доплату за специальное звание; надбавки за классную квалификацию; надбавки за особые условия прохождения службы; доплаты за проживание в зонах экологического бедствия; оплату отпуска; компенсацию за неиспользованный отпуск; разницу в заработной плате; доплату за совмещение должностей; оплату за работу в ночное время, в выходные и праздничные дни;

      по решению руководителя на материальную помощь, премии и иные стимулирующие выплаты за счет экономии средств, предусмотренных на содержание специализированных охранных подразделений по смете; оплату сверхурочной работы;

      пособие для оздоровления; подъемное пособие при служебном перемещении; компенсации, предусмотренные законодательством Республики Казахстан; выплату единовременной компенсации в случае гибели (смерти) или увечья сотрудников специализированных охранных подразделений в период исполнения ими служебных обязанностей или служебного долга; единовременное пособие при увольнении; доплаты и надбавки за условия труда работникам, не имеющим специальных званий;

      обязательные пенсионные взносы сотрудников специализированных охранных подразделений в единый накопительный пенсионный фонд;

      налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      взносы на обязательное страхование гражданско-правовой ответственности владельцев автотранспортных средств;

      приобретение продуктов питания;

      приобретение медикаментов и прочих средств медицинского назначения;

      приобретение, пошив и ремонт предметов вещевого имущества и другого форменного и специального обмундирования;

      служебные командировки;

      оплату аренды помещений и оборудования;

      приобретение товаров, стоимость за единицу которых не превышает 40-кратный месячный расчетный показатель;

      оплату коммунальных услуг и услуг связи;

      оплату транспортных услуг;

      содержание, обслуживание, текущий и капитальный ремонт зданий, сооружений, помещений, оборудования и других основных средств;

      оплату услуг и работ, оказываемых юридическими и физическими лицами по договору; оплату банковских услуг; учебные расходы;

      затраты на погребение умерших или погибших сотрудников специализированных охранных подразделений; штрафы, неустойки; призы, памятные подарки и денежные вознаграждения победителям и участникам культурных, спортивных и других мероприятий; обязательный техосмотр автотранспортных средств; юридические услуги;

      компенсационные выплаты на содержание жилища и коммунальные услуги сотрудникам специализированных охранных подразделений; возмещение ущерба, причиненного рабочим и служащим увечьем либо иным повреждением здоровья, связанного с исполнением ими трудовых обязанностей; возмещение убытков охраняемым юридическим и физическим лицам, в связи с кражами, допущенными по вине специализированных охранных подразделений;

      приобретение иных товаров, стоимость за единицу которых превышает 40-кратный месячный расчетный показатель, в том числе автотранспорт, вооружение, средства специального назначения, средства связи - стационарные, мобильные и носимые радиостанции;

      содержание животных, задействованных в охране.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 18.10.2013 № 1115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      5. Учет средств, поступающих от реализации платных услуг и отчетность об их использовании, осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.